Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Риелторлық сала реттеуді қажет етеді

Риелторлық сала реттеуді қажет етеді

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстандықтар риэлторлардың жұмысына жиі шағымдана бастаған. Азаматтар жоғары комиссияларға және біржақты келісімшарттарға наразы.  Сарапшылардың пайымдауынша елде 30 мыңға жуық риэлтор бар. Алайда олардың тек 30%-ы ғана ресми тіркелген. Қалғандары кәсіпті көлеңкелі жолмен жүргізеді. 

Үй сатамын деп, соттан бір-ақ шықты. Бұл бас қалада болған оқиға. Салтанат  1,5 жыл бұрын астанадағы үйін сатуға қойып, риелторлар қызметіне жүгінген. Агенттік өкілдері үш айға келісімшарт жасап, кейіпкерімізге көмекстесеміз деп келіскен. Алайда одан еш нәтиже шықпады. Келісілген уақытта мамандар пәтерді сата алмаған соң, Салтанат риелторлық қызметтен бас тартып, мекеме басшысына қолхат жазды. Осылайша арадағы келсімшартты бұзғандай болады. Арада үш апта өткен соң  пәтерін өзі сатып, іс енді ғана жайланғанда агенттіктен тағы хабар келген. Риелторлар көрсетілмеген қызмет үшін кейіпкерімізді сотқа беріп, ақша төлеуді талап еткен.

Салтанат, қала тұрғыны:

- Келісімшарт бұзылғаннан кейін де 30 күн ішінде мен үйді сата алмайды екенмін. Сол жерде жазылған екен. Мен оны түсінбегенмін. Сөйтіп олар маған сотқа дейінгі шағым жібереді.  Мен адвокат жалдаймын. Өйткені бұл барып тұрған заңсыздық деп ойлаймын. Мен өз үйімді өз күшіммен сатамын. Олар үйді сатқан жоқ. Олардың қолында кілт болған жоқ. Мен олармен келісімшарт бұзамын деген хат жіберемін. Бір жылдың көлеміндей бізде сот процесі өтеді. Ең аяғында мен ұтыламын. Өйткені келісімшартта барлық келіспеген жағдайларды арбитраждық сот қарайды деген пункт болған. Мен сол соттан жеңілдім. Олардың барлық айыппұлын төлеуге тура келді. Өйткені олар менің картамды блокқа қойды.

Бұл бір ғана мысал. Шын мәнінде риелторлардың заңсыз әрекетінен зардап шеккендер көп дейді кейіпкеріміз. Оның ішінде баспананы сатушы да, сатып алушы да бар. Көпшілігі риелторлармен эксклюзивті келісімшарт жасап, арбитражды соттан жеңіліп қалған.  Депутат Олжас Құспековтың пікірінше, бұл салаға тиісті бақылаудың болмауы осындай жағдайларға әкеліп отыр.  Айта кету керек, елімізде риелторлар лицензиясыз да қызмет ете береді. Олар екі жақтан ақы алады. Ал комиссия мөлшерін өздері белгілейді.

Олжас Құспеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазіргі таңда риелторлардың нарықтағы жұмысы реттелмеген. Олар заңсыз ортада жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бұл жерде әртүрлі алаяқтық фактілер болып жатыр. Сатып алушы немесе жалға алушы азаматтар алданып жатыр. Бұл саланы заңнамалық түрде реттеу қажет. Ең біріншіден, азаматтарымыздың, сатып алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында. Бүгінгі таңда егер риелторлар құқық бұзушылық жасаса, біз мемлекеттік сотқа емес арбитраждық сотқа жүгінеміз. Алайда арбитраждық сот қаражаттың барлығын риелторлық агенттіктерден алып отырғандықтан солардың құқықтарын қорғайды.

Депутат риелторлардың жұмысын реттеу үшін бірыңғай ұлттық реестр керек деп есептейді. Реестр салада жұмыс істегісі келетіндердің кәсіби біліктілігін тексеріп, тіркеумен айналысады.

Олжас Құспеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Риелторлардың ұлттық реестрі құрылу керек. Оған кірген кезде риелторлар міндетті түрде өздерінің білімдерін, сотталмағанын, алаяқтық фактісіне ілінбегенін, барлығын дәлелдеп содан кейін ғана кіру керек. Одан кейін 3-4 жыл сайын аттестациядан өту керек. Тек қана сол жағдайда ол риелторлар нарықта жұмыс істей алатын рұқсат алу керек.  Сол арқылы риелторлар нарығын тазалап өтеміз.

Қазір осы кәсіппен айналысатындар 2020 жылы сауда министрлігі шығарған риелторларға қатысты стандарт бойынша жұмыс істеп жатыр. «Сондықтан  саланы мемлекеттік  реттеу  маңызды», - дейді заңгер Нұрлан Жаңабаев. Ол мұндай шаралар азаматтардың құқығын қорғап, нарықта кәсіби білікті кадрлар қалуына сеп болады деген сенімде.

Нұрлан Жаңабаев, заңгер:

- Бізде қазіргі уақытта риелторлардың жасырын комиссиясы өте көп. Оны ешкім білмейді. Тұтынушылардың құқығы қорғалмаған ешқайжерде. Ештеңе істей алмайды. Мысалы, АҚШ мемлекетінде әрбір штаттарда риелторларға өз ұсыныстары мен талаптары бар. Ол жақта риелтор болу үшін адам бір курс өтеді. Бірнеше курс өтеді. Курстан кейін сертификатын алып шығады. Содан кейін риелторлар тізіміне енгізіледі. Содан кейін барып жұмыс істейді. Ол ақпарат ашық көрсетілген.

Айта кету керек, мамандықтардың ұлттық классификаторында «риелтор» деген бағыт жоқ. Демек нарықта бар мамандар арнайы білім алмайды. Сондықтан Қазақстанның риелторлар қауымдастығы кәсіптің осы түрін орта білім беру бағдарламасына қосу керек деп есептейді.

Лариса Степаненко, Қазақстанның риелторлар қауымдастығының президенті:

-  Қауымдастығымыздың бірнеше жылдан бері «Риелтор» мамандығын Ұлттық классификаторға қосу үшін негіздеме жазып келеді. Бұл тізім бес жылда бір жаңартылады. Сондықтан «Риелторлардың жұмысын реттейтін» заң жобасы осы мәселені де шешуге көмектеседі деген үміттеміз. Әзірге қауымдастық риелторларды оқытады. Ұйым базасында «Жылжымайтын мүлік академиясы» бар. «Риелторлар мектебі» бар. Тіпті аттестацияны да өзіміз жасап шығардық. Салада сапалы қызмет көрсетіп, кәсіби деңгейде жұмыс істегісі келетіндер сол тестілеуден өтеді.

Қазақстанның риелторлар қауымдастығы да қызметті реттеуді қолдайды. Нарықта құжаттар мен мүлікке қатысты мәселелерді реттейтін мамандарға сұраныс бар», - дейді қауымдастық өкілдері. Алайда әзірге риэлторлардың шамамен 70%-ы көлеңкеде жұмыс істеп жүр.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Гүлнар Тұрсынова, Марат Диханбаев

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 13:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары