Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Коллекторлар бөтеннің несиесі үшін хабарласуда қазақстандықтар жіберетін басты қателік

Коллекторлар бөтеннің несиесі үшін хабарласуда қазақстандықтар жіберетін басты қателік

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Егер коллекторлар туысыңыз, көршіңіз немесе мүлдем бейтаныс адам үшін қарызды қайтаруды талап етсе, не істеу керек? Мұндай жағдайдағы басты қателік - ақталу немесе "келісуге" тырысу.

Бұл неге қателік? Коллекторлық агенттіктер кінәсіз адамдарды не себепті мазалайды? Байқаусызда айтылған "иә" сөзінің қаупі қандай және телефон арқылы жасалатын қысымды заңды түрде қалай тоқтатуға болады? Tengrinews.kz-тің осы және өзге де сауалдарына заңгерлер жауап берді.

Коллекторлардың сізге қоңырау шалуға құқығы бар ма?

Иә, бірақ әрдайым емес. Заң бойынша коллекторлар борышкердің өзі, оның өкілі, қосалқы қарыз алушы немесе кепілгермен байланыса алады.

Егер сіздің несиеге еш қатысыңыз болмаса, сізге тек қарыз алушымен қалай байланысуға болатынын нақтылау үшін ғана хабарласуы мүмкін. Оның өзі тек несие шартында қарастырылған жағдайда ғана рұқсат етіледі, - деп түсіндірді аға заңгер Фарит Айтбагин.

Егер сіз: "Маған хабарласпаңыздар", - деп айтсаңыз, коллекторлар қоңырауды тоқтатуға міндетті. Бөтен адамнан біреудің қарызын өтеуді талап етуге олардың құқығы жоқ.

"Қарыз алушылар көбіне байланыс нөмір ретінде біреудің нөмірін көрсетеді. Коллектор бұл нөмірді бір мезгілде екі шарт орындалғанда ғана пайдалана алады: борышкермен жасалған шартта үшінші тұлғалар арқылы іздеуге рұқсат берілген және сіз бұған қарсы емессіз. Сіздің нөміріңізді өңдеу - бұл дербес деректерді өңдеу болып табылады. Сіз кез келген уақытта келісіміңізді кері қайтарып алуға, ал егер келісім бермеген болсаңыз - бұл туралы мәлімдеп, деректерді өңдеуді тоқтатуды және нөмірді өшіруді талап етуге құқылысыз. Заң "көрсетілген екен, демек болады" деген логиканы мойындамайды. Сіздің қарсылығыңыз біреудің шартындағы жазбадан маңыздырақ".

Фарит Айтбагин

ALC Attorneys халықаралық заң компаниясының аға заңгері

Сонымен қатар, қоңырау шалудың "лимиті" бар. Сізге тек жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін және аптасына үш реттен көп емес қоңырау шалуға құқылы.

Коллекторларға түнде, демалыс және мереке күндері қоңырау шалуға немесе келуге тыйым салынған. Тек борышкердің өзі төлемнен қасақана жалтарған жағдайда ғана ерекшелік болуы мүмкін. Бөгде адамдарға бұл ереже қолданылмайды.

"Заң қысым көрсету үшін бөгде адамның үйіне баруға рұқсат бермейді. Егер коллектор WhatsApp немесе Telegram арқылы жазса немесе үйіңізге келсе, күні көрсетілген скриншоттарды, фото, видеоларды сақтап, куәгерлерді тіркеңіз. Содан кейін жазбаша түрде қарсылық білдіріп, ҚНРДА-ға (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі - ред. ескертпесі) шағым жолдаңыз", - деп кеңес берді заңгер.

Егер сізге қарыз рәсімделген кезде нөміріңіз "байланыс нөмірі" ретінде көрсетілгенін айтса, бұл бәрібір сізге жиі қоңырау шалуға құқық бермейді, деді заңгер Фарид Алиев.

Біреудің нөмірін "байланыс нөмірі" ретінде көрсету коллекторға өздігінен қоңырау шалу құқығын бермейді; бұл үшін сол нөмір иесінің жеке келісімі қажет. Бұл тек адамның өзі бұған дейін қолы, SMS-растау немесе электронды келісіммен растаған жағдайда ғана мүмкін. Егер мұндай келісім болмаса, бұл заңбұзушылық болып саналады және адам қоңырауларды тоқтатуды әрі нөмірін базадан шығаруды талап етуге құқылы.

Фарид Алиев

ALC Attorneys халықаралық заң компаниясының басқарушы серіктесі

Сөйлесу тәртібі

Егер сізге бәрібір қоңырау шалса, алдымен коллектордан өзін таныстыруды сұраңыз. Заң бойынша ол өз есімін, лауазымын, коллекторлық агенттіктің және кредитордың атауын айтуға міндетті. Бұл деректерді жазып алыңыз.

Бұдан кейін ақталудың, жағдайды түсіндірудің немесе дауласудың қажеті жоқ. Бұл қарызға қатысыңыз жоқ екенін және бұдан былай мазаламауды талап ететініңізді сабырмен айту жеткілікті.

"Мен қарыз алушы да, қосалқы қарыз алушы да, кепілгер де емеспін, шартқа қол қойған жоқпын және нөмірімді пайдалануға келісім берген жоқпын. Бұдан былай байланысуға қарсы екенімді білдіремін және нөмірімді өшіруді талап етемін. Сөйлесуді жазып жатырмын". Осыдан кейін заң бойынша байланыс тоқтатылуы тиіс, ал әрі қарайғы қарым-қатынасты жазбаша түрге ауыстырған дұрыс".


Фарит Айтбагин

ALC Attorneys халықаралық заң компаниясының аға заңгері

Сіздің коллектормен сөйлесуді жазып алуға заңды құқығыңыз бар. Бұл ҚНРДА-ға шағымданғанда немесе сотқа жүгінгенде қажет болады.

Қоңыраулар тоқтамаса не істеу керек?

Егер сіз біреудің қарызына қатысыңыз жоқ екенін түсіндірсеңіз де қоңыраулар жалғаса берсе, келесі қадамға көшіңіз.

1. Жазбаша талап жолдаңыз

Ауызша өтініштерді елемеу оңай. Сондықтан коллекторлық агенттікке және кредиторға (банкке немесе МҚҰ-ға) қоңырауларды тоқтату және нөміріңізді базадан өшіру туралы жазбаша талап жіберіңіз.

Хатта мыналарды көрсетіңіз:

аты-жөніңіз және телефон нөміріңіз; сіз борышкер, қосалқы қарыз алушы немесе кепілгер емес екеніңізді; нөміріңізді базадан шығару және қоңырауларды тоқтату талабы.

Хатты растамасы қалатындай етіп жіберіңіз: электронды пошта арқылы, тапсырыс хат немесе кеңсе (канцелярия) арқылы.

2. Егер бұл көмектеспесе - шағымданыңыз

Егер қоңыраулар толастамаса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарласыңыз. Шағымды eOtinish порталы арқылы немесе жазбаша түрде беруге болады. Өтінішке барлық айғақтарды қоса тіркеңіз:

қоңыраулардың егжей-тегжейлі тарихы (детализация); хабарламалардың скриншоттары; сөйлесулердің аудиожазбалары.

"Реттеуші коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізеді және әрбір заңбұзушылық жағдайы бойынша өтініштерді қарастырады. Заңбұзушы агенттікке айыппұл салынуы, "қара тізімге" енуі, тіпті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылып, қызметіне тыйым салынуы мүмкін. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері - қорқыту, бопсалау, заңсыз кәсіпкерлік қызмет - анықталған жағдайда, бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – деді Фарид Алиев.

3. Егер сізге сес көрсетсе – бірден полицияға хабарласыңыз

Коллекторлардың сес көрсетуге, балағаттауға, бопсалауға, мүлікке зақым келтіруге немесе жеке деректеріңізді жария етуге құқығы жоқ.

"Борышқа қатысы жоқ бөгде адамның үйіне бару заң шеңберінен тыс және заңсыз болып табылады. Егер мұндай жағдай болса, есікті ашпаңыз және қарызға қатысты диалогқа түспеңіз, мүмкіндігінше бұл фактіні видео немесе аудиоға түсіріп алыңыз, келген адамның деректерін жазып алыңыз. Бұдан кейін ҚНРДА-ға шағым түсіріп, қорқыту немесе қысым көрсетілген жағдайда полицияға жүгіну қажет", - деп түсіндірді Фарид Алиев.

Егер іс қорқыту мен қысымға дейін жетсе, ҚНРДА-ға шағымданумен қатар бірден полицияға хабарласыңыз. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік, ал кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деді заңгер Фарит Айтбагин.

Жіберуге болмайтын басты қателіктер

Заңгердің түсіндіруі бойынша, бастысы - коллекторлармен ұзақ дауласпау және ақталмау. Борышкер туралы ақпарат бермеңіз және оған хабарламаны жеткізуге немесе оған әсер етуге уәде бермеңіз. Әйтпесе, коллекторлар сізді борышкердің байланыс адамы немесе сенімді тұлғасы ретінде тіркеп қоюы мүмкін.

Қоңыраулардың тоқтағанын қаласаңыз да, ешбір жағдайда біреудің қарызын төлемеңіз.

"Тынштық үшін біреудің қарызын төлемеңіз. Коллектордың жалпы ақша қабылдауға құқығы жоқ. Жазбаша талап қоймай, тек ауызша қарсылықпен шектелмеңіз. Айғақтарды: қоңырауларды, скриншоттарды, жазбаларды жоймаңыз. Қысым өздігінен тоқтайды деп оған көз жұма қарамаңыз. Пайдалы әдет: агенттіктің ҚНРДА-ның коллекторлық агенттіктер тізілімінде бар-жоғын тексеріңіз, себебі тіркелмеген тұлғаның қарызды өндіруі заңсыз".


Фарит Айтбагин

ALC Attorneys халықаралық заң компаниясының аға заңгері

Туысымның кредиті үшін хабарласып жатыр. Не істеу керек?

Заңгер Фарит Айтбагин тағы да қайталады: егер сіз кредит алмасаңыз, бірлескен қарыз алушы немесе кепілгер болмасаңыз, онда тіпті борышкер туысыңыз болса да, оның қарызын төлеуге міндетті емессіз.

Заң бойынша коллекторлар борышкермен қалай байланысуға болатынын анықтау үшін туыстарына тек бір рет қана хабарласа алады. Егер осыдан кейін сіз: "Маған енді хабарласпаңыздар" десеңіз, қоңыраулар тоқтатылуы тиіс.

Борышкерге әсер ету мақсатында оның туыстарына, көршілеріне, әріптестеріне немесе жұмыс берушісіне қысым көрсетуге тыйым салынады.

"Қарызды мойындамау керек және "анықтаймын" немесе "борышкерге жеткіземін" деп уәде бермеу қажет. Бұл әрі қарайғы өзара байланысқа келісім беру ретінде бағалануы мүмкін. Жеке деректерді (мекенжай, жұмыс орны, борышкердің деректері) хабарламаңыз. Мәселеге үнсіз қарамаңыз, бірден жазбаша түрде бас тартып, нөмірді тізімнен шығаруды талап еткен дұрыс. Қайталанған заңбұзушылықтар кезінде ҚНРДА-ға шағымданудан тартынбаңыз".

Фарид Алиев

ALC Attorneys халықаралық заң компаниясының басқарушы серіктесі

Ерекше жағдайлар бар ма? Иә, бірақ тек біреу ғана. Егер борышкер қайтыс болғаннан кейін адам мұрагерлікке ие болса, ол оның қарыздарына жауап береді. Бірақ ол өз мүлкімен емес, тек алынған мұраның құны шегінде ғана жауапты болады.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстандағы бірнеше коллекторлық агенттіктің қызметінен салықтық заңбұзушылықтарды анықтағанын жазған болатынбыз. Ведомство мәліметінше, кейбір компаниялар салықты азайтып көрсетіп, ондаған миллиард теңге көлеміндегі ҚҚС төлеуден жалтарған болуы мүмкін. Толығырақ - осы жерде.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:77
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 08:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары