Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

AMANAT : Қалдықтарды жою мәселесі тың тәсілді талап етеді

AMANAT : Қалдықтарды жою мәселесі тың тәсілді талап етеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Халықтың денсаулығы мен экологиялық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін медициналық қалдықтарға қатысты жүйелі мәселе Астанада өткен «AMANAT» партиясы жанындағы Экологиялық кеңес отырысында талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Экологиялық кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Бауржан Смағұлов Қазақстанда медициналық қызмет көлемінің артуы және санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық қауіпсіздік талаптарының күшеюі жағдайында медициналық қалдықтар мәселесі өте өзекті екенін атап өтті. Қалдықтарды дұрыс жоймау мәселесі халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға және аумақтардың тұрақты дамуына тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан осы мәселе кешенді мемлекеттік тәсілді талап етеді.

Қатысушылар нормативтік база бар болғанына қарамастан, құқықтық қолдану тәжірибесінде, лицензия иелерін қадағалауда, қауіпті қалдықтар ағынын есепке алуда және мониторинг жүргізуде олқылықтар орын алып отырғанын, сондай-ақ оларды залалсыздандыру барысында экологиялық қауіпсіздікке қатер төнетінін атап өтті. Әсіресе «Б» және «В» сыныпты қалдықтар көлемінің артуы, қалдықтарды рұқсатсыз төгу және жағу фактілері, сондай-ақ тиімді газ тазалау жүйелері жоқ утилизациялық қондырғыларды пайдалану салдарынан диоксиндік ластану қаупі ерекше алаңдатады.

Өз кезегінде, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов мәселенің жүйелі сипатына тоқталды. 

«Медициналық қалдықтарды қадағалау және залалсыздандыру, оларды кәдеге жарату инфрақұрылымын дамыту мәселелері әлі де сақталып отыр», – деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова ел азаматтарының денсаулығына төнетін қауіп пен медициналық қалдықтарды есепке алудағы кемшіліктерге назар аударды. Қолданыстағы нормативтік базаға қарамастан, құқықтық қолдануда жүйелі мәселелер бар. Олар – лицензия беруден кейінгі қадағалау жұмысының әлсіздігі, санитариялық және экологиялық заңнамадағы біліктілік талаптары арасындағы қайшылықтар, толық емес есеп пен мониторинг, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар барысында бағаны демпингтеу салдарынан қызметтердің формалды түрде ғана көрсетілуі. Осы мәселелерді шешу үшін лицензия иелерін қадағалау жұмысын күшейту, біліктілік талаптарын үйлестіру, бірыңғай цифрлық есеп жүйесін енгізу және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жетілдіру қажет.

Сарапшылар тиімді газтазалау жүйелері жоқ утилизациялық пештер пайдаланылуына назар аударып, бұл әрекет диоксиндік ластану қаупін арттыратынын, мемлекеттік бақылауға деген сенімді әлсірететінін атап өтті. Отырысқа қатысушылар жүйелі шешім қажет екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, нормативтік базаны жетілдіру, құқықтық қолдану тәжірибесін күшейту, залалсыздандыру инфрақұрылымын дамыту және ашық цифрлық есеп жүйесін енгізу қажет.

Экологиялық кеңес төрағасы медициналық қалдықтарды басқару тәсілін жүйелі түрде жаңартудың маңызын атап өтті. Бұл заңнаманы өзектендіру, нарық қатысушыларының жауапкершілігін арттыру, қауіпсіз инфрақұрылымды дамыту, персоналды оқыту және бірыңғай цифрлық есеп платформасын іске қосу қадамдарын қамтиды. 

«Нормативтік базаны жетілдіру, қадағалау барысын күшейту және заманауи технологияларды енгізу қадамдары медициналық қалдықтармен жұмыс істеудің барлық кезеңінде талаптардың формалды емес, нақты сақталуын қамтамасыз ететін біртұтас жүйеге айналуға тиіс», – деп атап өтті Бауыржан Смағұлов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:242
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 21:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары