Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Киік еті кеселсіз бе?

Киік еті кеселсіз бе?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әйтсе де, дүкеннен сатып алуды тиімсіз көріп, даладан тегін атып алғысы келетіндер де азаяр емес. Бірақ еттің сапасын, атылған киіктің етінен адамға жұғуы мүмкін кеселі жоғына кім кепіл?

Киік еті сатылып жатыр деген ақ­па­рат шыққалы біраз дүкенді аралап көрдік. Мысалы, Қарағанды қаласындағы «Мяс­ное изобилие» сауда орнында бар екен. Бөлшектеліп сатылып жатыр. На­рық­­та 1 600 теңгеден сатылады, дегенмен мұн­да баға 2000-3000 теңгенің аралығында. Яғни, нарықтағы бағасына саудагер не дел­далдар үстемақы қосып отыр. Еті сылы­нып алынған құр сүйегі ғана арзан деме­сеңіз, кесек етінің бағасы шарықтап тұр.

– Бұрын киік еті қуырдаққа ғана жа­рам­­ды деп келдік қой, мұнда көже-қа­тық­қа дегенді көріп ойланып қалдым. Қара ет­тен де сорпа шыға ма? Солай болса да жең­­сік ас қой әрі ауылда өткен балалық ша­­ғымдағы дәмді еске тағы бір түсіру үшін екі-үш кило сатып алмақпын, – дейді қала тұр­ғыны Нұргелді. 

Шынымен де, киік еті жаңа өнім емес. Кеңес дәуірінде бұл ет дүкен сөрелерінде ер­кін сатылып, халық арасында танымал бол­ған. Алайда қазір еттің сапасын кім ба­қылап отыр? Қыркүйекте Үкіметте өткен бри­фингте Ауыл шаруашылығы министрі Ай­дарбек Сапаров қазір киік етінің саты­лымда бар екенін, ветеринарлық қызметтер жұмыс істеп тұрғанын жеткізген.

– Киік еті бойынша ветеринарлық қыз­мет жұмыс істеп тұр. Сынама алып, са­рап­тама жасағаннан кейін ғана барып бұл жануардың еті сауда желілеріне жібері­леді, – деді Айдар­бек Сапаров.

Сонымен ведомство басшысының сө­зін­е сендік. Бірақ бағаны кім реттейді? Сау­да және интеграция министрі Арман Шақ­қалиев ет бағасын көтеретіндерге ша­ра қолданылатынын айтқан еді. 

Алайда бұл жасалып жатқан шара ұзақ­қа бармайтындай көрінеді. Өйткені Қазақ­стан­да киіктердің санын реттеу шаралары бас­талды. Соның әсерінен популяциясы 800 мың басқа азайтылады. Шегіне жет­кен­­де, бақылау да, сатылым да тоқтай қа­лады.

Негізі, ел арасында сойылған мал бол­маса, атып алған жануардың еті­не күмән келтірушілер бар. Яғни, діни се­німге байланысты. Бұған қатысты Қа­зақ­стан мұсылмандары діни басқармасы «киік­тер шариғатқа сай атылған жағдайда ға­на етін жеуге болатынын» айтыпты.

– Ұстайтын аң қолға үйренбеген, жа­байы болуы керек. Ауланып жатқан аң көз­ден таса болмауы қажет және аңшы ар­­­­тынан қуып отыруы шарт. Себебі Пай­ғам­­барымыз көзден таса болған аңды аулауды құптама­ған. Хадисте: «Бәлкім, оны басқа аңдар өлтір­ген шығар» деген. Екінші бір хадисте: «Сен садақ атып өлтіргеніңді көзіңмен көр­сең, ол аңды же. Ал өлтіргеніңді көзің­мен көрмесең, жеме» деп айтылған, – дейді шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы. 

Сарапшылардың айтуынша, киік еті жал­пы ет нарығының бар болғаны 1 пайы­зын ғана құрауы мүмкін. Яғни, бұл ша­мамен 15-16 мың тонна. Елде жыл сайын тұтынылатын еттің ауқымын ескерсек, бұл көп көлем емес. Сондықтан киік еті жап­пай нарыққа таралып та кетпейді, дәмін аңсағандар болмаса, көпшілік сатып ала да бермейді. 

Ал киік етінің адам ағзасына пайда не зия­ны бар ма? Қазақстанның тағамтану ака­демиясы киіктің етін зерттеп, пайдалы қа­сиеттерін анықтаған екен. Олардың есе­бінше, 100 грамм еттің құрамында ақуыздар – 20 грамм,  майлар – 9 грамм, D дәрумені – 9,2 микрограмм,  B5 дәрумені – 8 мил­ли-г­рамм, темір – 3,9 миллиграмм, мырыш – 6 мил­­­лиграмм, L-карнитин – 132 мил­лиг­рамм. Сон­дай-ақ киік етінде магний мен се­­лен де бар болып шықты. Демек, ке­селі бол­­­­­­­маса қо­рықпай пайдалана беру-ге бо­лады.

Сарапшылардың айтуынша, киік еті ба­лаларға, жүкті әйелдерге, егде жастағы адам­дарға, спортзалда және кеңседе ауыр жұ­мыс істейтіндерге пайдалы болмақ. Деген­мен сөреден емес, даладан тегін атып ал­ғысы келгендер барын айттық. Олар бір ға­на сөзбен «браконьер» деп аталады. Заң­сыз, арнайы рұқсатсыз аң ататындар дү­кен­де ет сатылып жатқанын білмеді ме, әл­де қуып жүріп аңшылықтың қызығына бат­қысы келді ме, мылтық алып жолға шық­қан­дар жетерлік. Оның біразы қолға да түсті.

Мәселен, Қарағанды облысының Нұра ауданында табиғатты қор­ғау, криминалдық және патрульдік по­ли­ция қызметкерлері бірлесіп өткізген «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-ша­расы барысында браконьерлер ұсталды. Оқиға 9 қазан күні түнгі сағат 02:40 ша­масында «Теміртау – Астана» автожолының 50-шақырымында, Алғабас ауылының маңын­да болған. Полицияның жылжы­ма­лы тобы күдік тудырған Mitsubishi Pajero ав­токөлігін тоқтатпақ болған кезде, жүр­гізуші мен жолаушы полицейлердің тала­бы­­на бағынбай, жол жиегіне бұрылып қаш­­пақ болған. Алайда тәртіп сақ­шы­лары­ның жедел әрі үйлесімді іс-қимылының ар­қасында көлік тоқтатылып, екі ер адам ұстал­ды. Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан жабайы аңның еті, екі аңшы мылтығы, 15 оқ-дәрі, қолдан жасалған пышақ және қуатты жарық шам табылды. Ұсталғандардың ешқайсысында аң аулауға рұқсат беретін құжаттары болмаған. Белгілі болғандай, күдіктілер – Саран қаласының 41 жастағы екі тұрғыны. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар Нұра аудандық сотының қау­лысымен ер адамдар полиция қыз­меткерлерінің заңды талабына бағынб­аға­ны үшін кінәлі деп танылды.

Ал табиғатты қорғау полициясы Темір­тау мен Астана тұрғындары жасаған бра­коньерліктің екі ауыр жағдайын тіркеді. Қарағанды облысы полиция департа­мен­тінің баспасөз қызметінің мәліметінше, же­дел іс-қимылдар нәтижесінде, бұлан мен ақбөкенді заңсыз аулады деген күдік­тілер ұсталды. Бірінші фактіні табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері мен Те­міртау аңшылық қоғамының қорық­шы­лары бірлескен рейд барысында анықтады. Осакаров ауданында екі жол талғамайтын көлік тоқтатылған. Автокөліктердің жүк­сал­ғыштарында жалпы салмағы шамамен 120 кило болатын бұлан өлекселерінің бө­ліктері табылды. Ұсталған Теміртау қа­ласының 59 және 56 жастағы тұрғын­да­рын­да аң аулауға рұқсат құжаттары болма­ған. Олардан аңшылық мылтықтар, оқ-дәрілер тәркіленді. Екінші жағдай Нұра ау­да­нында болды. Табиғатты қорғау поли­ция­сының қызметкерлері Охотзоопром инс­пекторымен бірлесіп, Астананың үш тұр­ғыны бар жол талғамайтын көлікті тоқ­татты. Жүк салғыштан төрт ақбөкеннің ке­­­­сілген өлекселері табылды. 

Тексеру барысында олардың тек бір ли­цензия рәсімдеп, оны тіркетпе­гені анықталды. Табиғатты қорғау поли­ция­сы қызметкерлерінің айтуынша, бұл – аң­шы­лық ережелерін өрескел бұзу.

Браконьерлердің дүкен сөресінде саты­лып жатқан етке ақшасы жетпеді дегенге сену қиын, бұл да бір құмардың түрі іс­­пет­ті. Әйтпесе, «аңсыраса аңшы тоқта­май­­ды» деп бекер айтпаса керек бұрынғы­лар. Дегенмен оларға қатысты заң қатал. Киік­­тің қуырда­ғын жегіңіз келе ме, дүке­н­ге барудан басқа жол жоқ.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 07:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары