Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Келесі жылы қолданысқа енгізілетін Бірыңғай тауарлардың ұлттық каталогы деген не

Келесі жылы қолданысқа енгізілетін Бірыңғай тауарлардың ұлттық каталогы деген не

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

- Бірыңғай каталог ақпаратпен жұмыс істеу тәсілін қалай өзгертті және осыған дейінгі кедергілерді жоя алды ма? Мысалы, жүйелердің қайталануы мен сәйкессіздік мәселесі реттелді ме? 

- Бүгінде компаниялар, қызмет ұсынушылар мен мемлекеттік құрылымдар бірнеше бытыраңқы мәлімет базасын пайдаланып келеді. Бұл ақпараттың қайталануына, форматтардың сәйкессіздігіне, сондай-ақ ақпарат жүйелері арасында деректер алысу кезінде бейберекетке алып келеді. Мұның салдарынан азаматтар уақыт пен ресурстарын жоғалтады.

Бірыңғай тауарлардың ұлттық каталогы енгізілген бойда аталған кемшіліктер келмеске кетеді. Енді тауарлар туралы барлық ақпарат – мазмұнынан бастап кодтар мен сипаттамаларға дейін бірыңғай стандарт бойынша орталықтандырылған түрде сақталады. Әр тауар позициясына бірегей NTIN коды белгіленіп, міндетті атрибуттары бар тауардың құрылымдық картасы іске қосылады. Оның көмегімен кез келген өнімнің қозғалысын бақылауға болады.

Демек, қажетті деректер жүйеге бір рет енгізіліп, тиісті тексерістен өткен соң барлық қатысушыға қандай да бір бұрмалаусыз және қайталану дерегінсіз қолжетімді болады.

- Электронды тауарлар каталогы мен Тауарлардың ұлттық каталогының біріктірілгеніне бірнеше ай болды. Қазір қандай да бір нәтиже бар ма, деректердің көлемі ұлғайды ма және ақпаратты автоматты түрде енгізу жұмыс жылдамдығы мен дәлдігіне қалай әсер етті?

- Электронды тауарлар каталогы (ЭТК) мен Тауарлардың ұлттық каталогы (ТҰК) біріктірілгеннен бері бірнеше ай өткені рас, нақты нәтижелер жайлы да айтуға болады.

Біріншіден, деректер көлемі айтарлықтай өсті. Екі каталогты біріктіру арқылы көптеген жаңа позиция қосылды. Қолжетімділік едәуір артып, енді қатысушылар өзіне қажеттіні бір каталогтан таба алады.

Мәселен, каталогтар біріктірілгенге дейін ЭТК-да шамамен 1,3 млн тауар болса, бүгінде ТҰК-де тауар карталары бар 15 млн-дай өнім орналасқан.

Сондай-ақ тауарлар карталары тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы жіктелуі бойынша өңделіп, қазір өзектендіріліп жатыр.

Айталық, келесідей жіктеу тетіктерімен салыстырылып келеді: ТЖҚ БНА, СЭҚ ТН, ЭҚТ ӨЖ, ЭҚЖЖ және т. б.

Тауарларды ТҰК-де жүктеу/түсіру үшін 10 сервис әзірленді. Бұдан бөлек, 9 фискалды деректер операторы, 700 мыңнан аса бақылау-касса машинасы, 3 тауар-есеп жүйесі («Анвар», «Смол», «Магнум») қосылды.

- Кәсіпкерлер бұл жүйені қалай пайдаланып жүр және жасанды интеллект әлеуметтік маңызы бар тауарларды тазартып, жаңарту және бақылау бағытында қандай рөл атқарады?

- Кәсіпкерлер ТҰК-ті өнімді сипаттауға кететін шығындар мен уақытты үнемдеу үшін қолданады. Мысалы, қазір картаны 1С Бухгалтерия жүйесінде немесе маркетплейстерде қолмен жүргізу қажетсіз болып қалды, өйткені ТҰК-де дайын карта қарастырылған. Бұл, әсіресе ассортименті үлкен немесе экспорт-импорт операциялары бар компанияларға аса маңызды. Каталог арқылы кез келген ұйым қажетті ақпаратты іздеп, тексеруге уақыт жоғалтпайды, сол секілді есептілік пен коммерциялық ұсыныстарды да тез қалыптастырады.

Бұған қоса, ТҰК мемлекеттік жүйелермен өзара іс-қимылды жеңілдетеді. Неге десеңіз, ТҰК-де мемлекеттік ақпарат жүйелерімен барлық қажетті интеграция жасалған. Осы арқылы тауарларды нарыққа шығару жедел жүзеге асады.

Қазір жасанды интеллектіні санаттарға бөлу бағытында, сондай-ақ деректердің қайталануы мен кемшіліктердің алдын алуға пайдалану бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. ЖИ жаңа жазбаларды қолданыстағы мәліметтермен салыстырып, сәйкессіздіктерді анықтайды және процес қатысушысына осы мәліметтерді жаңартуға ұсыныс береді.

- 2026 жылы каталог жаппай пайдалануға енгізіледі деп көзделген. Тұтастай алсақ, бұл нарыққа не береді әрі сатыпалымның ашықтығын арттыру, бағаны қалыптастыру мен тауар айналымын бақылау саласын қандай өзгерістер күтіп тұр?

- 2026 жылы Тауарлардың ұлттық каталогын жаппай қолданысқа енгізу мемлекет пен бизнеске жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Бұл ең әуелі процестің ашықтығына қатысты. Айталық, нарықтың барлық қатысушысы бірыңғай, дәлелденген мәліметтермен жұмыс істеп, бағаның жоғарылауына және ақпараттың қателігіне алаңдамайтын болады. Бұл, әсіресе мемлекеттік сатып алу саласында маңызды. Осы амал бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауды жеңілдетеді.

Бағаның қалыптасу процесі де неғұрлым объективті болады. ТҰК ұқсас бағаны көруге мүмкіндік береді. Өйткені ТҰК маркетплейстермен интеграциясы сипаттамалар мен тауар құнын салыстыруға көмектесіп, өнімді таңдау кезінде дұрыс шешім қабылдауға септеседі. Бұл бәсекелестікті арттырып, бағаның негізсіз өсу мүмкіндігін азайтады.

Сонымен қатар бірыңғай каталогтың енгізілуі тауардың өндірушіден бастап соңғы тұтынушыға дейін жолын бақылауға септігін тигізеді. Бұл мемлекетке контрафактілі өніммен қарсы күресте айтарлықтай көмектесіп, есептілікті жеңілдетеді және нарық қатысушылары арасындағы сенімді күшейтеді.

Яғни, ТҰК-ті жаппай пайдалану – еліміздің экономикалық тиімділігін арттыруға, ашықтық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бірыңғай, цифрлы инфрақұрылымды құруға жасалған қадам.

- Әңгімеңізге рахмет!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 00:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары