Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Странджа турниріне қай елдерден боксшылар қатысады

Қазір сатып алуға болатын ең қауіпсіз 5 электромобиль

Ақмола облысында алаяқтар зардап шеккен әйелге 2 миллион теңгеден астам соманы қайтарды

Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

Мысырда 1 наурыздан бастап шетелдіктер үшін виза ақысы көтеріледі

Ата аналар Бейнеу гарнизонына барып, жеке құрамның жағдайымен танысты

Иран Ресеймен құпия келісім жасап, зымыран кешендерін сатып алуға келісті Financial Times

Қанша уақыт жатқанын білмеймін… : Атырау облысында 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды (ФОТО)

АҚШ ғалымдары вирусқа, бактерияға және аллергияға қарсы әмбебап вакцина әзірледі

Түркістанда полиэтилен қаптама өнімдерін және скотч өндіретін зауыт ашылды

​Бас прокуратура Олеся Кексель ісіне қатысты пікір білдірді

Путин мен Зеленский жақын арада кездесуі мүмкін

Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қайрат пен Семей 1/4 финалдағы алғашқы ойынын өткізеді

Қазақстанда үндістандық препаратты қолдануға тыйым салынды

Орталық референдум комиссиясы 21 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

Ауыл шаруашылығы мамандарының стипендиясы тек 2028 жылдан кейін өсуі мүмкін

80 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік желілерде Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады

Трамп АҚШ импортына жаһандық тарифтер туралы шешімін өзгертті

Геннадий Головкин Джеки Чанға шапан жапты

Опера әртістен үлкен дайындықты талап етеді Бейімбет Таңарықов

Опера әртістен үлкен дайындықты талап етеді Бейімбет Таңарықов

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

– Бейімбет Тәйкенұлы, өзіңізге әнге бала кезіңізден әуес болыпсыз, осы қабілетіңізді ең алғаш кім байқады?

– Туып-өскен жерім – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданына қарасты Боран ауылы. Сол ауылда ән үйірмесі болатын. Мектеп жүргенде соған қатысып, білім ошағында өтетін бүкіл іс-шаралардан, концерттерден қалмайтынбыз. Бұл сонау 1990-шы жылдар еді. Ұстазым, баяншы Жұмай ағаның ұйымдастыруымен мектептің ғана емес, ауылдық мәдениет үйдің сахнасында шырқадық.  

Бұдан бөлек, өнерге жақын болуыма ата-анамның да үлесі зор еді. Отбасымызда әкем де, анам да ән айтатын, оларға қарап үйдегі тоғыз бауырым және мен де ес білгелі домбыра шертіп, қонақ келгенде міндетті түрде өнерімізді паш ететінбіз. Кішкентайымнан радиодан КСРО Халық әртістері Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Ришат Абдуллин, Қазақстанның халық әртісі Мүсілім Абдуллиннің орындауындағы әндерін тыңдап өстім. Опера өнеріне деген қызығушылығымның оянуына осы аға буынның шығармашылығы әсер еткен болар. 

1994 жылы мектепті тәмамдағаннан кейін екі жыл Отан алдындағы әскери борышымды өтедім. Одан кейін ата-анама қолғабыс етейін деп тағы екі жылға ауылда қалдым. Музыкаға кәсіби тұрғыда бет бұрудың сәті 1999 жылы түсті. Жақындарымның ақыл-кеңесімен Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесіне «Хорға дирижерлік ету» кафедрасына оқуға құжат тапсырдым. Сөйтіп төрт жыл бойы Сергей Почекиннің сыныбында білім алып, қатарынан академиялық вокал сабағын да оқып шықтым. Ал колледжді бітіріп, Астанаға келгенімде Қазақ ұлттық музыка академиясында «Жеке ән айту» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі профессор Қанат Омарбаевтың сыныбында оқыдым.

– Ұстазыңыз Қанат Омарбаев сізді ең дарынды шәкірттерінің бірі деп атап, өзіне жақын себебі неде?

– Мені академияға оқуға түсірген, опера әлемінің есігін ашқан адам – Қанат Нұрмұхамедұлы. Өскеменде оқып жүргенде колледжге Астанадан бір топ оқытушы келіп, «елордада музыкалық академия ашылып жатыр, сіздерді сол жақта күтеміз» деп үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Сол ұстаздардың қатарында Қанат Омарбаев болды. Ол менің дауысымды тыңдады да, «Астанаға келгенде маған хабарлас» деді. Ілуде біреуге берілетін мұндай  мүмкіндікті мен де қалт жібермедім. Сөйтіп, арман қуып Астанаға келдім. Пойыздан түскен бойда Қанат ағаға «аға, мен келдім» деп телефон шалдым. Ол мені көлігімен алып кетіп, жатақханаға орналастырып, сосын «ешқандай емтихансыз қыркүйекте менің класыма келесің» деді. Оның осынау ағалық қамқорлығын ешқашан ұмытпаймын, ұстазыма әлі күнге дейін алғысымды айтамын.

Қанат Нұрмұхамедұлы өз тәжірибесін шәкірттерінің бойына сіңіріп, тәлім-тәрбие берумен қатар әр оқушының қабілетін аша білді. Одан білім алған вокалистер, атап айтсам «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Қапонова, Талғат Ғалеев, Мерей Қадырхан және тағы басқалары бүгінде біздің «Астана Опера» театрында абыроймен еңбек етуде. Қанат Омарбаев – тенор дауысты әнші, ал мен оның тенор дауысты алғашқы шәкірті болдым. Бәлкім, сол себептен де мені басқаларынан ерекше көрген шығар деп ойлаймын. Ұстазымның орындаған барлық партиясын, оның ішінде Біржан, Әзім, Шеге, Понг, Гастон және басқа да бейнелерді сахнада сомдап келемін. «Астана Опера» репертуарындағы барлық опералық спектакльге қатысамын десем, артық айтпаған болар едім.

– Опера әншісі ретінде кәсіби жолыңызды К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында бастаған екенсіз. Үлкен сахнаға алғаш шыққан сәтіңіз туралы айтып беріңізші.

– Бұл 2005 жыл болатын, ол кезде мен әлі студентпін. Қанат аға қолымнан жетектеп жүріп Шегенің партиясын жаттатқан еді. Сөйтіп, ұстазымның қолдауымен 3 курс оқып жүргенде К.Байсейітова атындағы театр сахнасында Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» ұлттық операсында Шегенің партиясын орындадым. Мені алғаш рет қалың көрерменге танытқан рөл осы болды. Мұнда опера труппасының негізін қалаған көптеген сахна шеберіне қарап өстік, тәжірибе жинақтадық. Бұл театрда еңбек еткен жеті жыл ішінде өз репертуарым қалыптасты. Опера саңлақтарының ақыл-кеңесімен еңбек жолымды кішігірім партиялардан бастап, 2010 жылы алғаш рет М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсында Біржанның басты партиясын шырқадым. Менің орындаған алғашқы маңызды рөлім осы болды. Сол кезде Сараның бейнесін жүзеге асырған әріптесім Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова маған кейіпкерімді ашуға зор қолдау көрсеткен еді.

Ал 2013 жылы Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан және басқа да шет елдерден келген жиырмадан астам тенордың арасында іріктеуден өтіп, еліміздің бас театры «Астана Операның» опера труппасына қабылдануым өмірімдегі ең маңызды кезеңдердің бірі болды. «Астана Операның» әртісі атану – сол кездегі әрбір солистің арманы еді.

Театр осымен XIII маусым бойы өз көрермендеріне әлемдік деңгейдегі спектакльдерді ұсынып келеді. «Астана Опера» сахнасында ұлттық операларымыз, оның ішінде «Біржан – Сара», «Қыз Жібек» жаңартылып қойылды. Алайда партиялар жадымызда бұрыннан жатталып қалғандықтан, спектакльдерге оңайлықпен кірісіп кеттік. Сондай-ақ М.Әуезовтің либреттосына А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» спектаклі жаңаша ұсынылды. Қоюшы режиссер Джанкарло дель Монаконың ұйғарымы бойынша бұл операдағы Әзімді басқа қырынан қарадық, партияның сөзіне тереңірек мән бердік. Сонымен қатар Біржанның бейнесін жеткізуде де вокалдық-техникалық бөлігі бірінші кезекте болғанымен, мимикамен жұмыс істеу, сөзге назар аудару маңызды болды. «Астана Операда» репертуарым Дж.Пуччинидің «Тоскасындағы» Сполеттаның, Дж.Вердидің «Аидасындағы» Хабаршының бейнелерімен және басқа да рөлдермен толықты. Әр партияның өз кереметтілігі әрі қиындығы болады, соны әр айтқан сайын жетілдіріп, сахнаға жарқыратып алып шығуға тырысудамын.

Жақында театрымыздың ғана емес, жалпы ұлттық опера өнерінің тарихында айтулы оқиға орын алмақ. Себебі 21-22 наурызда «Астана Опера» отандық композиторлар Серікжан мен Әліби Әбдінұровтардың музыкасына Тілеуғазы Бейсембектің либреттосы негізіндегі «Қыпшақ қызы Аппақ» ұлттық операсының әлемдік премьерасын ұсынады. Бүгінгі таңда театрдың барлық бөлімі – опера, балет труппалары, оркестр, өндірістік цехтар премьераға зор жауапкершілікпен дайындалу үстінде.

Ал менің алдымда спектакльде қатарынан үш партияны айту міндеті тұр. Бірінші актіде Жауынгердің бейнесін жүзеге асырамын, ал екінші актіде термені таныстырамын. Осы ретте композиторлар термені менің дауысыма арнап жазғанын атап өтуім керек. Бұл театр директорының бірінші орынбасары Төлеубек Әлпиевтің ұсынысы бойынша жүзеге асуда. Төлеубек Нығметұлы маған: «Сен қазақтың өнерін дәріптеп жүрсің. Ұлттық операны нақышына келтіре орындайтындықтан әрі қазақ тілін анық жеткізетіндіктен, термені өзің айтасың және сахнаға қазақтың қара домбырасын ұстап шығасың» деген еді. Оған осы үшін рақметімді айтамын және сенімін ақтауға тырысамын. Сондай-ақ бұл операда Сайқымазақтың да рөлін орындау маған жүктелуде, бұл вокалдық шеберлікпен қатар, зор актерлік қабілетті талап ететін партия. Менің басты міндетім – операдағы осы үш партияны бір демде алып шығу және кейіпкерлерімді сан алуан қырынан көрсету. Жалпы, маған білдірген қолдаулары үшін театр директоры Александр Совостьяновқа және опера труппасының директоры Талғат Мұсабаевқа айтар алғысым зор.

– Рөлдерді есте қаларлықтай етіп сомдау қалай қолыңыздан келеді?

– «Сырт көз – сыншы» демекші, мен әрдайым өзіме қатысты айтылған ескертпелерді дұрыс қабылдаймын және соны түзетуге тырысамын. Егер мен шырқаған туындыларды көпшілік түсініп жатса, демек бұл менің дұрыс жеткізе білгенім.

Ұлттық операларды орындаған кезде маған екі есе жауапкершілік артылатынын түсінемін. Партияның вокалдық-техникалық бөлігі бірінші кезекте болғанымен, оның әрбір сөзін көрермендерге жеткізе білу, әрбір әрпін ұғынықты қылып айту қажет. Қазақтың әр сөзінің тәрбиелік мәні бар. Сондықтан әрбір әріпті шегелеп тұрып айтса, ол міндетті түрде тыңдарманға жетеді. Жиналған қауым спектакльдің мазмұнын ұқса, бұл әртіс үшін үлкен дәреже болады.

Ерекше атап өткім келетін жайт, 20 жылдық шығармашылық қызметімде қолымнан домбыра түскен емес. Біржанды, Шегені, Әзімді айтсам да, сахнаға домбырамды ұстап шығамын. Менің кішкентай кезімнен әнге және сонымен қатар қазақтың қара домбырасына әуес болып өскенім сахнада осылай көрініс тапты.

– Иә, әсіресе Біржанның партиясын халықтық мәнерде жеткізетініңіз көрермендерге ерекше ұнайды.

– Рақмет, өмірімде зор мақтанышпен айтатын опера – осы Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сарасы». Композитор ұлттық операдағы шоқтығы биік Біржанның партиясын өте сирек кездесетін лирикалық-драмалық тенорға арнап жазған. Кезінде тәлімгерлерім «осы рөл сенің төл белгіңе айналады» деуші еді. Шынымен де, солай болды. Әріптесім әрі сахнадағы сенімді серігім – театрымыздың жетекші солисі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ екеуіміз Венгрияның беделді концерттік алаңында «Біржан – Сара» операсынан «Айтыс» сахнасын ұсындық. Сол кезде залда отырған көрермендердің қошеметінде шек болмады, олар бізді сахнадан жібергілері келмей, екінші рет ән шырқауымызды өтінді. Тағы басқа шет елдерге гастрольмен барғанда үнемі осындай ыстық ықыласқа бөленеміз. Шетелдіктер біздің ұлттық операларымыздың ұлылығына және костюмдеріміздің әдемілігіне, декорациялардың ауқымдылығына әрдайым тәнті болады.

