Көкшетауда Қайрат Нұртастың концертінен кейін қалған қоқысқа шағымданды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Көкшетауда Металлургтер күніне орай өткен Қайрат Нұртастың концертінен кейін жағалауда шашылып қалған қоқыс тұрғындардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
"Біздің адамдарға не болған?" - деп сұрақ қояды әлеуметтік желілерде тараған видео авторы.
Бейнежазбадан бұқаралық іс-шара мен отшашудан кейін жерде бөтелкелер, құтылар мен өзге де қоқыстардың шашылып жатқанын көруге болады. Осыдан кейін желі қолданушылары "Көкшетаулықтар мәдениетті демала біле ме?" деген сауал көтерді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Новости. Кокшетау. Казахстан (@region03.kz) жарияланымдарынан
Көкшетауда Металлургтер күні 18 шілдеде аталып өтті. Негізгі мерекелік іс-шара "Болашақ сарайына" қарама-қарсы орналасқан жаңа жағалауда ұйымдастырылды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концертте танымал әнші Қайрат Нұртас өнер көрсетті. Мерекелік бағдарлама соңы отшашумен аяқталды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Көкшетау. Ақмола облысы. Жаңалықтар. Жарнама (@sinegor.kz) жарияланымы
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:93
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Шілде 2026 19:11 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















