Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда биология мен физикадан олимпиаданың шешуші кезеңі басталды

Мұхит түбінде киттердің өлексесімен қоректенетін тіршілік иелері бар

Бозымбаев болашақ мансабы жөнінде: өңірлерде үш рет әкім болдым, жастарға жол беру керек

Ақтөбеде жастар арасында жаппай төбелес болып, біреуі көз жұмды

Трамп Американы құтқару заңын қабылдауға шақырды

Астанада айып тұрағын ақылы ету шешімін депутат түсіндірді

Жылқы жылының маңызы қандай

Ferrari Таяу Шығысқа көлік жеткізуді тоқтатты

Украина бейбіт келіссөздерді қайта бастауға талпынып отыр

Астанада референдум қорытындылары бойынша форум: Жаңа адамдар елдің тарихи кезеңіне серпін берді

Әділет министрі, ҚМГ, ҚТЖ және Freedom басшылары Тоқаевтан марапат алды

Дәстүр мен технологияның тоғысы

Қазақстандағы су тапшылығы: ертең қандай қауіп күтіп тұр?

Ұлыстың ұлы күні тазалық философиясын кеңінен дәріптеу маңызды Президент

Мамандар Наурыз мерекесіне орай көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

Трамп Иранға қатысты айыптауға жауап ретінде Жапонияның Перл Харборға жасаған шабуылын еске салды

Астанада өтетін FIFA ойынында Дастан Сатпаевты кім алмастырады

Көктемде картоп бағасы өсуі мүмкін бе

Табиғатқа жанашырлық тектілік

Волейбол: Қуаныш клубы өз алаңында Берелден ұтылып қалды

Конвертпен күрес конструктивті тәсілді қажет етеді

Конвертпен күрес конструктивті тәсілді қажет етеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бұл ретте Еңбек министрлігі де, Ұлттық банк те Қазақстанда қазір іс жүзінде 85 мың теңге көлемінде ғана еңбекақы алатын адам жоқ деп санайды. Сонымен қатар құзырлы орган өкілдері жеке секторда жалақының бір бөлігі конвертпен берілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан «конвертте» берілетін жалақыны көлеңкеден күнгейге шығару үшін пәрменді күрес бастады. Ол қалай жүрмек? 

ЕТЖ – кепілдік пе, ағаттық па? 

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттары ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) 25 мың теңгеге көтеруді ұсынды. Бұл туралы «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жобасына қатысты төменгі па-латаның қорытындысында айтылған. «Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынымын ескере отырып әзірленген ЕТЖ-ні айқындаудың жаңа әдістемесінің қабылдануына байланысты Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті ең тө-менгі жалақының мөлшерін 85 мың теңге- ден 110 мың теңгеге дейін жоғарылатып, қайта қарауды қажет деп санайды» делін­ген қорытындыда. Қалаулылар нені айтып отыр? Жуырда, 2025 жылғы 9 қа­занда ел Парламенті «Дамушы ел-дер­ді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны» ратификациялады. Халықаралық еңбек ұйымының бұл 131-ші конвенциясы келесі жалпы қағидаттарды белгілейді: ең төменгі жалақы жүйесін енгізу; ЕТЖ-ні белгілеу және қайта қарау кезінде тек шенеуніктердің шешімімен шектелмей, әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдерін тарту; ең төменгі жалақыны анықтау кезінде экономикалық факторлар мен жұмыскерлердің қажеттіліктерін есепке алу; еңбекақы төлеу саласындағы кемсітушілікке тыйым салу.

Сонымен бірге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ХЕҰ конвенциясы Қазақстанға еш өзгеріс әкелмейтінін ескертті, себебі тиісті түзетулер бұрыннан енгізіліп қойыл­ғанына сендірді. «Ратификациялау туралы шешім қабылданғанға дейін ұлт­тық заңнаманы №131 конвенция ере­желеріне сәйкес келтіру жұмысы жүр­гізілді. 2024 жылы ХЕҰ ұсынымдарын ескеріп әзірленген Айлық жалақының ең төмен мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілді. Оған сәйкес, ЕТЖ медиандық жалақы мен еңбек өнімділігі негізінде анықталады. Бұл тәсіл белгіленген ЕТЖ деңгейінің әлеуметтік әділеттілік пен экономикалық негізділігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Сәйке­сінше, қолданыстағы заңнама онсыз да №131 конвенция ережелеріне сәйкес ке­леді, ал оны ратификациялау жүргізілген жұмыстың тек логикалық қорытындысы болады», –  деді министр.

ЕТЖ – еңбекақы төлеудің заңмен бекітілген ең төменгі мөлшері. Бірде-бір жұмыс берушінің өз жұмыскеріне толық жұмыс айы үшін бұдан төмен төлеуге құқығы  жоқ. Осы көрсеткіш жұмысшыларды қорғаудың мемлекеттік кепілдігі қызметін атқарады және елдегі еңбекақы көлемін ретке келтіру үшін пайдаланылады. Алайда Aiqyn газеті бұған дейін мысалы, пошташылардың 85 мың теңгеден әлдеқайда аз алатынын мәселе етіп көтерген-тін. Жұмыс берушілер жұмысшыларын жарты ставкаға көшіру және басқа схемаларды қолдану арқылы бұл мемлекеттік кепілдікті бұзып, заңды айналып өте алады.

Еңбек қатынастары  реттеледі

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлей­менов Қазақстанда ЕТЖ көлемінде, яғни 85 мың теңге ғана жалақы алатын адам жоқ деп есептейді. Бұл пікірін ол базалық мөлшерлемеге қатысты брифингте жет­кізді. Оның тоқтамынша, ЕТЖ деген жай ғана көрсеткіш.

– Сіздер менімен келіспессіздер, бірақ Қазақстанда мұндай жалақы жоқ, барлығы одан көп алады. Қараңыз: бізде орташа жалақы – 460 мыңның, медианды жалақы – 300 мыңның айналасында. Ал 85 мың теңге жалақы деп жүргеніміз – ста­тистикалық ағаттық, есептемеге ар­налған көрсеткіш қана. ЕТЖ-ні идеал­ға айналдыруға болмайды. Оны бүгін көтерсек, ертең бәрінің жалақысы жаппай өседі деген сөз жоқ. Мүмкін, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік саладағы жала­қы өсер. Олардың үлесі аз. Ал басқа­сы жеке компанияларда істейді. Бізде жоспарлы емес, нарықтық экономика. Оларға мемлекет бұйрық бере алмайды, – деді Тимур Сүлейменов.

Дегенмен Еңбек министрі Светлана Жақыпованың бұл мәселеге қатысты  өзгеше ұстанымы бар екен. Министр Мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде жеке секторда жұмыс берушілер ең төменгі жалақыны ресми көрсетіп,  қалған сомасын конвертпен беретінін тұспалдады.  Осы арқылы компаниялар бір жағынан, салықтардан ақша үнемдейді. Екінші жағынан, жұмысшысы үшін қаптаған мемлекеттік қорларға төленетін жарналар мен аударымдарды азайтып, еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктемені жеңілдетеді.  

– Жұмыс берушілер еңбек келісім­шартында қызметкерінің ресми жалақы­сын ЕТЖ деңгейінде, 85 мың теңге деп қана көрсетеді. Қалғанын конвертте ұсы­­нады. Бұған жол бермеу үшін біз ең­бек қатынастарын декларациялауды ен­гізгелі отырмыз, – деді С.Жақыпова. Осы мақсатта Еңбекмині Еңбек кодексіне заң­намалық түзетулер әзірледі. 

Заң жобасы еңбек қатынастарына бақылауды күшейтеді. Өзгерістер жұмыс берушілерден жұмысшыны жалдау фактісін ғана емес, сондай-ақ оның еңбегі үшін төленетін ақының толық сомасын да міндетті декларациялауын талап етпек. Министрдің түсіндіруінше, бұл жалақының бір бөлігін конвертте төлеу бойынша кең таралған тәжірибені жояды әрі әрбір жұмысшының жалақысынан ұсталатын салықтар мен әлеуметтік ауда­рымдарды ұлғайтады.  

Әрбір тиын бақыланады

Өз кезегінде, қазақстандықтардың жасырын алатын табысын іздеуге Қаржы министрлігі мен салықшылар да білек сыбана кірісті. Соның аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтардың табысы жаңаша есептеледі. Осы орайда Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жыл­ғы 28 қазанда «Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды. Бұл құжат 2026 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі. 

                                                                      коллаж: Елдар ҚАБА

Жаңа қағидалар бойынша бұдан былай салықшылар әрбір қазақстандықтың табысын бағалағанда, бұрынғыдай оның тек ресми жалақысын және БЖЗҚ-ға аударған зейнетақылық жарнасын назарға алумен шектелмейді, сондай-ақ оның активтерінің құны мен санының артуын, шығыстарының өсуін, банк шоттарындағы, брокерлік есепшоттарындағы ақша қоз­ғалысын бақылауға алады. 

Айталық, бір азаматтың ресми жала­қысы 200 мың теңге ғана болса, соған қа­рамастан ол көлік, баспана немесе басқа да қымбат мүлік сатып алса, шетелге не елдегі курорттарға қыдырса, демек ең­бекақысының бір бөлігін конвертпен алады не қосымша табыс көзі бар деген сөз. Салықшылардың міндеті – соны табу болмақ. 

Жасырын табыс «бұлағын» табу үшін мемлекеттік кірістер органы өзге мем­лекеттік органдардан, әкімдіктерден, банктерден, Ұлттық банктен, биржалардан, сақтандыру компанияларынан, Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардан, соның ішінде тексеріліп жатқан салық төлеушіге қызмет көрсететін, онымен өзара есеп айырысқан жеке және заңды тұлғалардан, клиенттері мен өнім жеткізушілерінен ақпарат сұра­тады. Мұның сыртында, салықшылар шет мемлекеттердегі әріптес құзырлы ор­гандарға сұрау салады. 

Қаржы министрлігінің түсіндіруінше, жаңа жылдан бастап әрбір жеке тұлға­ның жасырылған кірісін жанама әдіс­пен айқындау мынадай кезеңдерден тұрады: біріншіден, оның меншігі мен пайдалануындағы объектілер ай­қындалады. Мысалы, джипі енесінің атына тіркелсе, бірақ өзі тұрақты пайдаланса, онда бұл соның көлігі деген сөз. Екінші кезеңде нақты тұлғаның әшкереленген барлық мүлік-объектісіне бағалау жүргізіледі. Бұл үшін сырттан бағалаушы шақырылады. Үшінші кезеңде барлық дүние-мүлкі негізінде жеке тұлғаның кірісі есептеледі. Содан соң тексерілуші тұлға комитетке тергеп-тексеруге шақырылады. 

«Егер жеке тұлғаның салықтық есеп­­тілігінде, декларациясында көрсе­тілген кірістері оның жеке тұтынуға шығындарына, мүлік сатып алуға жұмсаған шығыстарына сәйкес келмесе, онда мемлекеттік кірістер органдары азаматтың өткен кезеңдердегі кірістерін ескере отырып, оның шығындары негізінде нақты кірісін және тиісті салығын айқындайды. Жеке тұлғаның қолында оның актив­терінің, соның ішінде аяқталмаған құ­ры­лыс объектілерінің, көліктерінің, жер учаскелерінің, материалдық емес активтерінің, инвестициялық мүлкінің және басқасының құнын растайтын құжаттары болмаса, онда осы тұлғаның кірісіне көрсетілген активтің нарықтық құны қосылады», –  деп құлағдар етті Қаржы министрлігі. 

Жасырылған табысты анықтаудың жанама әдісі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген барлық азаматқа, сондай-ақ жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор сияқты жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады. Қорыта айтқанда, мемлекет халықтың мемлекеттен жасырып табатын табыстарын анықтауға және оның әрқай­сысынан алым-салығын өндіріп алуға шындап кірісті. Әрине, қымбатшылық, инфляция және девальвациядан тұрмысы қатты құлдыраған бұқара табысын ерік­кеннен конвертпен алмайды, оны зе­ріккеннен жасырмайды. 

Осы арқылы салық, жарна, аударым­дардан бірер мың теңге үнемдеп, бірер мың теңгеге артық алғысы келеді. Алайда заң мен тәртіп қатал, ал заң әрпі аяушылық дегенді білмейді. Төле десе, төлеуден басқа қылтың-сылтыңды көтермейді. Десек те, заң-тәртіппен бірге әділеттілік те қажет. Тергеп-тексеру нәтижесінде түйені түгімен, вагонды жүгімен жұтқандар табылып жатса, пара беріп, жазадан құтылып кетпегені маңызды. Ал тиынын тиынға жалғап, әзер күн көрген отбасылардың жағдайы ескерілсе, таксилетіп не басқалай тапқан шамалы жасырын табысы қатаң жазаға ұласпаса игі. 

Елдос СЕНБАЙ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 07:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда биология мен физикадан олимпиаданың шешуші кезеңі басталды

20 Наурыз 2026 16:26see123

Мұхит түбінде киттердің өлексесімен қоректенетін тіршілік иелері бар

21 Наурыз 2026 05:53see121

Бозымбаев болашақ мансабы жөнінде: өңірлерде үш рет әкім болдым, жастарға жол беру керек

20 Наурыз 2026 13:06see120

Ақтөбеде жастар арасында жаппай төбелес болып, біреуі көз жұмды

20 Наурыз 2026 12:50see115

Трамп Американы құтқару заңын қабылдауға шақырды

21 Наурыз 2026 05:53see114

Астанада айып тұрағын ақылы ету шешімін депутат түсіндірді

20 Наурыз 2026 12:30see114

Жылқы жылының маңызы қандай

21 Наурыз 2026 11:32see114

Ferrari Таяу Шығысқа көлік жеткізуді тоқтатты

21 Наурыз 2026 05:53see113

Украина бейбіт келіссөздерді қайта бастауға талпынып отыр

20 Наурыз 2026 15:52see113

Астанада референдум қорытындылары бойынша форум: Жаңа адамдар елдің тарихи кезеңіне серпін берді

20 Наурыз 2026 18:34see112

Әділет министрі, ҚМГ, ҚТЖ және Freedom басшылары Тоқаевтан марапат алды

20 Наурыз 2026 16:44see112

Дәстүр мен технологияның тоғысы

21 Наурыз 2026 08:08see112

Қазақстандағы су тапшылығы: ертең қандай қауіп күтіп тұр?

20 Наурыз 2026 19:47see111

Ұлыстың ұлы күні тазалық философиясын кеңінен дәріптеу маңызды Президент

21 Наурыз 2026 12:54see110

Мамандар Наурыз мерекесіне орай көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

21 Наурыз 2026 01:19see110

Трамп Иранға қатысты айыптауға жауап ретінде Жапонияның Перл Харборға жасаған шабуылын еске салды

20 Наурыз 2026 12:00see108

Астанада өтетін FIFA ойынында Дастан Сатпаевты кім алмастырады

22 Наурыз 2026 02:48see108

Көктемде картоп бағасы өсуі мүмкін бе

20 Наурыз 2026 17:12see106

Табиғатқа жанашырлық тектілік

21 Наурыз 2026 04:41see105

Волейбол: Қуаныш клубы өз алаңында Берелден ұтылып қалды

21 Наурыз 2026 02:08see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары