Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Көршісі тиіспек болған: Шымкентте 8 жастағы жеткіншектің анасы сот үкіміне наразы

Көршісі тиіспек болған: Шымкентте 8 жастағы жеткіншектің анасы сот үкіміне наразы

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Шымкентте көпқабатты үйде 8 жастағы қызды қуалап, бейәдеп қылық көрсеткен ер адамға сот үкімі шықты. Жаза – 216 мың теңге айыппұл. Үкіммен келіспеген жеткіншектің анасы Sputnik Қазақстанға оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

28 сәуірде жеткіншек ойын алаңына шығып, үйге қайта оралған. Үйге кіре берісте 56 жастағы көршісін көріп, амандасып өтіп кеткен. Ер адам жеткіншекті сөзге айналдырып, дүкенге апармақ болған.

"Ер адам қалтасынан картасын алып шығып, "картамда ақша қалмапты, жүр, үйге кіріп, ақша алып шығып, дүкенге апарайын" деген. Қызым "керек емес, рахмет" деп айтқан", - дейді қыздың анасы.

Ер адам қызбен лифтіге бірге кіреді, жеткіншек 6 қабаттың, ер адам 3 қабаттың батырмасын басады.

"Үшінші этажға келгенде ер адам белінен ұстап, қызымды үшінші қабаттан түсіріп алады. Қызым не істерін білмеген. Сөйтіп қызымды үйіне кіргізбек болған. Қызымды сүйіп, денесінің әр жеріне қолын жүгіртіп, сипалаған. Қызымның айтуынша, ер адам шалбарын шешпек болған, бірақ қызым қолын итеріп жіберген", - дейді әйел.

Оқиғаның барлығы подъездегі бейнекамераға түсіп қалған.

"Қызым қорқып, үйдің шатырына дейін қашқан, ер адам қуып берген. Шатыр жабық болған, 9 қабатта сол сәт бір көрші әйел шығып қалады. Қызым соларға жағдайды айтады, ер адам өкшелеп қуып келген. Көршілер ер адамға ұрсып берген. Сол келіншек 6-шы қабатқа түсіп, қызымды үйге кіргізбек болады. Сөйтсе жаңағы ер адам сол жерде тұр дейді. Көршім ұрсып жолатпаған", - дейді шымкенттік тұрғын.

Ер адамның әйелі үш жыл бұрын қайтыс болған, бір ұл, бір қызымен бірге тұрады. Ағайындары келіп жеткіншектің отбасынан кешірім сұраған.

"Қызыммен психолог сөйлесті. Қызым ер адам көрсе қорқып, қалшылдап кетеді. Тергеу кезінде 124-баптың 1-бөлігімен іс қозғалды. 1 маусым күні Қаратау аудандық прокуратурасына шақырып, "қол қойып кетіңіз" деді. Оқиын деп ем, "сол бұрынғы құжаттың көшірмесі" деді, мен сосын қол қойдым. 3 маусымда жарты сағат қалғанда сот болады деп хабарласып тұр. "Қалай сонда, сотқа солай 15 минут қалғанда хабарлап айта ма екен" дедім. Оған дейін 2-3 рет сот болады деп соза берді, бірақ болған жоқ. Ешкім іспен таныспаған", - дейді жәбір көрген қыздың анасы.

Қыздың анасы сотқа онлайн қатысады. Бірақ дәл сот кезінде қалай екені белгісіз, іс 124-баптан, 121-бапқа ауысып кеткен.

"Неге бапты ауыстырдыңыздар деп едім, судья "сөзді бөлмеңіз" деді. Судья Мүкібаев мені мазақ еткендей күліп тұр. Сот болып жатқанда біздің адвокат та, судья да, хатшы да бәрі басқа, өзгеріп кеткен. Психологтың видеосы, ешнәрсе тексерілген жоқ. Сотталушы "кешірім сұраймын, мүгедекпін" деп айтумен болды. Мен "наразымын" деп айтып ем, "қыздың штанын шешпеген" деп айтты. Сонда менің қызымның шалбары шешіліп, ер адам ойына келгенді істегенде ғана қамала ма?", - дейді әйел.

Қызға бейәдеп қылық көрсеткен ер адам көзінің көру қабілеті бойынша мүгедек болған.

Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралған. Тағылған айып - Қылмыстық Кодекстің 121-1-бабы "Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу".

Соттың мәліметінше, Қылмыстық Кодекстің 121-1-бабы бойынша жаза ретінде түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту және қамаққа алу жазалары көзделген.

"42-баптың 7-бөлігіне сәйкес, түзеу жұмыстары тұрақты жұмысы жоқ адамдарға тағайындалмайды. 43-баптың 3-бөлігі бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы 2-топ мүгедек адамдарға қолданылмайды", - дейді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Соттың хабарлауынша, Қылмыстық Кодекстің 467-бабы 1-1-бөлігіне сай, қамаққа алу жазасы 108-1 және 109-1 баптарынан басқа қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады.

"Аталған заң нормаларына сүйене отыра, жаза тағайындағанда сот сотталушының жасаған әрекеттері үшін шын ниетпен өкінгенін және екінші топ мүгедек екендігін ескерді. Оған қоса, сотталушыға кінәлі деп танылған бап бойынша көзделген басқа жазалар тағайындалуға жатпайды. Сол себепті Қылмыстық Кодекстің 55-бабы 4-бөлігін қолданып, сотталушыға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу жазасын тағайындады", - дейді сотта.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, тараптар апелляциялық шағым беруге құқылы.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Маусым 2026 17:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары