Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Көмір бар, жөндеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр: Қазақстанда жылыту маусымына қалай дайындалып жатыр

Көмір бар, жөндеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр: Қазақстанда жылыту маусымына қалай дайындалып жатыр

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Премьер-министр Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық бойынша қалған жұмыстарды аяқтауды және жылудың уақытылы берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Кеңесте отын қоры мен энергетикалық, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның дайындығы талқыланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, маусымның басталуына қарай Қазақстанда негізгі энергия көздері дайындалып, отынның нормативтік қоры жасақталған. Төрт энергия блогы, 28 қазандық және 18 турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды. Тағы үш энергия блогында, 26 қазандық пен 21 турбинада жұмыстар жалғасып жатыр.

Жылу желілері 93 пайызға дайын: жоспарланған 377 шақырымның 352-сі жөнделді. Реконструкциялау мен күрделі жөндеуге 196,8 миллиард теңге қарастырылған. Тағы 27,9 миллиард теңге шұғыл жұмыстарға Үкімет резервінен бөлінген.

Ресми деректер бойынша, қазіргі уақытта энергия көздерінің қоймаларында 4,8 миллион тонна көмір мен 127 мың тонна мазут бар. Бекітілген кестеге сәйкес тағы 255 мың тонна мазут жеткізілуі тиіс. Алдағы маусымда халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың көмірге деген жалпы қажеттілігі 7,3 миллион тонна деп бағаланып отыр.

Кеңес барысында премьер-министрге жоспарға енгізілген барлық білім беру және денсаулық сақтау нысандарының, қазандықтардың, сондай-ақ тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығы аяқталғаны туралы баяндалды. Әңгіме 10 913 оқу орны, 5 394 медициналық нысан, 14 939 автономды қазандық және 53 610 үй туралы болып отыр.

Жиында Абай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары әкімдерінің есептері бөлек тыңдалды.

Абай облысында 53,7 шақырым жылу желісін ауыстыру жұмыстары жалғасуда, қазандық жабдықтарын жөндеу 95 пайызға орындалды. Барлық жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

"Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сектор нысандары мен тұрғын үй қорының жылыту маусымына толық дайындығы қамтамасыз етілді. Барлық жұмысты қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр", – деп атап өтті Абай облысының әкімі Берік Уәли.

Ақмола облысында 26 қазандықтың 24-і ауыстырылып, 37 шақырым жылу желісі жөнделді - бұл жоспардың 97 пайызы. Сондай-ақ төрт блокты-модульді қазандықтың құрылысы аяқталып келеді, Степногорск ЖЭО мен қалалық жылу магистралін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"Облыстың әлеуметтік нысандары мен тұрғын үй қоры толық дайындалды", – деп мәлімдеді отырыс барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл 2-ЖЭО жылу беруді бастауға дайын. Сегіз қазандық агрегаты әзірленіп, алты қазандық пен алты турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталды. Петропавл жылу магистральдарындағы жұмыстарды 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр.

"Өңірде жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталуы тиіс", – деп баяндады Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ұлытау облысында әкімдік мәліметінше, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылыту маусымына дайын. Жезқазған ЖЭО-да төрт қазандық пен төрт турбина жөнделді, №11 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілді.

"Сәтбаев қаласындағы ЖЭО мен №1 жылу станциясының басқа да жабдықтарын дайындау жұмыстары жалғасып жатыр", – деп атап өтті Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр қалған барлық жұмысты аяқтауды және жылудың уақытылы берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Энергетика министрлігіне "ҚТЖ-мен" бірлесіп, энергия нысандарына және халыққа көмір мен мазут жеткізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

"Азаматтарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету – Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша жөндеу жұмыстарын қаржыландыру ұлғайтылды. Жергілікті әкімдер барлық нысанның, әсіресе әлеуметтік және өнеркәсіптік инфрақұрылымның дайындығын жеке бақылауда ұстауы тиіс", - деп атап көрсетті Олжас Бектенов.

Бектенов қысқа дайындықты уақытылы аяқтамағандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қыркүйек 2026 11:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары