Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ерлан Қошанов ҰҚШҰ алаңында Қазақстанның жаңа Конституциясын таныстырды

Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi дің 6 млн акциясын иеленді

Қайтыс болған адамдарға қызмет көрсеткен : Павлодарда медицина саласында заңбұзушылық анықталды

Жамбыл облысында ата анасыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген

Алматыдағы марафонда рекорд тіркелді

Павлодарда медициналық қызметтерге қатысты заңсыздықтар анықталды

Орта державалар жаһандық тұрақтылықтың тірегіне айналады ADF 2026 аясындағы сарапшылар пікірі

Қазақстанда биылдан бастап тағы бір мереке аталып өтеді

18 сәуірден бастап Меккеге кіру шектеледі: Жаңа талаптар жарияланды

Еуропада демографиялық дағдарыс: халық саны күрт төмендейді

Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді

Иран АҚШ ты бітімді бұзды деп айыптап, американдық кемелерге соққы берді

Тоқаев Шахановтың отбасына көңіл айтты

Демалыс маусымы: Қазақстанда Алакөлге қосымша пойыздар іске қосылады

Қазақстан төрт өзбек банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Жапонияда күшті жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту жарияланды

Гуанчжоу жәрмеңкесіндегі шетелдік сатып алушылар саны рекордтық деңгейге жетті

Танымал брендтің балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылды

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі

Алматы Өскемен тасжолында болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

Конституциялық реформа: мемлекеттіліктің жаңа келбеті

Конституциялық реформа: мемлекеттіліктің жаңа келбеті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қастерлі Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы ел дамуындағы тарихи кезеңде ұйымдастырылған және мемлекеттің алдағы қадамдарын айқындаған аса маңызды оқиға болды. Бұл жолы да қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелерден бастап, мемлекеттілікті нығайтуды көздейтін ауқымды бастамалар кеңінен талқыланды.

Нақты айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отырыс­та Қазақстанның саяси жүйесін, мем­лекеттік басқару моделін, қоғам­дық сананы және ұлттық дамудың стратегиялық бағдарын жаңа деңгейге көтеретін бастамаларды ортаға салды. Мемлекет басшысының сөзі жекелеген реформалардың жиынтығы емес, біртұтас жаңа саяси парадигманың жарқын көрінісі екені анық.

Құрылтайда мән берілген ең бас­ты мәселенің бірі парламенттік реформа болғаны белгілі. Мемлекет басшысы аталған реформа ауқымды саяси жаңғырудың жаңа кезеңіндегі өзгерістердің өзегі екенін нақты айтты. Сондай-ақ бұл бастама жарты жылға жуық уақыт бойы қызу талқыланып, соның аясында көптеген ұсыныс келіп түскенін атап өтті.

Осыған байланысты Президент жаңа бір палаталы Парламентті Құрыл­тай деп атауды ұсынды. Шын мәнін­де, бұл – тарихи сабақтастыққа табан тіреген, ұлттық санаға жақын және символикалық мәні терең ұсыныс. Құрылтай – қазақ мемлекеттілігінің дәстүрлі институты және елдік мәселе­лер кеңінен талқыланатын ортақ алаң. Осы атаудың заманауи мазмұнда жаңғыруын тарихи әділеттіліктің белгісі деп қабылдаймыз.

Ұсыныстарды мұқият зерделей келе, Жұмыс тобының жаңа Парла­менттің мандат саны 145 болуы және комитеттер саны 8-ден аспауы керек деген байламға келгені айтылды. Бұл – орынды бастама. Президент атап өткендей, мақсат – депутат санын көбейту емес, тиімді әрі кәсіби Парламент қалыптастыру.

Әлемдік тәжірибе де сапалы заң шығару үшін саннан гөрі біліктілік, жауапкершілік пен отаншылдық маңызды екенін дәлелдеп отыр. Сондықтан «мәселе – санда емес, сапада» деген қағида жаңа Парламенттің басты ұстанымы болуға тиіс.

Президент жаңа Парламентке бірқатар маңызды мемлекеттік органдарды жасақтауға қатысу өкілеттігін беруді ұсынды. Атап айтқанда, Консти­туциялық сот, Жоғары ауди­тор­лық палата, Орталық сайлау комиссия­сы мүшелерін тағайындау Парла­менттің келісімімен жүзеге асуы – ұлттық парламентаризмді түбегейлі күшейтетін қадам. Сондай-ақ Жоғар­ғы сот судьяларын Президенттің ұсынуымен Парламенттің сайлауы – билік тармақтары арасындағы теңгерімді нығайтып, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін арттыра түседі.

Мемлекет басшысы Парламентті жасақтау тәртібіне қатысты ұсыныс­тарға да назар аударды. Депутаттар енді пропорционалды жүйе арқылы сайланып, саяси партиялардың рөлі артады. Бұл – партиялардың инс­ти­­туционалдық жауапкершілігін кү­шейтетін шешім. Ал өңірлерде ма­жо­ритарлық жүйенің сақталуы – жер­­гілікті халықтың үніне құлақ асып, олар­дың пікірлерін ескеруге жол ашады.

Парламенттегі Президент квотасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы квотасын алып тастау да – жаңа жоғары өкілді органның дербес әрі тәуелсіз институт ретінде күшейе түсетінін көрсетеді.

Отырыста бір палаталы Парла­ментте өңірлердің және елі­міздегі түрлі этностық топтардың мүдделері қалай ескеріледі деген сауалға да жауап берілді. Бұл ретте Мемлекет басшысы ұсынған Қазақстанның Халық кеңе­сін құру туралы бастама айрықша маңыз­ға ие. Аталған жоғары консульта­­тив­­тік органға Қазақстан халқы Ассам­блеясы мен Ұлттық құрылтайдың функ­циялары жүктеледі. Сондай-ақ Халық кеңесі Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшыларының съезін, мемле­кеттік маңызы бар басқа да гуманитарлық форумдарды өткізу міндетін атқарады.

Президент атап өткендей, Кеңес­тің құрамында өңірлер, этностық топтар, қоғамдық ұйымдар тең дәрежеде қамтылады. Бұл – елдегі қоғамдық келісімді сақтаудың және әртүрлі мүдделерді ескерудің тиімді тетігі болатыны анық.

Қазақстанның Халық кеңесіне заң шығаруға бастамашылық ету құқығының берілуі де оның мәр­тебесін айтарлықтай арттыратыны сөзсіз. Ішкі саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу де жаңа органның негізгі міндетінің бірі болады. Осылайша, Кеңес мемлекет пен қоғам арасындағы нағыз диалог алаңына айналады.

Осы орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай өздеріне жүктелген маңызды миссияны табысты атқарып шыққанын айрықша атап өткен жөн. Екі институт та елдегі тұрақтылық пен келісімді нығайтуға, қоғам пікірін ескеріп, дұрыс шешімдер қабылдауға үлкен үлес қосты.

Кейінгі төрт жылда Ұлттық құрыл­тайда көтерілген ұсыныстар негізінде 26 заңның қабылдануы – оның формалды емес, нақты нәтижеге жұмыс істеген алаң болғанын дәлелдейді. Әйел­дердің құқығын қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лудомания мен нашақорлыққа қарсы күрес сияқты бірқатар маңызды мәселелер заң арқылы шешімін тапты. Еліміздің ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарының бекітілуі де ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы маңызды белес болды. Алдағы уақытта бұл саладағы жұмыс Халық кеңесі аясында белсенді жалғасады деп сенеміз.

Мемлекет басшысы тоқталған тағы бір маңызды ұсыныс Вице-президент институтын құру туралы бастама болды. Бұл – уақыт талабынан туындаған шешім және биліктің сабақтастығын, басқару жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды қадам.

Ұлттық құрылтай отырысында қазір­гідей цифрландыру дәуірін­де еліміз­дің рухани-мәдени мұра­сын әлем­ге танытудың және бірегей­лігімізді сақтау­дың маңызы, осы бағыттағы іргелі істер де назардан тыс қалған жоқ. Президент Әл-Фараби, Ясауи және Абай ілімдерін жүйелі түрде дәріп­тейтін ғылыми жиындарды тұрақты өткізу қажеттігін айтып, бұл ұлттың рухани өзегін нығайтатын бас­тама екенін атап өтті.

Шын мәнінде, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дамыған дәуірде ұлттық бірегейлікті сақтау – стратегиялық міндет. Осы тұрғыда «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру ерекше мәнге ие. Себебі бұл – халықтың жады мен ғылым-білімін жинақтайтын, тарихи мұраны болашақ ұрпаққа аманаттайтын маңызды жоба. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында осындай іргелі бастаманы қолға алу жаңа идеологиялық дербестікті нығайтуға және ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруға тың серпін береді.

Осы ретте сан ғасырлық мұрамыз­ды, соның ішінде Алтын Орда шежіресі мен түркі өркениетін ғылыми тұрғыдан зерделеу, Қазақстанның академиялық тарихының көлемді жеті томдығын жарыққа шығару ұлттың тарихи санасын жаңғыртатын маңызды қадамдар екенін айта кеткен абзал. Президент атап өткендей,  ғылыми жинақ Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай шығарылады. Бұл отаншылдықтың және тарихи белесті нақты істермен атап өтудің жарқын көрінісі болары сөзсіз.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы патриотизм ұлт мүддесін желеу еткен бос айқаймен емес, өз қызметіне адалдық, азаматтық жауапкершілік, заң үстемдігіне мойынсұну сияқты қағидаттармен бағаланатынын айтты. Шын мәнінде, Қазақстан әділеттің, заң мен тәртіптің мекені болуға тиіс. Сондықтан заң мен тәртіпке мемлекеттің негізгі тіректерінің бірі ретінде басымдық беріліп отыр. Әрбір азамат заң талаптарын бұлжыт­пай орындауы керек. Бұл – әділетті қоғамның басты шарты.

Құрылтайда қозғалған адам ка­питалының сапасын арттыру, білім, ғылым, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту тақырыптары да ел болашағына тікелей әсер ететін факторлар. Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллект қоғамның ойлау жүйесін, өмір салтын түбегейлі өзгертіп жатқаны жасырын емес. Бұл жағдайда халық саны емес, жаңа технологияларға бейімделіп, оларды тиімді қолдана алатын елдер ғана алға шығады. Сол себепті, Қазақстан осы бағыттағы міндеттерді айқындап, жаңа межелерді көздеп отыр.

Мемлекет басшысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне де ерек­ше тоқталды. Энергетикалық дербес­тік мемлекеттік саясаттың маңыз­ды бағыттарының бірі ретінде айқын­далды. Қасым-Жомарт Тоқаев энергия өндіретін жаңа қуат көздерін жедел іске қосу, стратегиялық ресурс­тарды, ең алдымен, көмірді заманауи экологиялық технологияларды қолдана отырып тиімді пайдалану және басқарушылық қателіктерге жол бермеу аса маңызды екенін атап өтті.

Құрылтай отырысында автожол, теміржол, әуе қатынасы, логистика ме­н инфрақұрылымды дамытуға қатыс­ты жүктелген міндеттер еліміз­дің эконо­микалық өсуін арттыруды көздейтін басым бағыттар екені сөз болды.

Президенттің білім беру мен ден­саулық сақтау саласындағы олқы­лықтарды жою, қаржыны тиімді пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою жөніндегі тапсырмалары да әлеуметтік әділеттілікке негізделген нақты қадамдар. Соған сәйкес Үкіметке білім беру саласын­дағы мемлекеттік қаржыландыру жүйесін шұғыл түрде реформалау жүктелді.

Жалпы, Құрылтайда айтылған консти­туциялық бастамалар – мем­ле­кеттің институционалдық құры­лымын жаңғыртып, Қазақстанды Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза мемлекетке айналдыруға бағытталған тарихи бетбұрыс. Шын мәнінде, Мемлекет басшысы ұсынған реформалар – бүгінгі күннің ғана емес, келер ұрпақтың болашағы үшін қабылданып жатқан шешімдер.

Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет – осы бастамаларды сапалы іске асыруға өз үлесімізді қосу. Сондықтан баршаңызды ел дамуының жаңа кезеңінде Президенттің жанына топтасуға және ұлт мұраты жолында жұдырықтай жұмылуға шақы­рамын. Маңызды кезеңде отан­шыл­дық пен бекем бірліктің озық үлгісін көрсете білсек, дамыған елдер­дің қатарынан лайықты орын алып, көздеген мақсаттарымызға қол жеткізе­міз деп сенемін.

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Сенат төрағасы

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында 92 ағаш заңсыз кесіліп, залал 760 мың теңгеден асқан

Қоғам • Бүгін, 00:29

Робот-хирург тізе буынын ауыстыру отасын жасады

Технология • Кеше

«Қайрат» бельгиялық «Брюггеден» ірі есеппен жеңілді

Футбол • Кеше

Жамбыл облысында оқушыларға арналған эко-лагерь ашылуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Суперкомпьютердің қажеттілігі неде?

Қоғам • Кеше

Шымкенттің коммуналдық қызметі шетелдік компанияға беріле ме?

Оқиға • Кеше

4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды

Қоғам • Кеше

Әлемнің 10-шы ракеткасы атанған Бублик «Australian Open» турнирін сәтті бастады

Спорт • Кеше

Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті

Аймақтар • Кеше

Қарағанды облысының велошабандозы әлемдік деңгейдегі команда құрамына енді

Спорт • Кеше

Банкоматтан қолма-қол ақша шешіп алатындар камераға не үшін түсіріледі?

Қоғам • Кеше

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды

Экономика • Кеше

Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?

Спорт • Кеше

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • Кеше

Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 08:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ерлан Қошанов ҰҚШҰ алаңында Қазақстанның жаңа Конституциясын таныстырды

20 Сәуір 2026 17:33see117

Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi дің 6 млн акциясын иеленді

20 Сәуір 2026 17:42see116

Қайтыс болған адамдарға қызмет көрсеткен : Павлодарда медицина саласында заңбұзушылық анықталды

20 Сәуір 2026 10:24see115

Жамбыл облысында ата анасыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген

20 Сәуір 2026 13:09see114

Алматыдағы марафонда рекорд тіркелді

19 Сәуір 2026 18:11see114

Павлодарда медициналық қызметтерге қатысты заңсыздықтар анықталды

20 Сәуір 2026 13:23see114

Орта державалар жаһандық тұрақтылықтың тірегіне айналады ADF 2026 аясындағы сарапшылар пікірі

19 Сәуір 2026 17:03see113

Қазақстанда биылдан бастап тағы бір мереке аталып өтеді

20 Сәуір 2026 11:57see112

18 сәуірден бастап Меккеге кіру шектеледі: Жаңа талаптар жарияланды

20 Сәуір 2026 17:41see112

Еуропада демографиялық дағдарыс: халық саны күрт төмендейді

20 Сәуір 2026 23:41see111

Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді

20 Сәуір 2026 18:28see111

Иран АҚШ ты бітімді бұзды деп айыптап, американдық кемелерге соққы берді

20 Сәуір 2026 08:15see111

Тоқаев Шахановтың отбасына көңіл айтты

20 Сәуір 2026 12:15see111

Демалыс маусымы: Қазақстанда Алакөлге қосымша пойыздар іске қосылады

20 Сәуір 2026 10:42see111

Қазақстан төрт өзбек банкімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

20 Сәуір 2026 13:33see110

Жапонияда күшті жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту жарияланды

20 Сәуір 2026 17:33see109

Гуанчжоу жәрмеңкесіндегі шетелдік сатып алушылар саны рекордтық деңгейге жетті

20 Сәуір 2026 06:54see109

Танымал брендтің балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылды

19 Сәуір 2026 17:29see108

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі

20 Сәуір 2026 17:42see108

Алматы Өскемен тасжолында болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

19 Сәуір 2026 20:31see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары