Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Өлтірілген Нұрайдың отбасы күдіктінің туыстарын жазалауды талап етеді

Өлтірілген Нұрайдың отбасы күдіктінің туыстарын жазалауды талап етеді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Нұрай Серікбайдың туыстары күдіктінің жақындарын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Олардың айтуынша, қызды алып қашқан кезде күдіктінің туыстары оны ұстап тұруға көмектескен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мән-жайы

Қайғылы оқиға 11 қаңтарда болды. Бейнебақылау камералары 28 жастағы ер адамның Нұрайдың соңынан еріп келіп, кейін оған пышақ сұққанын тіркеген.

Кісі өліміне дейін бірнеше ай бойы аңду (сталкинг) және "алып қашу" оқиғасы болғаны анықталды. Бұған дейін қыздың ағасы 2024 жылғы қазанда күдікті Нұрайды Алматыдан Шымкентке алдап алып кеткенін, ол жақта туыстарының үйлену тойына дайындалып қойғанын айтқан болатын. Кейін ағасы қарындасын үйіне алып кетіп, полицияға арызданған.

Оның сөзіне қарағанда, құқық қорғау органдары күдікті қызды пышақтап өлтіргенге дейін адам ұрлау, аңду және қорқыту туралы бірнеше арызды қабылдамаған.

Не болды?

Марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай редакцияға тек күдікті ғана емес, оған алып қашу кезінде көмектескендер де жазалануы тиіс деп санайтынын айтты. Отбасының нұсқасы бойынша, күдіктінің туыстары қылмысқа белсенді түрде жағдай жасаған.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

Кеше 08:10 1

"Біздің отбасымыз күдіктінің туыстары мен жақындарын жауапкершілікке тартуды талап етеді. Нұрайды алып қашқанда олар оған көмектескен: телефонын тартып алып, сыртқа шығармай, іс жүзінде күштеп ұстап отырған. Сондықтан олар да жазасын алуы керек деп есептейміз", – деді Сұлтан Серікбай.

Сұлтан Серікбай / Бейнеден кадр

Марқұмның ағасы Жаңаөзендегі осыған ұқсас істі мысалға келтірді, онда алып қашуға қатысқаны үшін бес адам сотталған болатын.

"Адам мұндайды жалғыз істемейді – қасында әрқашан көмектесетін адамдар болады, соның салдарынан осындай қайғылы жағдайлар болады. Біз сот процесі кезінде қатысы барлардың барлығы ашық түрде жауапқа тартылып, күдіктінің өзіне ең жоғары жаза тағайындалғанын қалаймыз. Әділдік осылай ғана орнайды деп білеміз", – деп толықтырды ол.

Күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылды: үш сараптаманың қорытындысы

30 сәуірде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылғанын хабарлады.

"Күдіктінің ұзақ емделуі, сараптамалардың тағайындалуы – олар үш рет жүргізілді, сондай-ақ оның Алматыда емделуі көп уақытты алды. Ақыры дұрыс шешім қабылданды (күдіктінің ақыл-есі дұрыс деп танылуы туралы – ред.еск.). Президент мырзаға, ІІМ-ге және Санжар Әділовке алғыс айтқым келеді. Олар істің тиісті түрде қаралуына ықпал етіп жатыр", – деді марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай.

Күдікті психикалық ауруханаға қалай түсті?

Бұған дейін жәбірленуші тарап күдіктінің тергеу изоляторынан Алматы облысы Ақтас ауылындағы мамандандырылған психиатриялық ауруханаға ауыстырылғанын айтқан болатын.

Отбасының адвокаты 28 жастағы күдіктіге бірқатар сараптамалар тағайындалып, ол мамандардың бақылауымен қарқынды ем қабылдап жатқанын айтты.

Сонымен қатар, марқұмның туыстары күдікті психикалық ауытқуды желеу етіп, қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысуы мүмкін деп қауіптенген еді.

"Біз оны есі дұрыс емес деп танып, нақты жазадан құтылып кете ме деп қорқамыз", – деген болатын Нұрайдың ағасы.

Істің мән-жайы

Қайғылы оқиға 11 қаңтарда болды. Желіде тараған бейнебақылау камераларының жазбаларында ер адамның қызды аңдып келе жатқаны, оның қашуға тырысып, қарсылық көрсеткені көрінеді. Осыдан кейін күдікті оны пышақтап, оқиға орнынан бой тасалаған. 13 қаңтарда полиция өңірдің 28 жастағы тұрғынын ұстады.

Кейін шабуылдың кенеттен болмағаны белгілі болды. Туыстарының айтуынша, бұған дейін бірнеше ай бойы аңду және алып қашу эпизоды болған. Отбасы мүшелері полициядан көмек сұрап бірнеше рет жүгінгендерін, бірақ арыздары қабылданбағанын айтты.

Жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді. 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында ол полицияның іс-әрекетіне баға беруді тапсырды. Сол күні Шымкент полициясының бастығы Нұрлан Алмасбековтің қызметінен босатылғаны, ал некеге мәжбүрлеу туралы істі тіркемеген қызметкерлерге қатысты салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде бейнежазба тарады, оны Шымкент полиция департаментінің бұрынғы қызметкерлері жариялады деген болжам бар. Жазбада Нұрай Серікбай өзін некеге тұру мақсатында ешкім ұрламағанын және сол күні күдіктінің көлігіне өз еркімен отырғанын айтады. Роликте Нұрайдың ер адамға ешқандай шағымы жоқ екені туралы сөздері де естіледі.

Кейбір БАҚ-қа берген сұхбатында бұрынғы полицейлер жұмыстан шығарылуын әділетсіз деп атады.

Отбасының адвокаты Сержан Нұрпейісов тергеу құпиясын бұзғаны үшін жәбірленуші тарап ресми шағым түсіргенін айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 17:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары