Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы тепе теңдікті күшейтіп, Парламенттің саяси салмағын арттырады Нұрлан Бекназаров

Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы тепе теңдікті күшейтіп, Парламенттің саяси салмағын арттырады Нұрлан Бекназаров

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстанда конституциялық реформа аясында билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу көзделіп отыр. Жаңа модель парламенттің ықпалын күшейтіп, мемлекеттік басқарудағы тепе-теңдік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуды мақсат етеді. Аталған өзгерістер жөнінде Сенат депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Нұрлан Бекназаров кеңінен айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Жаңа Конституцияда билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу қандай негізгі қағидаттарға сүйеніп жүргізіледі?

– Қазақстандағы конституциялық реформа саяси жүйені жаңғыртуға және мемлекеттік басқарудың неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыруға бағытталған. 

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңінде саяси тұрақтылықты қамтамасыз еткен күшті президенттік билік моделін бекітсе, жаңа Конституция билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге және институционалдық тепе-теңдікті күшейтуге негізделеді.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік басқаруды жаңғырту билік тармақтарының теңгерімі мен мемлекеттік институттардың тиімді өзара іс-қимылына негізделген жүйені қалыптастыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. 

Сондықтан жүзеге асыру жоспарланып отырған реформаның негізгі мақсаты – өкілді институттардың рөлін күшейтіп, парламенттік бақылау тетіктерін кеңейтетін теңгерімді президенттік республика моделіне көшу. 

Өкілеттіктерді қайта бөлудің бірінші маңызды қағидаты – тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайту. Жаңа Конституция өкілеттіктердің бір бөлігін заң шығарушы билікке беру арқылы бір мемлекеттік институтта биліктің шамадан тыс шоғырлануына жол бермеуді көздейді.

Екінші қағидат – өкілдік демократияны дамыту және заң шығарушы органның рөлін күшейту. Өкілді орган заң шығару және атқарушы биліктің қызметін бақылау саласында кеңірек өкілеттіктерге ие болады.

Үшінші қағидат – атқарушы биліктің жауапкершілігін арттыру. Жаңа конституциялық модель үкіметтің өкілді органмен байланысын нығайтып, атқарушы биліктің қоғам алдындағы саяси жауапкершілігін күшейтеді.

Төртінші қағидат – конституциялық бақылау тетіктерін дамыту. Конституциялық Сот заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарайды және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Бесінші қағидат – мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту.

– Конституциялық реформа аясында Парламенттің заң шығару және бақылау функциялары қалай күшейеді?

– Конституциялық реформа жоғары өкілді органның мемлекеттік билік жүйесіндегі рөлін күшейтіп, оның заң шығару және бақылау функцияларын кеңейтуді көздейді. 

Конституциялық өзгерістер нәтижесінде Парламенттің заң шығару процесіндегі рөлі арта түседі. 

Мемлекет басшысының бастамасымен бір палаталы Парламентке көшу аясында жоғары Заң шығарушы органның өкілеттіктері мұқият қайта қаралып, Құрылтайға қатысты ережелер толық нақтыланып, түгелдей жаңарғанын атап өту қажет. 

Жаңа Конституция жобасына сәйкес Құрылтай – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi орган.

Сол себепті бір палаталы Парламентке өту жұмыстың жаңа қалыбы мен қарқынына, тез шешім қабылдауға бейімделуді көздейді. 

Яғни, оның заң шығару процесін жедел, түсінікті және қоғам үшін ашық  болуына ықпал етеді.

Заң жобалары бойынша 3 оқылымның міндетті форматын енгізу ұсынылады. Алғашқы екі оқылым шеңберінде заң жобасының мазмұны айқындалатын болады, ал үшінші оқылым шеңберінде – оның «заңдық тазалығы» қамтамасыз етілетін болады.

Құрылтай заң қабылдау арқылы реттелетін аса маңызды қоғамдық қатынастардың тізбесі берілді. 

Парламенттің атқарушы билікке бақылауының күшеюіне келетін болсақ, ол жаңа деңгейге көтеріліп, бақылау механизмдері кеңейтіледі.  

Атап айтқанда, Ата заңның жобасына сәйкес Құрылтай:

депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру құқығына ие болады;  Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылайды және бекітеді. Бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін бекітпеуі Құрылтайдың Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруі деп саналады;  депутаттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің өз қызметі жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Үкімет мүшесі Қазақстан Республикасының заңдарын орындамаған жағдайда, есепті тыңдау қорытындысы бойынша Құрылтай депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен Қазақстан Республикасының Президентіне оны лауазымынан босату туралы өтініш білдіру жөнінде шешім қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Үкімет мүшесін лауазымынан босатады.

Нәтижесінде реформа мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік пен тежемелік жүйесін күшейтіп, Парламенттің саяси салмағын арттырып, заңдардың орындалуын бақылауды тиімді етеді және мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен жауапкершілігін арттырады. 

Осылайша конституциялық реформа нәтижесінде Құрылтай заң шығару процесіндегі негізгі саяси институт ретінде күшейеді, атқарушы билікке тиімді парламенттік бақылауды жүргізе алады және мемлекеттік басқаруда теңгерімді әрі жауапты жүйе қалыптастыруға ықпал етеді. 

– Сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан қандай конституциялық өзгерістер енгізіледі?

– Жаңа Конституция жобасында сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Бұл құқық үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауға бағытталған маңызды қадам.

Атап айтсақ, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды, әрі түбегейлі өзгерістер көзделген.

Конституцияның жаңа жобасына сот ісін жүргізу нысандарының қатарына әкімшілік сот төрелігі енгізілді.

Сонымен қатар, Қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилер заңмен көзделген жағдайда қатысатыны нақтыланды.

Азаматтардың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуын реттейтін алқабилер институтына ерекше назар аударылды, нәтижесінде бұл сот жүйесін демократияландыруға және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыратуға ықпал ететін болады. 

Жоғарғы Сот Төрағасын тағайындау мерзіміне шектеу енгізіліп, оның өкілеттік мерзімі 6 жыл және бір адам 1 реттен артық Жоғарғы Сот Төрағасы болып тағайындалмайды.

Мұндай тәсіл жоғары сот және құқық қорғау органдары басшыларын тағайындаудың ашық, әрі институционалдық тұрғыдан айқын тетігін қалыптастырып, кадрлардың жүйелі ротациясына оң ықпал етеді. 

Ұсынылған өзгерістер жоғары сот органдары қызметінің ашықтығы мен заңдылығын арттыруға, сондай-ақ, сот жүйесінің тәуелсіздігін, әрбір азаматтың заңды мүдделерін қорғауға және қолжетімді, әділ, ашық, кәсіби сот төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған.

– Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігіне қалай ықпал етеді деп күтіледі?

– Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі қадам саналады.

Конституцияның жаңа жобасы аясында, бұл шара биліктің бір жерде шоғырлануына жол бермей, шешім қабылдаудың теңгерімді, ашық және есепті жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Парламенттің рөлі күшейіп, бақылау функциялары мен заңнаманың сапасы айтарлықтай артады, өз кезегінде атқарушы биліктің есептілігі нақты анықталатын болады. Бұл мемлекеттік органдардың шешім қабылдауын үйлесімді, жедел және қоғамның нақты сұранысына жауап беретін деңгейге көтереді.

Конституциялық жолмен жүзеге асырылып жатқан реформа билік тармақтары арасындағы теңгерімді нығайтып, өкілді биліктің тиімді үлгісін қалыптастырады. Саяси теңгерімнің жаңа жүйесі парламенттік бақылауды күшейтіп, заңнаманың сапасын арттырады және азаматтар үшін басқарудың ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін болады.

Сонымен қатар, билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу мемлекеттік басқару тәжірибесінің жаңаруына әкеледі, соның ішінде ашықтық, есептілік және жауапкершілік қағидаттары тұрақты түрде бекітіліп, әр қабылданған шешімнің қоғам алдындағы нәтижесі айқын көрінетін болады.

Нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесі тиімді, үйлесімді және ұзақ мерзімді саясатты жүзеге асыруға қабілетті болатыны сөзсіз.

– Әңгімеңізге рақмет.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:221
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 13:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары