Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан мұнай қабылдауды тоқтатты БАҚ
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы танкерлерге жасалған шабуылдан кейін Қазақстаннан мұнай қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Reuters ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Хабарламада терминалдың мұнай қоймалары толғаны айтылды.
Каспий құбыр консарциумы Sputnik Қазақстан сауалына түсініктеме беруден бас тартты.
Бұған дейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 17 және 19 шілдеде Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының (КҚК) инфрақұрылымы арқылы мұнайды заңды түрде тасымалдауға тартылған азаматтық кемелерге ұшқышсыз ұшу аппараттарының жасаған шабуылдарын қатаң айыптады.
"Қара теңіз акваториясына КҚК терминалдарында мұнай тиеу мақсатында кіретін азаматтық кемелер туралы ақпарат алмасудың барлық мүдделі тараптар бұрын келіскен тетігінің әдейі ескерілмегені ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл азаматтық кемелер экипаждарының өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндірді", - деді сыртқы істер министрлігінде.
КҚК терминалында қазақстандық мұнайды тиеу бұған дейін де уақытша тоқтатылды. Энергетика министрлігі маңызды энергетикалық инфрақұрылымның азаматтық нысандарына мұндай шабуылдар жасалуына жол берілмеу керек деп санайды. Тиеу айлақтарына зақым келген жоқ, деп толықтырды ведомствода.
Еске салайық, Каспий құбыр консорциумының құбыры арқылы Қазақстаннан экспорттық мұнайдың 80%-ы жіберіледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 13:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