– Театр солисі ретіндегі қызметіңіз бен отбасылық өмірді қатар алып жүру қиын емес пе? Балаларыңыздың сіз секілді өнер жолына түсетін ойлары бар ма?

– Жұбайым Сәуле Рахимова өзі музыкант болғаннан кейін мені жақсы түсінеді. Сондай-ақ балаларымыз да өнерден алыс емес, үлкенім Бақытжан кларнетте, ал кенжем Әділжан тромбонда ойнайды. Екеуі де Астанадағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында білім алуда. Оларды үрлемелі аспаптарға берген себебіміз, вокалистер мен үрлемелі аспаптарда ойнайтын музыканттардың тыныс алу техникасы бірдей болып келеді. Сондықтан келешекте ұлдарымыз әншілік өнерге бет бұрып жатса, олардың бұл саланы қиналмай жалғастырып әкетуге мүмкіндіктері болады.

Отбасым – өмірдегі де, өнердегі де үлкен қолдаушым. Жақындарым маған әрдайым зор демеу береді. Мен операға қатысардан бір жұма бұрын үйімізде тыныштық атмосферасы орнайды, отбасымның барлық мүшесі менің жағдайымды жасауға тырысады. Ауырып қалмай, партиямды аман-есен айтып шығуым үшін барлығы тілекші болады. Өйткені опера сахнаға жай шығып айта салатын өнер емес, ол әртістен үлкен дайындықты талап етеді. Спектакльге психологиялық тұрғыда дайын болуымыз керек, сондықтан әрбір өнер көрсету алдында қолдау білдіретін отбасымның бары – менің үлкен бағым деп айтар едім.

Қазір мен лирикалық-драмалық дауыстағы тенорларды тәрбиелеу, оларды Біржанның бейнесінде сахнаға шығару үшін еңбектеніп жүрмін. Опера әлеміне келген адам театрдың нағыз жанашыры болуға тиіс деп санаймын. Жас вокалистерге өздеріңді шыңдаудан жалықпаңдар, ерінбей еңбек етіңдер дегім келеді.

– Әңгімеңізге рақмет!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:32
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 16:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Странджа турниріне қай елдерден боксшылар қатысады

22 Ақпан 2026 02:04see114

Қазір сатып алуға болатын ең қауіпсіз 5 электромобиль

21 Ақпан 2026 20:48see112

Ақмола облысында алаяқтар зардап шеккен әйелге 2 миллион теңгеден астам соманы қайтарды

21 Ақпан 2026 18:14see108

Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

22 Ақпан 2026 10:01see107

Мысырда 1 наурыздан бастап шетелдіктер үшін виза ақысы көтеріледі

23 Ақпан 2026 03:15see107

Ата аналар Бейнеу гарнизонына барып, жеке құрамның жағдайымен танысты

22 Ақпан 2026 17:21see106

Иран Ресеймен құпия келісім жасап, зымыран кешендерін сатып алуға келісті Financial Times

22 Ақпан 2026 23:13see106

Қанша уақыт жатқанын білмеймін… : Атырау облысында 70 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды (ФОТО)

22 Ақпан 2026 15:58see106

АҚШ ғалымдары вирусқа, бактерияға және аллергияға қарсы әмбебап вакцина әзірледі

22 Ақпан 2026 08:12see105

Түркістанда полиэтилен қаптама өнімдерін және скотч өндіретін зауыт ашылды

23 Ақпан 2026 11:48see105

​Бас прокуратура Олеся Кексель ісіне қатысты пікір білдірді

23 Ақпан 2026 11:34see105

Путин мен Зеленский жақын арада кездесуі мүмкін

22 Ақпан 2026 13:00see104

Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қайрат пен Семей 1/4 финалдағы алғашқы ойынын өткізеді

23 Ақпан 2026 01:26see104

Қазақстанда үндістандық препаратты қолдануға тыйым салынды

23 Ақпан 2026 09:31see103

Орталық референдум комиссиясы 21 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

23 Ақпан 2026 15:04see103

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 40,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

23 Ақпан 2026 15:03see103

Ауыл шаруашылығы мамандарының стипендиясы тек 2028 жылдан кейін өсуі мүмкін

23 Ақпан 2026 13:06see103

80 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік желілерде Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады

22 Ақпан 2026 15:22see102

Трамп АҚШ импортына жаһандық тарифтер туралы шешімін өзгертті

22 Ақпан 2026 00:21see102

Геннадий Головкин Джеки Чанға шапан жапты

22 Ақпан 2026 00:21see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары