Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кибертұрақтылықты арттыру мәселесін талқылады

Кибертұрақтылықты арттыру мәселесін талқылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Іс-шара энергетика саласының критикалық инфрақұрылымының кибертұрақтылығын арттыруға, автоматтандырылған басқару жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заманауи киберқауіптерге қарсы іс-қимыл бойынша практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

Жиынға Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев, Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев, Мемлекеттік техникалық қызметінің Басқарма төрағасы Асқар Жүнісбек, ақпараттық технологиялар саласының білікті мамандары, сарапшылар мен ғалымдар қатысты. 

Шараны ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзбен ашып, киберқауіпсіздіктің қазіргі таңда ақпараттық технологиялар саласының ғана емес, ұлттық қауіпсіздікті, экономикалық тұрақтылықты және еліміздің цифрлық егемендігін қамтамасыз ететін стратегиялық бағытқа айналғанын атап өтті. 

«Бүгінде ҚазҰУ жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және жоғары өнімді есептеулер салаларындағы ғылыми- зерттеулерді белсенді түрде іске асырып жатыр. 2025 жылдың желтоқсан айында ҚР Энергетика министрлігі мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Салалық технологиялық құзыреттер орталығын құру туралы меморандумға қол қойды. Аталған орталық ғылыми-зерттеулердің оннан астам бағытын дамытуда. Олардың қатарында таза энергетика, дәстүрлі энергия өндіру, электр және жылу желілері, жер қойнауын пайдалану және геология, көмір химиясы, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және энергетикалық инфрақұрылымның киберқауіпсіздігі бағыттары бар», – деді ректор. 

Өз кезегінде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев елімізде цифрлық трансформацияны жеделдету мен жасанды интеллект технологияларын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін жеткізді.

«Мемлекет басшысы биылғы жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы ретінде айқындап, алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойды. Осыған байланысты жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр. Мұндай кибероқу-жаттығулар стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарының қорғалу деңгейін арттыруға және жоғары білікті мамандар даярлауға елеулі үлес қосады», – деді вице-министр. 

Іс-шарада ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс сөз сөйлеп, энергетикалық инфрақұрылымның киберқауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

«Энергетикалық инфрақұрылымның сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуі елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығының басты кепілі. Сондықтан ақпараттық және технологиялық жүйелерді заманауи киберқауіптерден қорғау, сала мамандарының біліктілігін арттыру және тәжірибелік кибероқу-жаттығуларды тұрақты өткізу ерекше маңызға ие. Осы бағыттағы мемлекеттік органдар, ЖОО және салалық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және еліміздің аса маңызды инфрақұрылымының қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деді вице-министр Бақытжан Ілияс. 

Шараның сараптамалық бөлімінде энергетика саласын цифрландыру кезіндегі киберқауіпсіздік міндеттері, сондай-ақ энергетикадағы коммуникацияларды қорғауға арналған посткванттық және квантқа төзімді шешімдер бойынша баяндамалар ұсынылды.

Кибероқу-жаттығулардың практикалық бөлігінде қатысушылар нақты өндірістік жағдайларға жақын сценарийлер бойынша жұмыс істеп, кибершабуылдарды анықтау, талдау, қауіптердің алдын алу және ақпараттық жүйелерді қорғау бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындады.

Бағдарлама аясында топтық жарыстар, киберқауіпсіздік бойынша оқу сессиялары, криптография және деректерді қорғау технологияларына арналған практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Іс-шара екі күнге жоспарланған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 18:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see138

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see137

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see136

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see135

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see135

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see134

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see133

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see133

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see132

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see129

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see126

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see119

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see118

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see116

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see116

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see115

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see115

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары