Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Құтқару қызметі және жаңа Конституция: коалиция мүшелері өрт сөндірушілермен жүздесті

Құтқару қызметі және жаңа Конституция: коалиция мүшелері өрт сөндірушілермен жүздесті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бүгін Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері №24 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі қағидалары түсіндіріліп, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің мемлекет өміріндегі рөлі талқыланды. Жиында елдегі тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметкерлерінің еңбегі ерекше екені атап өтілді. 

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Зұлфұхар Ғаипов өрт сөндірушілерді Алғыс айту күнімен құттықтап, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қызметіне ерекше тоқталды.

Оның айтуынша, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылық көп жағдайда әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтеріне байланысты.

«Тәуелсіздік – халқымыз үшін ең қымбат құндылық. Сондықтан жаңа Конституция жобасында егемендік мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Бұл – мемлекетіміздің беріктігі мен болашағын айқындайтын негізгі қағида. Сонымен қатар құжатта азаматтардың әлеуметтік құқықтарын нақтылайтын маңызды нормалар енгізілді. Мәселен, алғаш рет Конституцияда әр адамның еңбек қызметін еркін таңдауға құқығы айқын көрсетіліп, еңбек демалысы мен еңбек гигиенасына қатысты кепілдіктер нақты бекітілді. Мұның барлығы – заманауи, ойы озық қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдар», –  деп атап өтті Зұлфұқар Ғаипов

Жаңа редакцияда тәуелсіздік пен егемендік ұғымдарына ерекше мән берілген. Егер қолданыстағы Конституцияда бұл ұғымдар екі рет айтылса, жаңа редакцияда олар алты рет бекітіледі. Бұл біздің мемлекет үшін тәуелсіздік ең басты құндылық екенін көрсетеді.

Отбасы құндылықтары – қоғамның негізгі тірегі. Жаңа Конституция жобасында бала дүниеге келген сәттен бастап оның негізгі құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ ата-ананың құқықтары мен жауапкершілігі нақты айқындалып, заң деңгейінде толық қорғалған. Бұл отбасы институтын нығайтуға бағытталған маңызды қадам, – деді Астана қаласындағы «Әкелер одағы» төрағасы Бекдайыр Нығметұлы.

Кездесу барысында қатысушылар Конституциялық өзгерістердің мазмұны мен маңызы туралы пікір алмасты. Құтқарушылар қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің тұрақты дамуы үшін заңнамалық негіздің мықты болуы маңызды екенін атап өтті.

Жиын қорытындысында жаңа Конституция жобасы мемлекеттілікті нығайтуға, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны атап өтілді. Бұл өзгерістер қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің тиімділігін арттырып, елдің тұрақты дамуына институционалдық негіз қалыптастырады.

Кездесуге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Зұлфұхар Ғаипов, Астана қаласы мәслихатының бюджеттік, экономикалық, өнеркәсіптік және кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Кендебай Адамбек, Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледж» ШЖҚ МКК директоры Абай Құрманқұлов және Астана қаласындағы «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бекдайыр Күзембай, Астана қаласы әкімінің орынбасары  Есет Байкен қатысты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 15:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see135

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see135

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see127

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары