Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Соңғы ескерту... : Мақпал Жүнісова өзін әлдекімдер қорқытып жүргенін айтты

Абай ауданында жанар жағармай бекеті ашылды

Сарабдал сөз иесі

Ақтөбеде газ иісіне қатысты шағым көбейді: Мамандар неге себебін таба алмай отыр?

Бір педагогке 4 штат: Шымкенттегі 83 мектепте мұғалімдердің жүктемесі нормадан асып кеткен

Жоғарғы кеңестен Құрылтайға дейін: Қазақстан парламентінің тарихы

Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі

Чемпиондар лигасы: Қайрат Арсеналға есе жіберді

Франция Украинаның Еуроодақ несиесіне қанатты зымырандар сатып алуына қарсы БАҚ

Райымбек батыр кесенесі мемориалдық кешенге айналады

BETT Show 2026: Қазақстан білім беру мен жасанды интеллект саласындағы жаңа кезеңге қадам басты

Инвестицияны арттыру жөніндегі кеңес

Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды: 30 қаңтар 2026, 16:36 жаңалықтар

Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл

Өнер әлемі қара жамылды: Қазаққа танымал кино актері 75 жасында көз жұмды (ФОТО)

Швед мектептерінде ұялы телефондарға тыйым салынды

Президент Конституцияға қатысты өз ойымен бөлісті

Ақтөбеде аудан әкімдігі екі шаруаға бір жер беріп, басы дауға қалды

34 секунд айырмашылық: Кениялық желаяқ әлем рекордын жаңартты

Жаңаөзенде дәрігер пышақ жарақатынан мерт болды

Әлеуметтік реформа әділдікті талап етеді

Әлеуметтік реформа әділдікті талап етеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Тиісті заң жобасы да дайын болды. Салаға талдау жүргізген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстаннан Ресейге және басқа шет мемлекеттерге көшіп кеткен, бірақ ел азаматтығынан шықпаған 100 мыңдай адамның жәрдемақы және зейнетақы алатынын әшкерелепті. Жаңа заң арқылы елде тұрақты тұратынын растай алмағандар бұл төлемдерден айырылады.

Масылдықпен күрес не әкеледі?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында қойған міндет бойынша Үкімет өңірлердің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыру мәселесін қайта қарап, азайту жолдарын ойластыру үстінде. Сонымен қатар аймақтардағы әлеу­меттік тұрғыдан осал топтағы азамат­тарға бөлінетін әлеуметтік төлемдерді біріздендіреді.

– Мемлекеттің көз алдындағыдан басқаны көрмей, бәріне көне беретін әлеу­меттік саясаты жүзден астам түрлі жеңіл­діктің пайда болуына әкеп соқтырды. Осы жеңілдіктерді әперемін деп «көмек қолын» созатын жылпостар да көбейді. Мемлекет өзінің негізгі міндеттерін орындаудан бас тартпайды. Бірақ әлеуметтік жеңілдіктерді қолдан көбейту – елді дамытуға, яғни мектеп, аурухана, көлік инфрақұрылымдарын және басқа да нысандар салуға жұмсалуы қажет қыруар қаражатты желге шашу деген сөз, – деді Қ.Тоқаев Жолдауда.

Президент айтқан әлеуметтік масылдық­пен күрес аясында біраз өзгеріс болғалы тұр. Жаңашылдықтың үлкен бөлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Әлеуметтік кодекске міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында топтасты. Ведомствоның хабарлауынша, жаңа жобаны Парламент шұғыл түрде, 2025 жылғы желтоқсанда қабыл­дайды және ондағы нормалар заңның ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткенде қолданысқа енгізіледі деп жоспарланып отыр. 

Жаңа заң жобасында Еңбекмин әлеу­меттік төлемдерді қысқартуға ниетті. Бірін­шіден, Қазақстанда тұрақты тіркеуі жоқтар үшін төлеу уақытша болса да, то­лық көлемде тоқтатылмақ. Екіншіден, пси­хоневрологиялық диспансерлерде, ин­тернат мекемелерінде, қарттар үйлерінде және басқа ұқсас меке­ме­лерде ұсталатын қазақстандықтарға зейнетақысының, жәрдемақысының 70%-ын төлеу туралы бұрынғы норма жойылады. Үшіншіден, түр­мелердегі сотталғандарға күнделікті қажет­тілік­терін өтеуі үшін жәр­демақыларының тек 30 пайызын беру ұсынылды. 

Еңбекминнің ұстанымынша, бұл азамат­тардың зейнетақы-жәрдемақыларын бюджетке алып қою қажет. Ведомство аталған мекемелерде ұсталатындардың азық-түлік пен қажетті тауарларына, коммуналдық қызметтерге, жол шығынына және басқа да шығыстарына жұмсалатын қаражат көбіне олардың алатын зейнетақысының, жәрдемақысының сомасына тең болады, кейде тіпті одан асып түседі деп санайды. Төлемді толық көлемде төлеу азамат үйіне оралғаннан кейін қайта басталады деп белгіленді.

Ата заң талабына қарайлай ма?

Төртіншіден, министрліктің мәліметі бойынша, қазір 100 мыңнан астам адамның республикада тұрақты тіркеуі жоқ. Олардың құжаттарында көрсетілген мекенжайы бойынша іздеп барған жауапты қызметкерлер ол жерден таппапты. Мемлекеттік көмекке мұқтаж тағы 28 мың адамның уақытша тіркеуі ғана бар, тұрақ таппай, жалдамалы пәтерлер арасында көшіп тұр. Министрлік Қазақстан Республикасында тұратынын ресми растағанға дейін халықтың осы сана­тына зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін беруді тоқтата тұратын болады.  

Дегенмен заңгер Юрий Поповтың пікірін­ше, бұл заң жобасын қарау барысында Мәжілістің заңгерлеріне құжаттың Консти­туцияға қайшы әлде қайшы еместігін мұқият тексеруге тура келеді. Себебі Ата заңның 28-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айы­рыл­­ған жағдайда және өзге де заңды не­гіз­­дерде оған ең төменгі жалақы мен зей­­нет­ақының мөлшерінде әлеуметтік қам­сыздандырылуына кепілдік беріледі» деп тайға таңба басқандай жазылған. 

Ал министрлік болса, заң жобасында мемлекеттік органдардың ақпараттық жү­йе­­лерінде тұрақты тіркеуде тұрғаны ту­ра­лы мәліметтермен расталмаған жағ­дайда ҚР азаматтарына жасы бойынша зейнетақысын, еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақысын, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ барлық мемлекеттік жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруды жоспарлады. 

– Бұл ұсынысқа құқықтық талдау жасасақ, Қазақстан Конституциясының 28-ші бабында азаматтарға зейнетақы төлеу мен әлеуметтік қамсыздандыру құқығы мемлекет тарапынан кепілдендірілетіні қадап айтылған. Ата заңда «ҚР аумағында тұрақты тұрсын» деген талап жоқ. Конституцияның 12-ші бабында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары әркімге тұрғылықты жері бойынша емес, тумысынан жазылғаны және олардан ешкім айыра алмайтыны нықталған. Бұл салада Қазақстанның халық­аралық міндеттемелері бар. Еліміз мүше Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті әрбір адамның әлеуметтік қамсыздандырылу құқығын бекітеді, – деді Ю.Попов.  

Ол Адам құқықтары жөніндегі еуропа­лық соттың шешімдерінде азаматтардың зейнетақы алу құқығы оның шетелге уа­қытша не тұрақты тұруға кетуіне байланысты уақытша тоқтатыла тұруға жатпайтыны атап өтілгеніне назар аудартты. Бұл құқық тек ол адам ел азаматтығынан шықса ғана тоқтатылады. Қазір қарттық шағын бай-бақуатты Еуропада, Түркияда және АҚШ-та өткізуді қалаған қазақтар, соның ішінде белгілі тұлғалар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, жазушылар жетерлік. 

Ертең оның бәрі Қазақстанның үстінен еуропалық соттарға жаппай шағымданса, Қазақстанның беделіне дақ түсуі мүмкін. Шенеуніктер мұны да ойлағаны абзал. Заңгердің ұстанымынша, Еңбекмин азаматтарды тұрғылықты тұру орны бойынша кемсітуді енгізбек, сөйтіп, азаматтарды Ата заңмен кепілдендірілген зейнетақылық және әлеуметтік қамсыздандыру құқығынан айырғалы тұр. 

– Бұл Президентіміз тілге тиек етіп жүр­ген әлеуметтік әділеттілікке қайшы. Азамат өмір бойы мемлекетке жұмыс іс­теді, Қазақстанның қалыптасып, эко­номикасының нығаюына тынымсыз еңбек етті, денсаулығын, жастығын, ғұмырын арнады. Салықтарды, түрлі алым мен жарнасын аударды. Сол бейнетінің зейнетін қайда көремін десе де еркі. Конституция оған қозғалыс еркіндігін берді. Мемлекетіміз өз азаматын шетелде де қорғауы қажет, – деді заңгер. 

Әлеуметтік кодекс жол нұсқапты

Әйткенмен Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі осы ұсыныс­тарында табандайтын түр танытты. Мұ­­­ның сыртында бір кереғарлық бай­қа­ла­­ды: шенеуніктер шетелге кеткен қазақстандықтарды зейнетақы мен әлеу­меттік жәрдемақылардан айырғанымен, мұның бәрін Қазақстанда тұратын шетел­діктерге, соның ішінде ресейліктерге төлеуді жалғастырмақ. Ведомствоның жауабында жазылғандай, Парламенттің өзі қабылдаған Әлеуметтік кодекске сәйкес, зейнетақылық және әлеуметтік қамсыздандыруға деген құқық Қазақстан аумағында тұрақты тұратын ҚР азаматтарына және шетелдіктерге ұсынылады.   

«Азаматтық кодексте азаматтың заңды мекенжайы ретінде оның тұрақты тіркеуге тұрған орны танылады. Осыған байланысты жаңа заң жобасында зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді алудың бүкіл кезеңінде оны алушылардан тұрақты тіркеуде тұруды талап ететін нақтылаушы норма енгізіп отырмыз. Тұрақты тіркеуі (прописка) болмаған кезеңде төлемдер де уақытша тоқтатылады. Қазақстан аумағында тұрақты тұратынын растаған жағдайда төлеу қайта жалғасады және тоқтатыла тұрған кезеңдегі төлемдері де қоса төленуі мүмкін», – деп жауап қатты Еңбекмині.

Ведомство шенеуніктері жаңа норма азаматтардың конституциялық құқығын бұзбайтынына сенімді. Себебі «ұсынылған жаңашылдық Қазақстан азаматының елде тұрақты тұру фактісіне мониторинг жүргізуді ғана регламенттейді». Бұл мәселеге соңғы нүктені Парламент депутаттары қоя алады.  

Еңбекминнің мәлімдеуінше, респуб­лика­лық бюджет қаражаты есебінен әлеу­меттік төлемдердің 41 түрі төленеді. Бұл мақсаттарға бюджеттен 2025 жылы 5 трлн 982 млрд теңге шығындалыпты. Соның ішінде басым бөлігі – 4 трлн 262 млрд теңгесі зейнетақы түрінде аударылды. Оны шамамен 2,4 млн зейнеткер алған. 

Тағы 766,1 млрд теңге – азаматтардың жекелеген санатын әлеуметтік қамсыздан­дыруға, түрлі жәрдемақыға, сондай-ақ сот мемлекетке жүктеген, азаматтың өміріне және денсаулығына келтірген зиянға өтем­ақыға бағытталды. Бұлармен 1 млн 116 мың адам қамтылыпты. Көпбалалы отбасыларды және азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауға 953,5 млрд теңге жұм­салған екен.

Жалпы, жаңа заңды қабылдау арқылы Үкіметтің қанша ақша үнемдейтіні Қазақ­станда тұрақты тіркеуі жоқ 100 мың адамға байланысты болады. Олар түрлі жолмен елде қайтадан тұрақты тіркеуге тұра алса, бәріне де зейнетақысы мен жәр­демақысы әрі қарай төленеді. Бұл тұрғыда салмақты үнем қылары жоққа теңеледі.

Сонда қалатыны – қарттар үйлерінде, хоспистерде, күтім орталықтарында және басқа арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұрып жатқан қариялар, мүгедектігі бар, оның ішінде психоневрологиялық ауру­лары бар, дертті адамдар, сондай-ақ қыл­мыс­тық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдар. Министрлік жаңа заң жобасында «аталған АӘҚО мекемелерінде болған кезеңде зейнетақылар мен жәрдемақылар мөлшерінің 70%-ын төлеуді алып тастауды, сондай-ақ ҚАЖ ме­ке­мелеріндегі адамдардың жеке қажет­тіліктеріне 30%-ын ғана төлеуді» ұсынды. 

Әлеуметтік желіде пікір білдірген қазақ­стандықтар аталған стационарларда ұсталатын қарттарды, мүгедектерді, науқас­тарды мемлекет барлық қажеттінің 100%-ын қамтамасыз етпейтін, салдарынан қым­бат дәрі-дәрмегін, бірінші кезекте керек заттарын зейнетақысына, жәрдемақысына сатып алғызатынын ескертті. Енді одан айырса, қайғы-мұң арқалап, жанары жау­таңдаған жандардың халі не болатыны белгісіз. Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылы АӘҚО-да тұратын зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны 21,2 мың адам болған. Сотталғандар арасында 1,6 мың зейнетақы және жәрдемақы алушы жазасын өтеп жатыр. 

Бұлардың шотына жіберілген зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерінің жалпы көлемі 1,2 млрд теңге ғана. Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев жуырда Мәскеу ойлап тапқан және әлемде көп беделі жоқ «Игры будущего» турнирін 2026 жылы өткізу Қазақстанға 62 млрд теңгеге түсетінін мәселе етіп көтерді. «Дамыған елдер бас тартқан спорт сайысынан бас тартпай отырғанда, Үкіметтің Қазақстан азаматтарын тиісті зейнетақысы мен жәрдемақысынан қағудан шамалы қаржы үнемдегені қаншалықты әділетті?» деген сауал туындайды.

Елдос СЕНБАЙ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 07:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Соңғы ескерту... : Мақпал Жүнісова өзін әлдекімдер қорқытып жүргенін айтты

28 Қаңтар 2026 23:28see184

Абай ауданында жанар жағармай бекеті ашылды

28 Қаңтар 2026 19:53see115

Сарабдал сөз иесі

29 Қаңтар 2026 03:56see111

Ақтөбеде газ иісіне қатысты шағым көбейді: Мамандар неге себебін таба алмай отыр?

30 Қаңтар 2026 11:31see108

Бір педагогке 4 штат: Шымкенттегі 83 мектепте мұғалімдердің жүктемесі нормадан асып кеткен

28 Қаңтар 2026 23:27see108

Жоғарғы кеңестен Құрылтайға дейін: Қазақстан парламентінің тарихы

30 Қаңтар 2026 12:22see108

Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі

28 Қаңтар 2026 17:59see108

Чемпиондар лигасы: Қайрат Арсеналға есе жіберді

29 Қаңтар 2026 03:14see107

Франция Украинаның Еуроодақ несиесіне қанатты зымырандар сатып алуына қарсы БАҚ

28 Қаңтар 2026 18:11see107

Райымбек батыр кесенесі мемориалдық кешенге айналады

28 Қаңтар 2026 20:18see107

BETT Show 2026: Қазақстан білім беру мен жасанды интеллект саласындағы жаңа кезеңге қадам басты

28 Қаңтар 2026 21:05see107

Инвестицияны арттыру жөніндегі кеңес

30 Қаңтар 2026 10:55see107

Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды: 30 қаңтар 2026, 16:36 жаңалықтар

30 Қаңтар 2026 16:40see105

Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл

28 Қаңтар 2026 22:30see105

Өнер әлемі қара жамылды: Қазаққа танымал кино актері 75 жасында көз жұмды (ФОТО)

29 Қаңтар 2026 00:06see105

Швед мектептерінде ұялы телефондарға тыйым салынды

28 Қаңтар 2026 23:27see104

Президент Конституцияға қатысты өз ойымен бөлісті

30 Қаңтар 2026 15:13see104

Ақтөбеде аудан әкімдігі екі шаруаға бір жер беріп, басы дауға қалды

30 Қаңтар 2026 12:22see104

34 секунд айырмашылық: Кениялық желаяқ әлем рекордын жаңартты

30 Қаңтар 2026 11:48see104

Жаңаөзенде дәрігер пышақ жарақатынан мерт болды

29 Қаңтар 2026 00:50see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары