Көлік іші +60°С қа дейін қызады: ТЖМ қазақстандықтарға шұғыл ескерту жасады
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ведомствоның мәліметінше, жаз мезгілінде ауа температурасының жоғары болуына байланысты жабық автокөліктің іші небәрі бірнеше минуттың ішінде адам өміріне қауіпті деңгейге дейін қызып кетеді.
"Бұл балалардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді", – деп ескертті ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Осыған байланысты министрлік ата-аналар мен жүргізушілерге мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
балаларды көлікте, тіпті бірнеше минутқа болса да, жалғыз қалдырмаңыз;көліктен шығарда баланың өзіңізбен бірге екеніне міндетті түрде көз жеткізіңіз;автокөлікті әрдайым құлыптап, кілтін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;сәл ашық тұрған терезелердің өзі көлік ішінде қауіпсіз температураны қамтамасыз етпейтінін ұмытпаңыз;егер жабық көлікте жалғыз қалған баланы байқасаңыз, дереу 112 нөміріне хабарлап, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдаңыз."Сырттағы ауа температурасы +30...+35°С болғанның өзінде, автокөлік салоны небәрі 10–15 минут ішінде +50...+60°С-қа дейін қызуы мүмкін. Мұндай жағдайда баланың ағзасы тез қызып кетіп, ауыр зардаптарға әкелуі және өміріне қауіп төндіруі ықтимал", – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 20 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде +45°С-қа дейін аптап ыстық сақталатынын ескерткен болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Көлік министрлігі жүргізушілерге шұғыл ескерту жасады
30 Желтоқсан 2025 18:57
ҚазАвтоЖол жүргізушілерге шұғыл ескерту жасады
13 Наурыз 2026 10:52
Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз күтілуде ТЖМ шұғыл ескерту жасады
06 Ақпан 2026 12:55
Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандықтарға ескерту жасады
17 Қазан 2025 15:09
Жаңажылдық құттықтаулар: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
18 Желтоқсан 2025 12:17
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Шілде 2026 09:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















