Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Командир өзінің қарамағындағы әскерилер үшін үлгі болуға тиіс полковник

Командир өзінің қарамағындағы әскерилер үшін үлгі болуға тиіс полковник

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

– Арынғали Құрманғалиұлы ең алдымен Сізді кәсіби мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Қызметтіңізге сәттілік тілейміз! Құрлық әскерлеріндегі әскери қызметшілерді даярлау жүйесінде тәрбиелік құрылымдардың рөліне тоқталсаңыз.

– Құрлық әскерлеріндегі тәрбиелік құрылымдар – әскери дайындық жүйесінің ажырамас бөлігі. Олар тек әскери тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, жеке құрамда Отанға адалдықты, әскери антқа берік болуды, заңға және адамгершілік құндылықтарға құрметті қалыптастырады. Тәрбиелік жұмыс әскери қызметшінің моральдық-психологиялық тұрақтылығын арттырып, кез келген жағдайда жауапты шешім қабылдай алатын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Бүгінде тәрбие және идеологиялық жұмыстың барлық бағыттарында жұмыс істеу үшін жеткілікті тиімді тетік жасалған. Мемлекеттік-құқықтық дайындық, үгіт-насихат жұмыстары, ақпараттандыру сияқты дәстүрлі жұмыс түрлерімен қатар жеке құраммен жұмыстың жаңа түрлері енгізіліп жатыр. Біз әскери қызметтің сапасын арттыруға, яғни елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған көптеген іс-шаралар өткіземіз. Әскери ұжымдарда болып жатқан процестерді үнемі зерделейміз, әскери қызметшілердің барлық санаттарына жасырын сауалнама жүргіземіз. Тоқсан сайын мұндай сауалнамалар әскери қызметшілердің 100 пайызын қамтиды. Анықталған проблемалар тиiстi лауазымды адамдарға жеткiзiледi және бiрiншi кезектегi тәртiппен шешiледi.

2025 жыл бойы «Заң және тәртіп», «Өмірді қорғау», «Әскери бөлімдерде оқиғалар мен құқық бұзушылықтардың нүктелік алдын алу әдістемесі» бағдарламасы шеңберінде шаралар, әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру мәселелері дәйекті іске асырылды.

Сондай-ақ, 2025 жыл бойы Құрлық әскерлерінде ардагерлер ұйымдарымен бірігіп, әскер жасына дейінгі жастармен әскери-патриоттық жұмыс тиімді жүргізілгенін атап өту қажет. Олармен «Ашық есік күндері» (500-ден астам іс-шаралар), «Армия аналар көзімен», «Ерлік сабағы» (1500-ден астам), «Телекөпір» және басқа да іс-шаралар жиі ұйымдастырылды.

Фото: Құрлық әскерлері

– Қазіргі заманғы әскер жағдайында тәрбиешілер қандай негізгі қиындықтарға тап болып отыр?

– Бүгінгі таңда тәрбиешілер қоғамдағы өзгерістермен қатар келетін жаңа сын-қатерлерге кезігеді. Ақпараттық кеңістіктің кеңеюі, әлеуметтік желілердің ықпалы, жастардың дүниетанымындағы алуан түрлі көзқарастар – осының барлығы тәрбиелік жұмыстың тәсілдерін жаңартуды талап етеді. Сонымен қатар, жас сарбаздардың азаматтық ортадан әскери ортаға бейімделуі де ерекше назарды қажет етеді.

– Әскери тәртіп пен тәрбиені қалыптастыруда қандай заманауи әдістер қолданылып жатыр, нақтылай өтсеңіз?

– Қазіргі таңда интерактивті оқыту, психологиялық тренингтер, топтық жұмыстар, нақты жағдайларды талдау сияқты заманауи әдістер кеңінен қолданылып жатыр. Сонымен бірге, әскери қызметшілермен жеке жұмыс жүргізу, тәлімгерлік институтын дамыту, офицер мен сарбаз арасындағы ашық диалогқа басымдық беріледі. Бұл әдістер сенімге негізделген тәртіпті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

– Әскердегі әлімжеттік немесе «дедовщина» мәселесіне көзқарасыңыз қандай? Оны жою мүмкін бе?

– Әлімжеттік – Қарулы Күштер үшін мүлдем жол берілмейтін құбылыс. Бүгінде Қарулы Күштерде мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр.

Фото: Құрлық әскерлері

Соңғы жылдары Қарулы Күштерінде әскери қызметті ұйымдастыру мен бақылау түбегейлі өзгерді. Офицерлік және сержанттық құрам жеке құраммен күнделікті жұмыс жүргізеді, моральдық-психологиялық ахуал тұрақты бақылауда ұстайды. Сонымен қатар, ішкі тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ететін механизмдер бар. Бұл жүйе әлімжеттіктің кез келген көрінісіне жол бермейді. Қазіргі әскер – ашық әрі бақылаудағы құрылым. Әрбір сарбаздың құқығы қорғалған, ал кез келген заңсыз әрекет бірден анықталады. Жас сарбаздардың әскери ортаға бейімделуіне ерекше көңіл бөлінеді. Олар тәрбиеші офицерлердің, психологтардың және командирлердің тұрақты бақылауында болады. Басты мақсат – сарбаздың өзін қауіпсіз, сенімді сезінуі және әскери қызметке толыққанды бейімделуі.

Қоғам да, ата-аналар да бір нәрсені білсе деймін: бүгінгі Қазақстан Қарулы Күштері – тәртіпке, заңдылыққа және адам өміріне деген жауапкершілікке негізделген әскер. Ата-аналарға айтарым әскер нағыз абырой мен жауапкершілік мектебі.

​– Оның алдын алу үшін қандай шаралар жүзеге асырылып отыр?

– Алдын алу мақсатында офицерлік бақылау күшейтілді, тәулік бойғы кері байланыс арналары жұмыс істейді, психологтар мен тәрбиешілердің қатысуымен тұрақты мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттыру, жас сарбаздардың ата-аналарымен байланыс орнату да маңызды рөл атқарады.

Фото: Құрлық әскерлері

– Бұл тұста әскерилердің психологиялық дайындыққа ерекше мән берілу қажет сияқты, жас сарбаздардың сенімділігін арттыру үшін қандай тәсілдер қолданылады?

– Ең алдымен, әрбір сарбаздың жеке психологиялық ерекшелігі ескеріледі. Офицерлер жас сарбазбен ашық әңгіме жүргізіп, оның ішкі алаңдаушылығын анықтауға тырысады. Топтық тренингтер, сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған жаттығулар, жетістікті уақытылы атап өту – сенімділікті қалыптастырудың тиімді тәсілдері.

Тұтастай алғанда, Құрлық әскерлерiнiң әскерлерiнде идеологиялық жұмысты ұйымдастыру жүйелi болып қала бередi және жеке құрамның моральдық-психологиялық тұрақтылығын нығайтуға және келеңсiз көрiнiстерге жол бермеуге бағытталған және мiндеттердi мақсаты бойынша сапалы шешуге мүмкiндiк бередi. Психологиялық жұмыс бөлімі әскери қызметшілермен 30 000-нан астам профилактикалық әңгімелесу өткізді, 28 000-нан астам әскери қызметші түрлі әдістемелерді қолдана отырып, психологиялық тексеруден өтті.

– Әскердегі бірлік пен командалық рухты күшейту үшін қандай қосымша іс-шаралар енгізіліп жатыр?

– Бұл бағытта спорттық жарыстар, әскери-патриоттық іс-шаралар, бірлескен далалық сабақтар, мәдени және танымдық кездесулер ұйымдастырылады.

– Жастар мен тәжірибелі әскери қызметшілер арасындағы түсініспеушіліктердің алдын алу қалай жүзеге асады?

– Мұндай жағдайларда ашық әңгіме өткізіледі. Сондай-ақ ортақ міндеттерді түсіндіру, тәжірибелі әскери қызметшілерді тәлімгер ретінде бекіту – тиімді әдістердің бірі.

Фото: Құрлық әскерлері

Қазіргі таңда болашақ көшбасшылар мен командирлерді даярлаудағы әскери тәрбиешілердің рөлі армиялық тәрбие жүйесіндегі ең маңызды және көп қырлы. Тәрбиешілер әскери қызметшілерді қажетті кәсіби дағдыларға үйретіп қана қоймай, табысты қолбасшылық пен көшбасшылық үшін негіз болатын тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда негізгі рөл атқарады.

Командир өзінің қарамағындағы әскерилер үшін үлгі болуға тиіс және тәрбиешілер болашақ көшбасшылардың өзін-өзі бақылауын, төзімділігі мен тәртібін дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл командирге қиын сәттерде дұрыс шешім қабылдауға ғана емес, ұжымда сенім мен құрмет атмосферасын қалыптастыра отырып, жеке құрамның моральдық рухын сақтауға көмектесетін маңызды аспектілер.

Командир - бұл тек стратег ғана емес, сонымен қатар өз бағыныстыларын қолдап, ынталандыруы тиіс психолог. Тәрбиешілер болашақ командирлердің жеке құраммен өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруда, ұжымдағы жұмыстың психологиялық аспектілерін түсінуде, қиындықтар жағдайында жоғары моральдық рухты сақтай білуде маңызды рөл атқарады. Олар командирлерді қатаң және талап етуші болуға ғана емес, сондай-ақ өз бағыныстыларының әл-ауқатына қамқорлық жасауға, оларды қиын сәттерде қолдауға үйретеді.

Болашақ командир өзінің бағыныстылары үшін моральдық үлгі болуға тиіс және әскери тәрбиешілер осы құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Тәрбиешілер болашақ көшбасшыларда адалдық, әдептілік, әділдік және адам қадір-қасиетін құрметтеу сияқты қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Бұл құндылықтар көшбасшылықтың негізіне айналып, бағыныстыларға деген сенімді нығайтады.

– Сұхбатымызды қорытындыласақ, тәрбиелеуші офицерлердің болашақта рөлі қалай өзгеруі мүмкін деп ойлайсыз?

– Алдағы уақытта тәрбиелеуші офицерлер тек тәртіпті бақылаушы емес, көшбасшы, психолог және тәлімгер рөлін қатар атқаратын болады. Заманауи технологиялар мен жаңа әскери мәдениет жағдайында олардың басты миссиясы – кәсіби, ойлай алатын, моральдық тұрғыдан берік әскери қызметшіні қалыптастыру.

Қазіргі заманғы армия жағдайында тәрбиешілер икемділікті, кәсібилікті және жеке адамның психологиясын терең түсінуді талап ететін бірқатар елеулі сын-қатерлерге тап болады.

Әскерге түсетін жастар жиі күйзеліс, алаңдаушылық, өмірдің жаңа ырғағына бейімделу, отбасынан және туыстарынан алшақтау сияқты психоэмоциялық қиындықтарға тап болады. Тәрбиешілер сарбаздардың жеке басының тұрақтылығын сақтай білуі, оларға осы проблемаларды еңсеруге көмектесуі, сондай-ақ депрессияға, жалғыздыққа және басқа да психологиялық жағдайларға байланысты мәселелерді шешуі тиіс.

Фото: Құрлық әскерлері

Қазіргі кезде жастар уәждеу проблемаларымен жиі кездеседі, бұл тәртіпке және қызметтік процеске тарту процесін қиындатады. Көптеген әскерге шақырылушылар армияның маңызын және ондағы өз рөлін түсінбеуі мүмкін. Бұл әскери қызметшілердің саналы және жауапты ұстанымын қалыптастыру процесінде тәрбиешілер үшін қиындықтар туғызады. Солдаттарды олардың қызметінің маңыздылығын және тәртіптің маңыздылығын түсінуге көмектесе отырып, ынталандыруды үйрену маңызды. Бұл – Қарулы Күштердің тұрақтылығы мен сенімділігінің негізі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қаңтар 2026 20:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары