Кедендегі жаңа ережелер: Қазақстан Өзбекстан және Пәкістанмен келісті
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Бүгін Құрылтай депутаттары Қазақстанның Өзбекстан және Пәкістанмен кедендік ынтымақтастығы туралы келісімдерді ратификациялау туралы заңдарды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Келісімдер кеден қызметтері арасында жедел ақпарат алмасуды, олардың іс-қимылдарын үйлестіруді және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен жұмысты көздейді.
Өзбекстанмен жасалған келісімҚазақстан мен Өзбекстан екі елдің аумағында кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы уағдаласты.
Қаржы министрі Мәди Такиевтің хабарлауынша, келісім кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға және өзара сауданы дамытуға бағытталған.
"Келісімді ратификациялау кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға және мемлекеттеріміз арасындағы өзара сауданы дамытуға ықпал етеді", - деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан-Өзбекстан шекарасында 11 өткізу пункті жұмыс істейді: сегіз автокөлік және үш теміржол пункті.
2025 жылы "Қапланбек", "Қазығұрт" және "Атамекен" пункттерін реконструкциялау аяқталды. Таяу арада "Жібек жолы" өткізу пунктін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
"Жаңғырту қорытындысы бойынша жүк және автокөлік құралдарын, сондай-ақ жолаушыларды өткізу мүмкіндігі бірнеше есеге артты", - деді Такиев.
Келісімге 2025 жылғы 15 қарашада Ташкентте қол қойылған. Оны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейтіні атап өтілді.
Пәкістанмен жасалған келісімЕкінші келісім Қазақстан мен Пәкістанның кеден қызметтері арасындағы ынтымақтастық пен өзара әкімшілік көмекке қатысты.
Құжат кедендік ақпаратпен, соның ішінде экспорттық және транзиттік декларациялар туралы мәліметтермен алмасуды, сондай-ақ кедендік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша бірлескен шараларды қарастырады.
Берілетін деректердің құпиялылығын сақтауға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.
Келісімге 2026 жылғы 4 ақпанда Исламабадта қол қойылды.
Бұған дейін талқылау барысында депутаттар министр Такиевтен шекарадағы өткізу пункттері жаңғыртылғанына қарамастан, неге әлі де кептелістер пайда болатынын сұраған еді. Министрдің айтуынша, тоғыз айдың ішінде шекарадан 650 мың көлік құралы өткен - бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 20 пайызға артық. Өткізу қабілетін арттыру үшін пункттер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне, ал кеден қызметі үш ауысымды жұмысқа көшіріліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 11:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















