Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Киберқауіпсіздік, дербес деректерді қорғау: телекоммуникациялар саласындағы ауқымды реформалар таныстырылды

Киберқауіпсіздік, дербес деректерді қорғау: телекоммуникациялар саласындағы ауқымды реформалар таныстырылды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту жылы аясында киберқауіпсіздікті нығайтуға, дербес деректерді қорғауға және телекоммуникация саласын жаңғыртуға бағытталған ауқымды заңнамалық өзгерістер қабылданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елімізде алғаш рет мемлекеттік инфрақұрылым мен цифрлық жүйелерді қорғаудың бірыңғай құқықтық негізін қалыптастырған «Цифрлық кодекс» пен «Киберқауіпсіздік туралы» бейіндік заң қабылданды.

Жаңа нормаларға сәйкес Еңбек кодексіне жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің кибермәдениет талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері енгізіп, ал мемлекеттік қызметшілер мен аса маңызды инфрақұрылым объектілерінің қызметкерлері жыл сайын оқытудан өтуге міндеттелді. Енді негізгі цифрлық объектілердің меншік иелері жыл сайын қауіпсіздік аудитін жүргізуге тиіс. Сонымен қатар әлемдік тәжірибеге сәйкес аса маңызды инфрақұрылымды бақылау функциясы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретіне берілді.

Маңызды қадамдардың бірі - жаңа Конституция деңгейінде дербес деректерді қорғау қағидатын бекіту болды. Осыған сәйкес «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға шектеулі қолжетімділік базаларына, оның ішінде медициналық, банктік немесе коммерциялық құпияны қамтитын ақпараттық жүйелерге қол жеткізу кезінде міндетті биометриялық аутентификация талаптары енгізілді. Енді ұйымдар деректердің таралуы және оларды өңдеудің басталуы туралы тек уәкілетті органдарды ғана емес, азаматтардың өзін де ресми түрде хабардар етуге, сондай-ақ ірі операторлар тізілімін жүргізудің жаңа талаптарын сақтауға міндетті. Бұдан бөлек, заңнамаға дербес деректердің сәйкестендіргіші ұғымы нақты енгізіліп, оған адамның тегі, аты, әкесінің атынан тұратын жиынтығы, ЖСН, бейнесі және тұлғаның биометриялық векторы енгізілді.

Құқықтық жаңашылдықтармен қатар министрлік бақылауды күшейтті. 2024 жылдан бері 650-ге жуық тексеру жүргізіліп, ірі компанияларда да, шағын бизнес субъектілерінде де, оның ішінде сұлулық салондары, фитнес-орталықтар және интернет-платформаларда ақпараттық қауіпсіздіктің базалық құралдары мен саясаттарының жоқтығы анықталды. Бұл ұйымдардың барлығы азаматтардың ақпаратын қорғауға ерекше назар аударуға міндетті.

Қауіпсіздік шараларын күшейтудің маңыздылығына тоқталған Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев:

«Талдау көрсеткендей, инциденттер мен деректердің таралуының басым бөлігі күрделі жүйелердің бұзылуынан емес, адами фактордан және заңды тіркелгілік жазбалармен жұмыс істеу кезінде цифрлық гигиенаның негізгі қағидаларын сақтамаудан туындайды. Сондықтан бүгінгі таңда қауіпсіздік регламенттерін сақтау мен кибермәдениетті арттыру ұйымның ауқымына қарамастан әрқайсысына қойылатын міндетке айналды», - деп атап өтті.

Айтарлықтай өзгерістер телекоммуникация саласын да қамтыды. Маусым айында қол қойылған заң байланыс қызметтерінің қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қосымшаларға тарифсіз қолжетімділікті енгізді және абоненттік құрылғыларды верификациялау қызметін мемлекеттік реттеуге берді. Соның нәтижесінде телефондардың заңды сатылым үлесі 30 пайыздан 70 пайызға дейін өсті.

Алаяқтықпен күресу мақсатында банктер мен компаниялардың ресми қоңырауларын таңбалау жүйесі енгізілді, интернет-провайдерлер мен IP-телефония қызметі лицензияланатын болды, сондай-ақ жарнамалық хабарламалар мен автоматты қоңыраулардан бас тарту рәсімдері жеңілдетілді. Енді байланыс операторларының кез келген қосымша ақылы қызметтері абоненттің екі мәрте келісімімен ғана қосылады.

Сонымен қатар елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Келесі жылдың соңына дейін 3,5 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылып, талшықты-оптикалық интернеттің қолжетімділігі 92 пайызға дейін жеткізіледі. Ескірген 3G желілерін заманауи 4G және 5G стандарттарына көшіру, сондай-ақ жаңа буындағы Direct-to-Cell спутниктік байланысын енгізу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Каспий теңізінің табаны арқылы өтетін трансшекаралық талшықты-оптикалық кабель мен «Батыс - Шығыс» ұлттық гипермагистралының құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар Павлодар облысында ауқымды «Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» құрылысы басталды. Бұл жобалар қабылданған заңнамалық өзгерістермен бірге еліміздің цифрлық кеңістігінің сенімді қорғалуын қамтамасыз етіп, инвестициялар тартуға және мемлекеттік әрі коммерциялық сервистердің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 11:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see145

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see144

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see142

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see141

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see140

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see139

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see139

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see139

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see137

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see135

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see134

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see132

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see127

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see123

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see121

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see119

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see119

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары