Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кітап оқып, автокөлік иесі атанды

Кітап оқып, автокөлік иесі атанды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Білім мен руханиятты ұлықтаған тағылымды жобаға облыстың түкпір-түкпірінен іріктелген үздік командалар қатысып, кітаптан алған білімі мен таным көкжиегін сынға салды. 

Байқаудың басты мақсаты – мектеп оқушылары, педагогтер мен кітапхана қызметкерлері арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқырман белсенділігін ынталандыру, әдебиет арқылы зият­керлік әлеуетті дамыту және ұлттық рухани-мәдени құндылықтарды кеңінен насихаттау.

Былтыр ASSYLTAS қоғамдық қоры Абай облысындағы 233 ауыл мектебіне 14 мыңға жуық кітап тарту етті. Қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармалары енген кітаптар өңірдегі мектеп кітапханаларының қорын толықтырып, мыңдаған оқушының сапалы кітаптарға қол жеткізуіне мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылар кітап оқылымына, жастардың дүниетанымына әсер етуіне басымдық беріп,  тарту етілген кітаптар негізінде облыстық кітап оқу сайысы ұйымдастырған. Аудандық кезеңнен үздік шыққан командалар Ақсуат төріндегі финалға жолдама алған. 

Жобаға Абай облысының әр ауданынан келген мектеп оқушылары, кітапхана қызметкерлері мен педагогтерден жиналған 11 команда, жалпы саны 55 адам қатысқан. Байқау жеті кезеңнен тұрды. Қатысу­шы­лар әдеби шығармаларды терең меңгергенін көр­сетіп, шығармашылық және зияткерлік тапсырма­ларды ерекше шеберлікпен орындады. 

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Абай ауданының «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Бес асыл» командасы жеңіп алып, автокөлік иегері атанды. І орынды Ақсуат ауданының «Кәбеков мектебі» КММ-нің Assyl bolmys командасы иеленсе, ІІ орын Бесқарағай ауданының «Өндіріс орта мектебі» КММ-нің «Кітап Тіmе» командасына бұйырды. Ал ІІІ орынды Аягөз ауданының «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-нің «Бес тұлға – Бір мақсат» командасы жеңіп алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 23 сәуірдің Ұлттық кітап күні болып белгіленуі және биыл «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың қабылдануы кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың стратегиялық маңызын айқындап берді. Осы тұрғыдан алғанда, «Артық білім – кітапта» жобасы  тек кітап оқу сайысы  емес. Бұл ауыл баласының қолына кітап ұстату арқылы оның болашағына жол ашуды көздейтін, білімді, ойлы әрі парасатты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық бастамаға айналып отыр.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 04:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары