Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Коалиция: Жаңа Конституцияның басым бағыты адамға және отбасыға қамқорлық

Коалиция: Жаңа Конституцияның басым бағыты адамға және отбасыға қамқорлық

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Елордадағы EXPO конгресс-орталығында «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шарада Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйледі. Залда Қазақстанның барлық өңірінен келген мыңға жуық көшбасшы әйел – білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ғылым, әлеуметтік салаларының және азаматтық сектордың өкілдері жиналды. Іс-шара аясында жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 15 наурызда өтетін референдум талқыланды.

Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясының Жетекшісі Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев гендерлік саясатқа ерекше мән беретінін атап өтіп, ел Президентінің әйелдер қауымының жұмысқа өте ұқыпты, әр іске тиянақты, жауапкершілікпен қарайтыны арқылы ерекшеленетіні, сондықтан оларға ең сезімтал әрі әлеуметтік маңызы жоғары салалар тапсырылатыны туралы айтқан сөзін еске салды.

Ерлан Қошанов қоғамдағы әйелдердің рөлі туралы айта келе, олардың адамға деген қамқорлығы, отбасы тағдырына деген жауапкершілігі және балалардың болашағына алаңдаушылығы мемлекеттегі адамгершілік құндылықтарының берік негізін қалыптастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы құндылықтар бүгінде жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарынан көрініс табады. Оның өзегінде адам, оның қадір-қасиеті, қауіпсіздігі және дамуына берілген мүмкіндіктер тұр.

Сондай-ақ Мәжіліс Спикері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев терең интеллектуалды тұлға ретінде қазақстандықтарды білімді, кітап оқитын әрі ойлана білетін ұлт ретінде көргісі келетіні туралы арманымен үнемі бөлісіп жүретінін атап өтті.

«Президент бірнеше рет атап өткендей, әр адам білім алуға, өзін дамытуға талпынуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы өмірлік көзқарасы жаңа Конституцияның идеологиясымен үндеседі. Онда еліміздің білімді және прогрессивті қоғамға қарай даму жолы айқындалған. Оның басты байлығы – адам капиталы және жастардың терең білімі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміз білімнің терең құндылығын түсініп, ғылымға, мәдениетке ұмтылады деген сөз. Бәлкім, бұл – Президенттің ең асыл арманы, енді Конституцияның өзегіне айналады», – деді ол.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты аз уақытта еліміздегі ең белсенді қоғамдық-саяси алаңдардың біріне айналғанын атап өтті. Үш жылда белсенді әйелдер қыз-келіншектерді қолдауға, балаларды қорғауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жүздеген бастаманы жүзеге асырды. Әйелдер «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты», «Tomiris», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» сияқты партияның әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру ісінде маңызды рөл атқарып келеді.

Мәжіліс Спикерінің айтуынша, әйелдер тарапынан атқарылып жатқан жұмыс білім беру бастамаларын дамыту ісінде де айқын байқалады. Мәселен, Әйелдер қанатының атсалысуымен әйелдер көшбасшылығына қатысты магистрлік бағдарлама әзірленіп, ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен және Almaty Management University-мен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар ол Әйелдер қанатының белсенділері заң шығару қызметіне де елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты. Олардың бастамасымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң қабылданды, сондай-ақ психологиялық қызмет көрсету ісін дамытуға қатысты түзетулер әзірленді. Бұдан бөлек, дәл осы белсенді әйелдер аутизмге шалдыққан балаларды және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мәселесін көтеріп, соның негізінде тиісті заң жобасын әзірлеуге және балалардың дамуындағы ауытқуларды ерте диагностикалау жүйесін енгізуге бастамашы болды.

Жалпы, бүгінде әйелдер билік органдарында, бизнесте және қоғамдық ұйымдарда басшылық қызметтерді барынша көп атқара бастады. Олардың белсенділігі мемлекетті жаңғыртудың нақты қозғаушы күшіне айналып отыр. Мұның барлығы – әйелдерді қолдауға бағытталған жүйелі мемлекеттік саясаттың нәтижесі.

Ерлан Қошанов жаңа Конституцияда отбасы институты мен дәстүрлі құндылықтарды қорғау ісіне ерекше назар аударылғанын атап өтті. Ата Заң жобасында неке ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы екені нақты бекітілді. Бұл балалардың дүниеге келуі мен тәрбиеленуіне қажет берік негіз қалыптастырады. Сонымен қатар мемлекет әйелдердің құқығын қорғау шараларын күшейтеді. Атап айтқанда, «қыз алып қашу» әрекеті үшін жауапкершілік күшейтілді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында атап өткендей, бұл дәстүр емес, адам құқығын өрескел бұзу саналады. Осы қадамдардың барлығы отбасы институтын нығайтуға, әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға және қауіпсіз әрі әділетті қоғам құруға бағытталып отыр.

Мәжіліс Спикері жер жүзінде жаңа қақтығыстар мен шиеленіс ошақтары пайда болып жатқанын да атап өтті. Жаһан жұртшылығының назарын аударған Иран төңірегіндегі жағдай ешкімді бейжай қалдырмайды. Сондықтан еліміздегі бейбітшілік, тұрақтылық және қоғамдық келісім – ең қымбат қазына. Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың салмақты саясаты мен жоғары халықаралық беделі арқылы Қазақстанда тұрақтылық пен ауызбіршілік сақталып келеді. Осыған байланысты, жаңа Конституция қабылдау – мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және басқару тиімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық қадам. Ата Заң негізгі билік институттарының өкілеттігін нақты айқындап, президенттік басқару формасын елдегі тұрақтылықтың, реформалар сабақтастығының және орнықты дамудың негізі ретінде сақтайды. Сондай-ақ ол барлық билік тармағының үздіксіз, жүйелі және үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету кепілі саналады. Бұл – ел ішіндегі тұрақтылықтың, орнықты дамудың және Тәуелсіздікті нығайтудың берік негізі.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы Аида Балаева жаңа Конституция жобасы Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі сипатын сақтап қана қоймай, оны одан әрі нығайтатынын ерекше атап өтті. Вице-премьердің айтуынша, осы бағыттағы өзгерістер халықаралық деңгейде де оң бағаланып отыр. БҰҰ өкілдерінің пайымдауынша, Қазақстандағы конституциялық жаңғырту негізгі құқықтарды нығайтуға, институционалдық кепілдіктерді күшейтуге және гендерлік теңдіктің ұлттық даму басымдықтарының ажырамас бөлігі болып қала беруіне жаңа серпін береді.

Іс-шара барысында форум делегаттары жаңа Конституция жобасында қоғамның негізгі сұраныстары қамтылғанын атап өтті. Цифрлық ортада жеке деректерді қорғау нормаларын бекіту, ғылымға, білім мен инновацияға стратегиялық басымдық мәртебесін беру, отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау сынды маңызды мәселелерге де баса назар аударылды. Сондай-ақ инклюзивті білім беру ісін дамыту, медицина қызметкерлерін қолдау, құқықтық айқындықты қамтамасыз ету және жеке меншікті қорғау, қоғамдық диалогтағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі және волонтерлік қызметті институционалдық тұрғыда қолдау ісіне де ерекше мән берілді.

Жалпыұлттық Коалицияның баспасөз қызметі

 Суретті түсірген: Жаслан Жұмабеков, Талғат Таныбаев

Дайындаған: «AMANAT MEDIA GROUP» ЖШС

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

«AMANAT» партиясы» ҚБ қаражатынан төленді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 19:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары