Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

KAZ Minerals Павлодар облысында білім беруді дамытуға 536 миллион теңгеден аса инвестиция салды

KAZ Minerals Павлодар облысында білім беруді дамытуға 536 миллион теңгеден аса инвестиция салды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

KAZ Minerals Bozshakol мамандары Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттеріне ашық қонақ лекциясын өткізді. Жүзге жуық студент – болашақ лаборанттар Қазақстандағы тау-кен өндірісімен айналысатын ірі компаниялардың бірінде жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын өз ісінің мамандарынан тікелей білуге мүмкіндік алды.

Қызықты дәрістер: өндіріс аудиториямен тілдескенде

Колледж бен KAZ Minerals арасындағы ынтымақтастық 2023 жылы ресми меморандумға қол қоюдан басталды. Өзара байланыс тек лекциялармен шектелмейді – компания студенттік зертханаларға жаңа жабдық алуға инвестиция салып, тау-кен өнеркәсібі саласына қатысты мамандықтарды оқу үшін гранттар бөлуде.

"Бізде 800 студент алты мамандық бойынша білім алады. Бірақ бюджетіміз шектеулі, сол себепті бізге әлеуметтік серіктестер, атап айтқанда KAZ Minerals Bozshakol көмекке келеді", - дейді колледж жетекшісі Иран Бектеміров.

Бұл жолы Бозшакөл кенішінде жұмыс істейтін мамандар студенттерге қонақ лекциясын оқуға келді. Олар болашақ химиктерге құрғақ теорияны емес, зертханалардың шынайы өндірісте қалай жұмыс істейтінін, олардың қалай жабдықталғанын және онда жұмыс істеу үшін қандай машық пен білім қажет екенін айтып берді.

"Біздің зертхананы мысалға ала отырып, заманауи кәсіпорындағы химияның маңыздылығы туралы айтқым келеді. Біз өндірістің барлық кезеңін қатаң қадағалап, жұмыста химиялық флотацияны қолданамыз. Біздің басты өніміміз – мыс концентраты, дегенмен біз күміс, алтын, темір, күкірт, алюминий мен мырыш қоспаларын да анықтаймыз", - дейді зертхана қызметкері Рүстем Садықов.

Шеберлік тәліміне қатысқан шәкірттер арасында колледждегі оқу ақысы компания есебінен төленетін студенттер де болды.

Солардың бірі – екінші курс студенті Самал Темірова Қазақстандағы мыс өндіретін ірі компанияның зертханасында ақылы тәжірибеден өтуге дайындалуда.

"Лекция қызықты, әрі пайдалы болды, әсіресе жұмыс жағдайы туралы ақпарат ұнады. Бұған дейін химик мамандығы туралы ойламаған едім, себебі оны меңгеру қиын көрінетін. Бірақ ата-анамның кеңесінен кейін бағымды сынап көрдім. Нәтиже жаман емес. Мен KAZ Minerals бөлген грантқа оқып жатырмын. Тәжірибе жұмысына көшкеніміз керемет болды, қазір өзім реакция жасаймын", - дейді Самал.

Оның курстасы Лилия Вещунова мамандықты саналы түрде таңдаған.

"Менің жай диплом алуды емес, сұранысқа ие мамандықты меңгергім келді. Химия – медицинадан бастап металлургияға дейін көптеген саланың негізін құрайды. Бұл мамандықты меңгерсем менде тұрақты жұмыс болады. Бүгін маған болашақ жұмыс берушілермен танысып, өндіріс туралы білу қызық болды", - дейді Лилия.

Шағын үзілістен кейін басқару ісінің нұсқаушысы Салтанат Мұқышева "жұмсақ дағдылардың" маңыздылығына тоқтала отырып ұстаздарға арналған шеберлік тәлімін өткізді. Мұнда командада жұмыс істеу, ортаға тез бейімделу және диалог құру жайы сөз болды.

"Біз беретін білім өндіріс мамандарына да, ұстаздарға да пайдалы. Кейде тіпті тәжірибелі мамандар да көп нәрсені назардан тыс қалдырады да біз қарапайым қарым-қатынастың маңыздылығын ұмыта бастаймыз. Ал тәлімгер студентті оқытып қана қоймай, оны тыңдай білуге де міндетті", - дейді Мұқышева.

Дәрістерден зертханаға: білім беруді өзгертетін серіктестік

Бүгінде KAZ Minerals тау-кен өндірісі үшін қажет мамандарды дайындау ісіне белсенді қатысуда. Жұмыс үш маңызды бағытта жүргізіледі. Олар: "Супер-колледж", "Тағылымдама" бағдарламасы мен студенттерге гранттық көмек.

Соңғы үш жылда компания Павлодар облысындағы білім инфрақұрылымын дамытуға 500 миллион теңгеден аса инвестиция салды.

