Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Каспий тайызданып барады: NCOC дің тереңдету жобасы көпті алаңдатып отыр

Каспий тайызданып барады: NCOC дің тереңдету жобасы көпті алаңдатып отыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

NCOC компаниясының «Қашаған кен орны нысандарын орналастыру. Теңіз кешені. Тереңдету түбін жөндеу» жобасын қоғам назарына ұсынғанына біраз болды. Өткен жылы бірнеше кездесу болса, жуықта тағы бір дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында компания жүргізген зерттеудің нәтижесін бөлісті.

NCOC компаниясының видеосынан скрин

Олардың мәліметінше, 2021 мен 2024 жылдар аралағында Каспий теңізінің деңгейі 20 сантиметрге түскен. 2025 жылғы көрсеткіш 14 сантиметрді құраған. Ал 2005 пен 2020 жыл аралығында теңіз деңгейі жыл сайын 10-11 сантиметрге төмендеп отырған.

Каспийдың бүгінгі деңгейі Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру процесіне әсер етпей қоймайды. Теңіз нысандары орналасқан аймақтың тайыздануы Қашаған кен орнындағы кеме қатынасын едәуір шектейді. Өйткені, кен орнына қажетті заттар мен жұмысшылар 2022 жылы қазылған навигациялық жолдар арқылы кемелермен жеткізіледі.

NCOC компаниясының видеосынан скрин

Енді NCOC осы жолға түп тереңдету жұмысын жүргізбек ниетте. Жоба бойынша су түбін тереңдету жұмысын NCOC аралдарына тікелей өтетін ұзындығы 32 км алаңда және алаңдар арасындағы ұзындығы 24 км болатын аумақта жүргізу жоспарланып отыр. 

Жұмыс ауданы 29 шаршы шақырым алаңға әсер етеді. Бұл — Солтүстік Каспий ауданының 0,036 пайызы ғана.

NCOC компаниясының видеосынан скрин

— 2024 жылдың желтоқсан айында және 2025 жылы Каспий теңізінің деңгейі желдің әсерінен (желшегерме-желкөтерме құбылысы) екі рет күрт төмендеді. Бұл жағдайлар өндірістік және персоналдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кері әсер етіп, теңіз кешенінің тоқтап қалу қаупін айтарлықтай арттырды. 2026 жылға арналған болжам бойынша су деңгейінің орташа жылдық төмендеуі 15 сантиметрден асады. Тіпті одан да көп болуы мүмкін. Бұл Каспий жүйесі бойынша шамамен минус 1,5 метр белгісіне сәйкес келеді. Орташа жылдық лайлану көлемі 20 сантиметрден және одан да көп болады деп болжанып отыр. Бұл теңіздегі навигациялық жолдардың ең көп лайлану байқалатын учаскелерінде Каспий жүйесі бойынша минус 3,8 метр белгісіне сәйкес келеді, — деді NCOC компаниясы логистикалық ресурстармен қамтамасыз ету тобының жетекшісі Марғұлан Демесінов.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

Осы жобаға жауаптылар навигациялық жолдағы лай шөгінділерді тазалау жұмысын биыл бастап кетуіміз керек деп отыр. Жұмыс жоспарлаған уақытта басталмаса кеме қатынасы қиындап, өндірістік жоспар орындалмауы ықтимал.

Мамандардың сөзінше, түп тереңдету барысында 1 млн 51 мың текше метр лай шөгінді шығарылып, жұмыс әдісі фрезерлі жерснарядтар арқылы қазып алынады. Кейін оларды қалқымалы өткізгіш құбыр арқылы теңіз навигациялық жолдарынан 500 метр қашықтықта орналасқан қолданыстағы үйінділерге төкпек.

Ал қоғам белсенділері 2021 жылдан бастап компания навигациялық жолдарды тереңдетудің орнына баламалы шешім іздейміз дегенін, алайда күні бүгінде ешқандай нәтиже болмағанын алға тартып отыр.

— Біз бұл түп тереңдету мәселесін үшінші рет қарастырып отырмыз. 2021 жылы NCOC бұдан былай мұндай жұмыстарға оралмайтынын айтып, балама нұсқаларды іздейтініне уәде етті. Сол кезде 2022 жылы бір рет арналарды қазуға рұқсат бердік. Алайда көріп отырғанымыздай, мәселе әлі шешілген жоқ, балама нұсқаларды қарастыруға көшпеді. Сіздерде бес нұсқа қарастырылған, оның ішінде эстакада, көпір немесе жол салу бар, бірақ жобада оларды негізсіз жоққа шығарып отырсыздар. Теңіз таязданып барады, ал болжамға сәйкес ол 2054 жылға дейін, кейбір болжам бойынша 2070 жылға дейін таяздана береді. Бұл — объективті шындық және оған түбін тереңдету арқылы емес, жүйелі әрі нақты тәсілдермен жауап беру қажет, — деп пікір білдірді «Глобус» экологиялық-құқықтық бастама орталығының жетекшісі Галина Чернова.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

Атыраудағы қоғам белсенділерін алаңдатып отырған тағы бір мәселе — теңіздің түбінде тіршілік ететін, көзге көрінетін ірі организмдер тобы мен суда қалқып жүретін өсімдік тектес микроскопиялық организмдер және олармен қоректенетін қарапайымдылар, ұсақ шаянтәрізділер, кейбір жәндіктердің дернәсілдер.

— Ал енді лайлылыққа, макробентос пен зообентосқа қатысты айтсақ, біз бала емеспіз, бәрін түсінеміз. Теңіз суындағы фотосинтезге қатысатын зоопланктон мен фитопланктон судың тазаруына ықпал етеді, бұл ойыншық емес. Ал макробентос пен ұсақ организмдердің түрлері — Каспий теңізінде әлі де жеткілікті деңгейде әртүрлі әрі маңызды қоректік нан. Ал сіздер осы «нанды» 2–3 жылға жоясыздар. Осы кезеңде жоғары деңгейдегі организмдер, балықтар, жалпы ихтиофауна немен қоректенеді? Өздеріңіз де 2–3 жылдан кейін ғана қалпына келеді деп айтып отырсыздар, — деді Галина Чернова.

Осы тақырыптың басы-қасында жүрген Галина Чернова компания тереңдету жұмысының су астындағы ағзаларға әсерін өте терең зерттеп, нақты негіздеме әлі ұсынған жоқ деп отыр.

Жобаның флора мен фаунаға әсерін, яғни жалпы экологияға әсерін зерделеген «Экоэксперт» ұйымының жетекші инженер-экологы Светлана Чуваркованың айтуынша, атмосферадағы ластанудың экологиялық сезімтал аймақтардағы деңгейі минималды, максималды радиус — 3,5 шақырым. Бірінші нұсқа бойынша әсер төмен бағаланды, себебі жұмыс қысқа мерзімде, кемелер аз аумақты пайдаланып және аз ғана техникамен жүргізіледі.

— Су ресурстарына әсері де аз. Жұмыс кезінде жабдықтау үшін теңіз суы және жеткізілген тұщы су қолданылады. Теңіз суы қозғалтқыштарды салқындату, тұщыландыру мен пульпа жасауға пайдаланылады. Өндірістік және тұрмыстық су бөлек резервуарларда жиналып, арнайы ұйымдарға берілетін болады. Макрозообентос пен зоопланктон да уақытша әсерге ұшырайды, дегенмен жұмыс аяқталғаннан кейін қалпына келеді. Пентоз организмдерінің әсер аймағы нұсқа бойынша әртүрлі: 15 шаршы шақырым, 22 немесе 6 шаршы шақырым. Пентоз организмдері 2-3 жылда қалпына келеді деп болжанып отыр, — деді Светлана Чуваркова.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

Сонымен қатар, эколог осыған дейін жүргізілген тереңдету жұмысы кезінде итбалықтардың саны жұмыс аймағында азайғанын, дегенмен басқа учаскелерде көбейгенін айтты. Навигациялық арналар қазылғаннан кейін итбалықтар қайта оралған.

Жалпы бұл жобаға тәуелсіз сарапшылар да тартылған. Соның бірі Ресей ғылым академиясының Ширшов атындағы Океанология институты директорының орынбасары Петр Завьялов. Ол Германия мен Нидерландтағы әріптестерінің пікірімен келіспейтінін айтты.

— Олар Солтүстік Каспийдің жоғалып кету қаупі барын көңілге тиетін суреттерімен жариялаған. Олар ғасыр соңына қарай деңгей 18 метрге төмендейді деп болжап отыр. Менің ойымша бұл болжам — қате. Каспийдің деңгейі біздің немесе балаларымыздың өмірінде 18 метрге төмендемейді. 8 метрге де төмендемейді. Осы саладағы белді ұйымдардың бірі климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық сарапшылар панелінің мәліметінше, теңіз деңгейінің төмендеуі 2040 жылға дейін жалғасады. Жалпы төмендеу деңгейі 1-2 метрді құрауы ықтимал. Менің ойымша Каспийдің деңгейі 2040 жылға дейін тұрақтануы мүмкін. Тіпті одан да ерте басталып, теңіз деңгейі көтеріле басталуы ықтимал деген пікірдемін. Бұл нені білдіреді? Теңіз жолымен инфрақұрылым мен кен орындарын қамтамасыз ету әдісі алдағы бірнеше онжылдықта маңызын жоғалтпайды. Ол үшін тереңдету және жөндеу жұмысы үнемі жүргізілуі керек, — деді Петр Завьялов.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

Тәуелсіз сарапшы баламалы шешім ретінде эстакада салу тақырыбын қолдамайтынын айтты. Оның сөзінше, эстакада құрылысы экологиялаға айтарлықтай зиян келтіреді.

Айта кетейік, бұл тақырыпқа әлі нүкте қойылған жоқ. Экология кодексінің талаптарына сәйкес  30 қаңтар күні қоғамдық тыңдау өтеді.

Осыған дейін экология саласының ардагері Орынбасар Тоғжановпен Каспийдің тағдырына қатысты бұрын жасақталған, бірақ іске аспай қалған ірі жобаны қайта көтеру керектігі жөнінде сұхбаттасқан едік.

Сондай-ақ Жайық өзенінің Каспийге құяр жерінің 3 шақырымы қайта қазылатын болды

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қаңтар 2026 20:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see167

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see156

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see154

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see152

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see150

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see146

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see145

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see140

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see136

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see136

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see133

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see131

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see127

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see126

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see126

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see125

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see121

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары