Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

“Күлше қыз” кешені және плацента препараттары қазақстандық әйелдерге заңсыз дәрілер салынған

“Күлше қыз” кешені және плацента препараттары қазақстандық әйелдерге заңсыз дәрілер салынған

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ақтаудағы жекеменшік медициналық орталықтан Қазақстанда тіркелмеген 238-ден аса препарат табылды. Бұл қандай дәрілер және олардың қайдан әкелінгенін TengriHealth тілшісі анықтады.

Тексеріс кезінде не анықталды?

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мәліметінше, Ақтаудағы мекемеге жоспардан тыс тексеру өңір тұрғынының шағымынан кейін 2026 жылдың шілдесінде жүргізілген.

Инспекторлар Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өтпеген 238-ден аса ампула мен дәрілік препарат құтыларын тәркілеген.

Олардың ішінде мыналар бар:

"Натрий тиосульфаты" (300 мг/мл, 10 мл) және "Пиридоксин" (50 мг/мл) инъекцияға арналған ерітінділері. Көпшілікке танымал "Золушка" инфузиялық кешенінің компоненттері - Cindella (Thioctic acid) 25 мг/5 мл; Laennec (Human Placenta Hydrolysate) - адам плацентасының гидролизаты негізіндегі препарат.

Анықтама: Натрий тиосульфаты 300 мг/мл, 10 мл - бұл антидот (у қайтарғы) және тазартқыш құрал ретінде әсер ететін, көктамырға егуге арналған дәрілік ерітінді. Пиридоксин - В6 витаминінің негізгі кең таралған түрлерінің бірі. Cindella (Thioctic acid) 25 mg/5 ml - белсенді компонент ретінде тиокт (альфа-липой) қышқылы бар инъекцияға арналған ерітінді түріндегі дәрілік препарат. Препарат эстетикалық медицинада танымал. Ол көбінесе "сұлулық тамшылатқыштарының" немесе "Золушка" кешенінің негізгі компоненті ретінде қолданылады. Laennec (Human Placenta Hydrolysate) - құрамында адам плацентасының гидролизаты бар препарат.

Ведомство мәліметінше, препараттар Қазақстанға Ресей, Армения және Оңтүстік Кореядан әкелінген.

Тұтас "инфузия бөлімі": тексеріс немен аяқталды?

Департаменттің ақпараты бойынша, мекемеде кушеткалар мен массаж креслолары қойылған 11 орындық екі емшара кабинеті жабдықталған. Сол жерде пациенттерге тұрақты түрде дәрілік препараттар егілетін "инфузия бөлімі" ұйымдастырылған.

"Клиниканың медициналық қызметке лицензиясы болғанына қарамастан, сипатталған процедуралар стационарды алмастыратын медициналық көмекке жатады және тиісті рұқсат беру процедураларының сақталуын талап етеді", - деп түсіндірді департамент өкілдері.

Лицензиялық талаптарды бұзғаны үшін мекеме басшысы ӘҚБтК-нің 464-бабы 1-бөлігі - "Лицензиялау нормаларын немесе лицензиялау процедураларын бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты оны ӘҚБтК-нің 426-бабы 3-бөлігі "Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу" бойынша кінәлі деп таныды.

Нәтижесінде медцентр иесіне 800 мың теңге айыппұл салынды, сондай-ақ барлық тіркелмеген препаратты тәркілеу және жою туралы шешім шығарылды.

Сонымен қатар, департаменттегілер қанша пациенттің тіркелмеген дәрі-дәрмектерді алып үлгергені және одан кейін асқынулар тіркелген-тіркелмегені туралы ақпарат жоқ екенін айтты.

Пациенттерге қандай кеңес беріледі?

Департамент қазақстандықтарға медициналық ұйымға жүгінбес бұрын оның лицензиясы бар-жоғына көз жеткізу керек екенін, сондай-ақ емдеу кезінде қолданылатын препараттарға жауапкершілікпен қарау қажет екенін еске салды.

Сондай-ақ мамандар дәрі-дәрмектің сыртына назар аударуға кеңес берді. Қазақстанда тіркелген препараттарда міндетті түрде мемлекеттік тілдегі таңбалама және ҚР-ДЗ (РК-ЛС) тіркеу нөмірі болуы тиіс.

Бұған дейін Қазақстанда жекеменшік емшара кабинеттерін тексеру жалғасып жатқанын жазған болатынбыз. 31 наурыздағы жағдай бойынша олардың иелеріне 16 миллион теңгеден аса сомаға айыппұл салынған.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Хирург қазақстандық қызға сәтсіз жасалған ерін үшін ақша төлейтін болды

Қазақстанда пластикалық хирургия клиникаларына ауқымды тексеру жүргізіледі

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық

тексеріс

Медицина

шағым

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:74
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 18:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары