КҚК терминалында мұнай тиеу жұмыстары шабуыл салдарын бағалау аяқталғанға дейін тоқтатылды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 19 шілде - Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеп жатқан екі танкерге жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.
"Бүгін, 19 шілдеде Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу операциялары жүргізіліп жатқан кезде "ASIA" және "NISSOS IOS" танкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Аталған кемелер Қазақстанда өндірілген мұнайды тиеуді жүзеге асырып жатқан. Танкерлердің бортында халықаралық экипаж мүшелері болған", - делінген мәлімдемеде.
Шабуыл салдарынан танкерлерде өрт шыққанымен, экипаждардың жедел іс-қимылының арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. №1 және №3 қашықтан тиеу құрылғылары зақымданған жоқ. Теңіз акваториясына мұнайдың төгілуіне жол берілмеді.
"Қазіргі уақытта терминалда мұнай тиеу жұмыстары оқиғаның салдарын бағалау аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылды. Мұнайды жөнелтуді қайта бастау туралы қосымша ақпарат кейін ұсынылады", - деп хабарлады министрлік.
Қазақстанның энергетика министрлігі азаматтық мақсаттағы аса маңызды энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған мұндай шабуылдарды жол беруге болмайтын әрекет деп санайды.
Халықаралық энергетикалық инфрақұрылым нысандарына кез келген күш қолдану жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке қатер төндіреді, энергетикалық ресурстардың үздіксіз халықаралық сауда тетіктерін бұзады және жобаға қатысушылардың экономикалық мүдделеріне елеулі зиян келтіреді, деп мәлімдеді министрлік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Шілде 2026 20:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