"Супер-колледж": тәжірибеге салынған инвестиция

"Супер-колледж" бағдарламасы бойынша Топ өңірдегі екі негізгі оқу орны – Екібастұз политехникалық колледжі мен Павлодар химия-механикалық колледжіне қолдау көрсетеді.

Екібастұзда екі оқу бөлмесін жаңа құралдармен жабдықтауға қаржы бөлінді.

Ал ПХМК 2025 жылдың наурыз айында жаңа "Химиялық талдау зертханасына" ие болды, қазір аталған оқу бөлмесіне құны шамамен 43 миллион теңге тұратын жабдық сатып алынып, студенттерге арналған спорт алаңының құрылыс жұмысы жоспарлануда.

"Компания бізге керемет қолдау көрсетіп, химиялық оқу зертханасын толық жабдықтау үшін 50 миллион теңге бөлді. Бұл қаржыға заманауи құрылғылар: ауа соратын шкаф, кептіру камералары, су тазартатын қондырғы және көрнекі құралдар орнатылды. Оның бәрі оқу барысында қолданылады", - дейді колледж басшысының оқу-өндіріс жұмыстары бойынша орынбасары Жанар Жәкенова.

Одан бөлек, компанияның қолдауымен "Технологиялық процесстерді басқару ісін автоматтандыру" және "Өндірістік құралдарды пайдалану" бағыттары бойынша жаңа оқу стендтері сатып алынды.

Қазір колледж KAZ Minerals компаниясының жұмысына тікелей қатысы бар "Пайдалы қазбаларды байыту" атты жаңа мамандықты ашуға дайындалып жатыр.

"Әлеуметтік серіктестің арқасында біз дамып, жаңа мамандықтарды ашудамыз. Оқу бағдарламасын дайындадық. Енді келесі жылы осы өңірде бірінші болып "Пайдалы қазбаларды байыту" мамандығына үміткерлерді қабылдауды бастаймыз. Бұл компания жұмысына тікелей қатысы бар кәсіп", - дейді Иран Бектеміров.

Студенттерге гранттық қолдау: мамандық алуға мүмкіндік

Алты жыл ішінде KAZ Minerals Павлодар облысындағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін жалпы сомасы 27,9 миллион теңгені құрайтын 20 оқу грантын бөлді.

Павлодардағы Торайғыров университеті электроэнергетикадан мен автоматтандырудан бастап машина құрастыру және Computer Science секілді он сала бойынша гранттар алды. Атап айтқанда:

"Электроэнергетика" - 6 грант, "Автоматтандыру және басқару" – 3 грант, "Ақпараттық жүйелер" – 1 грант, "Көлік және техника" – 1 грант, "Технологиялық машиналар мен құралдар" – 1 грант, "Автоматтандыру және өндірістік робототехника" – 2 грант, "Машина құрастыру" – 1 грант, "Computer Science" – 1 грант.

Павлодар химия-механикалық колледжінде KAZ Minerals грантымен бес болашақ химик-лаборант білім алып жатыр.

"Тағылымдама": теориядан өндіріске

"Тағылымдама" бағдарламасы 2019 жылы қолданысқа енгеннен бастап оқу орны мен өндіріс арасындағы маңызды байланыс механизміне айналды. Осы аралықта 211 шәкірт тәжірибеден өтіп, соның ішінде 120 жас маман компанияға жұмысқа қабылданды. 2025 жылы 39 адам тәжірибеден өтуде, олардың қатарына жыл аяғына дейін тағы 15 студент қосылады.

Бағдарлама инженерлік-техникалық және химик-лаборант, инженер-геотехник, электромонтер, ұсақтаушы секілді жұмысшы мамандықтарын қамтиды. 2026 жылы бағдарламаға 50 жаңа тәжірибеден өтушілер қосылады.

"Түлектер үшін мұндай өндіріске жұмысқа тұру – үлкен бақыт. Біз жас мамандардың кәсіби тұрғыда өсіп, халықаралық стандартқа сай жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасаймыз", - деп атап өтті компания өкілдері.

Білімге салынған инвестиция – болашаққа салынған инвестиция

Тәжірибеден өту жұмысы жүріп жатқан Бозшакөл кеніші Екібастұздан 80 шақырым қашықта орналасқан. Бұл – жеке бөлмелер, тегін тамақ қарастырылып, тұрмысқа ыңғайлы жабдықталған, жұмыс істеуге және өмір сүруге қолайлы шағын өнеркәсіптік қалашық.

Кен орнының қоры тағы 40 жыл белсенді жұмыс істеуге жеткілікті, демек жас мамандарға сұраныс та арта түспек.

KAZ Minerals компаниясының Павлодар облысындағы жүйелі жұмысы - қонақ лекциялардан бастап колледжердің модернизациясы білімге салынған инвестициялар тек әлеуметтік жауапкершілік қана емес, өнеркәсіп пен аймақтың тұрақты дамуына қосқан үлес екенін көрсетеді.

Фото: KAZ Minerals

Жарнамалық материал

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 14:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары