Қазақстан мен Өзбекстан астық тасымалын ұлғайтуға келісті
7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстандық делегация Өзбекстанмен келіссөздер өткізіп, «Сарыағаш» теміржол түйісу пункті арқылы астық тасымалын тұрақтандыру жөнінде ортақ шешімдерге келді.
Тараптар тәуліктік пойыз алмасуды 35 жұпқа дейін арттыруға, Өзбекстанның күн сайын кемінде 10 астық тиелген пойыз бен 5 жабық вагон қабылдауына келісім берді. Жүк тиеу-түсіру, кірме жолдар және бақылаушы органдар мереке, демалыс күндері де үздіксіз жұмыс істейтін болды.
Сондай-ақ астық экспортын өзбек кәсіпорындарының бос қуатына сай жоспарлау және бос вагондар айналымын үйлестіру жөнінде уағдаласты. Бұл шешімдер қазақстандық астықты Өзбекстанға және өңір елдеріне уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді.
Биыл 11 айда екі ел арасындағы жүк тасымалы 16%-ға өсіп, 28,5 млн тоннаға жетті. Оның ішінде астық тасымалы 32%-ға өсіп, 5,6 млн тонна болды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Желтоқсан 2025 11:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















