Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Коалиция мүшелері ардагерлермен және кәсіпорын қызметкерлерімен пікір алмасты

Коалиция мүшелері ардагерлермен және кәсіпорын қызметкерлерімен пікір алмасты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Түркістан облысына жұмыс сапары барысында жаңа Конституцияның негізгі басымдықтарын кеңінен талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іссапар аясында Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков, өңірлік өкілдер Жандос Ибраев, Бекжан Айтқұлов, Сапарғали Қайшыбеков, сондай-ақ Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Нұржан Жамалбеков, Сайдирасулхан Ералиев және Динара Егамбердиева Сайрам және Түлкібас аудандарында тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесті. 

Олар алдымен Сайрам ауданының орталығы – Ақсукент елді мекеніндегі «Құрмет» ардагерлер үйінде болып, ауданның зиялы қауым өкілдерімен пікір алмасты. Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Конституция преамбуласының мазмұнына тоқталды.

«Конституцияның преамбуласы – құжаттың рухани-идеялық өзегі. Онда халықтың бірлігі, ел тәуелсіздігі, тарихи сабақтастық, ұлттық құндылықтар мен ортақ жауапкершілік айқын көрініс тапқан. Бұл құндылықтар қоғамның мәдени, ғылыми және рухани дамуына негіз болады», - деді ол.

Өткен жылы пайдалануға берілген ардагерлер үйінде аға буын өкілдерінің демалуына және ем алуына барлық жағдай жасалған.  Мекеме бір мезетте 200 қарияны қабылдай алады.

Сондай-ақ коалиция мүшелері Қарасу ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінде «Көрікті Сайрам» ЖШС-нің қызметкерлерімен және аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылғаны айтылды. 

«Азаматтың құқығы қорғалмайынша, әділетті қоғам қалыптаспайды. Сондықтан жаңа Конституцияда адам құқықтарын қорғауға, мемлекеттік биліктің ашықтығы мен тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және қоғамның шешім қабылдау үдерісіне қатысуына басымдық берілген. Сонымен қатар ұлттық мәдениет пен тарихи мұраны сақтау, білім мен ғылымды дамыту бағыттары маңызды құқықтық нормалары ретінде айқындалды», - деді Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұржан Жамалбеков.

Сондай-ақ ол халық денсаулығы мен жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруда елді мекендердің тазалығы мен санитарлық жағдайын қамтамасыз ететін коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегі мен қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, бұл мекеме аудан жолдарының сапасын қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымын жөндеу, көше жарықтандыру жүйесін орнату, абаттандыру жұмыстарын жүзеге асырады. 

Ал Түлкібас ауданында коалиция мүшелері «Майтөбе сүт» ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері кооперативінің еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы рөлі жан-жақты талқыланды.

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Динара Егамбердиева агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық өнім өндірушілерді қолдау мемлекет саясатының маңызды бағыттары екенін жеткізді. Оның айтуынша, жаңа Конституцияда меншік құқығын қорғау, кәсіпкерлікті қолдау және ауыл шаруашылығына инвестициялық тұрақтылық қалыптастыруға құқықтық негіздер қарастырылған. Реформаның түпкі мақсаты – әділетті қоғам құру, заң үстемдігін орнықтыру және еңбек адамының құқығын қорғау.

Кәсіпкер Бақытжан Оспанов жетекшілік ететін кооператив айран, сүт, ірімшік және өзге де өнім түрлерін өндіреді. Кәсіпорында 24 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жылдық өндірістік қуаттылығы 1 мың тонна сүт өнімі. Қазіргі таңда жобалық мүмкіндіктің шамамен 70 пайызы игерілген.

Сондай-ақ коалиция өкілдері Т.Рысқұлов ауылындағы Түлкібас агробизнес және туризм колледжінде білім саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында педагогтердің мәртебесін көтеру, олардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, кәсіби мамандарды қолдау және қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру басым бағыттардың бірі екені айтылды.

Жұмыс сапары барысында коалиция мүшелері қоғамның түрлі өкілдерімен ашық пікір алмасып, жаңа Конституцияның мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді. Мұндай диалог алаңдары Конституциялық реформаның мазмұнын терең ұғынуға және қоғамның белсенді қатысуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 02:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары