Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Солтүстік Қазақстан облысында жалпыұлттық коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасын білім, ғылым, мәдениет саласы өкілдерімен талқылады

Солтүстік Қазақстан облысында жалпыұлттық коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасын білім, ғылым, мәдениет саласы өкілдерімен талқылады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Петропавлда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен білім, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелерімен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Ерлан Саиров, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, Астана қаласы мәслихатының депутаты Талғат Дүйсеков, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Байтук және басқалар қатысты.

Жиында Аида Балаева жаңа Конституцияның түпкі философиясы адамға, азаматтардың игілігіне бағдарланғанын атап өтті.

«Жаңа Конституцияда адам капиталы ел дамуының басты басымдығы ретінде айқын белгіленген. Жаңа экономикалық өсу моделінде адам капиталының сапасы, оның кәсіби біліктілігі мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігі шешуші рөл атқаратын болады. Ғаламдық экономикалық дағдарыстар мен геосаяси сын-қатерлер күшейген жағдайда, елдің тұрақтылығы мен гүлденуі ең алдымен білімді ұлтқа, мықты ғылыми әлеуетке және инновациялық ойлау қабілетіне негізделеді. Осылайша, жаңа кезеңде мемлекеттің дамуындағы басты өлшем – адамның білімі, ғылыми ізденістері мен шығармашылық әлеуеті. Білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына ерекше көңіл бөлінді, ал ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау Конституцияның негізгі принциптеріне айналды. Конституция жобасында адамға бағытталған тәсіл айқын көрсетілгені және «білім», «ғылым» және «инновациялар» сияқты маңызды құндылықтардың алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілгені өте маңызды», – деді Аида Балаева.

Сенат депутаты Ольга Перепечина Қазақстан жаңа саяси даму кезеңіне қадам басып, бұл реформа қоғамның кең қолдауына ие болып, барлық басқару жүйесін сапалы жаңартуға мүмкіндік ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция білім, ғылым және ұлттың шығармашылық әлеуетін дамытуға құқықтық негіз қалыптастырады.

«Жаңа редакция мемлекеттік оқу орындарында бастауыш және орта білім алудың тегін берілуіне кепілдік береді. Бірақ білім алу құқығы ғана емес, оның сапасы да маңызды. Білім ғылымның, инновациялардың және адам капиталының негізі ретінде қарастырылады. Ғаламдық бәсекелестікте аумақ емес, білім жеңеді. Сондықтан мемлекет мұғалімдерді қолдауға, оқу бағдарламаларын жаңартуға, цифрлық сауаттылықты, сыни ойлауды және жастардың шығармашылық дағдыларын дамытуға мүдделі», – деді Ольга Перепечина.

Ерлан Саиров өз сөзінде елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар демократиялық институттарды нығайтуға және қоғамдық сананы дамытуға бағытталғанын айтты. Ол жаңа Конституция жобасы Қазақстанның саяси жүйесін ХХІ ғасырдың талаптарына бейімдеу жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Отырыста Жұлдызай Ысқақова жаңа Конституция жобасы тек құқықтық құжат болып қана қоймай, заманауи қоғамдық және құндылық бағдарларды көрсететінін айтты. Оның айтуынша, бұл құжат нағыз қоғамдық келісім-шарт ретінде қалыптасып, қоғамның бірлігі мен консенсусы негізінде жасалмақ.

«Біз Конституцияны дамыту бойынша түрлі елдердегі конституционалистермен кездестік және көріп отырғанымыздай, біздің Конституция – бұл тек құқықтық құжат емес. Бұл шынайы қоғамдық келісім-шарт, онда даму үшін маңызды құндылықтар көрініс тапқан. Ең бастысы, бұл құжат консенсусқа негізделген. Біз –біртұтас қоғамбыз және Конституция осы бірлікті бекітеді», – деді ол.

Кездесу соңында Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысушылармен ашық әңгіме құрды. Қорытынды сөз халықтың қолында екені айтылып, 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша өз позицияларын білдіруге болатындығы сөз етілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 20:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары