Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Күндіз шулауға бола ма? Қазақстан заңында іс жүзінде не делінген

Күндіз шулауға бола ма? Қазақстан заңында іс жүзінде не делінген

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қатты музыка, көршілердегі жөндеу жұмыстары немесе үй маңындағы шулы мекеме айтарлықтай қолайсыздық тудыруы мүмкін. Біреулер үнсіз шыдауды жөн көрсе, енді бірі жанжалды өз бетінше шешуге тырысады, ал үшіншілері уәкілетті органдарға жүгінеді. Күндіз шулауға бола ма, шуға қатысты қайда шағымдану керек және тәртіп бұзғандарды жауапқа тарту үшін қандай дәлелдер қажет екенін Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Кез келген шу заңбұзушылық емес

Қандай шу заңбұзушылық болып саналатынын, ал қай жағдайда жауапкершілік көзделмегенін түсіну үшін біз Алматы полиция департаментіне пікір алу үшін жүгіндік.

Ведомство өкілдері кез келген қатты дыбыс әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз бола алмайтынын түсіндірді - ол үшін заңбұзушылық дерегі мен құқықбұзушылық құрамының бар-жоғын анықтау қажет.

"Заңмен тыйым салынған уақытта азаматтардың тыныштығын бұзатын немесе шектен тыс шу тудыратын әрекеттер тыныштықты бұзу болып есептеледі. Бұл қатты шыққан музыка, теледидар дыбысы, айқай-шу, жөндеу жұмыстары және басқа да шулы әрекеттер болуы мүмкін", - деп түсіндірді полиция.

Ведомство шудың нақты қайдан шығып жатқаны маңызды емес екенін атап өтті: мейлі ол пәтерден, балконнан, кіреберістен, ауладан немесе басқа жерден болсын. Егер ол адамдардың тыныштығын бұзса, бұл дерек әкімшілік өндіріс аясында қаралуы мүмкін.

"Құқықбұзушылық дерегі анықталған жағдайда, кінәлі тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады полиция.

Анықтама: ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілікті реттейді. Айыппұл түнгі уақыттағы шу үшін салынады (жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін).

Бұл ретте полиция күндізгі кез келген шу заңбұзушылық емес екеніне назар аударды. Атап айтқанда, баланың жылауы жауапкершілікке тартуға негіз бола алмайды.

Күн мен түн: пәтерде шудың қандай нормалары қолданылады

Түнгі тыныштық режимі туралы барлығы біледі. Ал күндізгі шуға келгенде көбі шатасып жатады. Көп жағдайда шулы көршілер: "сағат түнгі мезгілді көрсетіп тұрған жоқ, демек, еш шектеусіз қабырға тесуге, тықылдатуға немесе музыканы ең жоғары дауысқа қоюға болады" деп сенеді. Бірақ бұл қате түсінік, себебі заң күндізгі уақытта да белгілі бір шеңберді белгілейді.

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (СЭБД) мәліметінше, рұқсат етілген шу нормативтері тәуліктің кез келген уақытында қолданылады:

Күндіз шудың рұқсат етілген деңгейі - баламалы дыбыс деңгейі бойынша 40 дБА-ға дейін және максималды деңгей бойынша 55 дБА-ға дейін. Қарапайым тілмен айтқанда, қалыпты дауыспен сөйлесу, тұрмыстық техниканың жұмысы немесе басқа да күнделікті шу норма болып саналады. Алайда, шектен тыс тұрақты шу - мысалы, қатты музыка, перфоратор қолдану арқылы ұзақ уақыт бойы жүргізілетін жөндеу жұмыстары күндізгі уақытта да тексеру жүргізуге себеп болуы мүмкін.

Бұл жерде мынаны түсінген жөн: күндіз жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынбаған. Бірақ шулы жұмыстар белгіленген нормалардан аспауы және басқа тұрғындардың тыныштығын бұзбауы тиіс. Егер шулы құралдарды пайдаланып жөндеу жұмыстарын ұзақ уақытқа жоспарласаңыз, көршілерге алдын ала ескертіп, мүмкіндігінше жұмыс уақытын келісіп алған артық болмайды. Бұл жанжал мен артық шағымның алдын алуға көмектеседі.

Түнде рұқсат етілген шу - баламалы деңгей бойынша 30 дБА-ға дейін және максималды деңгей бойынша 45 дБА-ға дейін. Түсінікті болу үшін: 30 дБА - бұл шамамен жай дауыспен сөйлесу немесе пәтердегі тыныш жағдай, ал 45 дБА-дан жоғары өткір дыбыстар - жоғары дауыспен сөйлесу, қатты күлкі және тағы басқасы тыныштықты бұзу ретінде қабылдануы мүмкін.

Егер шу деңгейі белгіленген нормалардан асса, бұл тиісті шаралар қолдануға негіз болады.

Қайда шағымдану керек және қандай дәлелдер жинау қажет?

Егер көршілермен мәселені бейбіт жолмен шешу мүмкін болмаса, онда ең алдымен полицияға жүгіну қажет. Алайда, осы кезеңде қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы, түнде көршілерде музыка гүрсілдеп немесе теледидар қатты дауыспен қосылып тұрса, тұрғындар полиция шақырады, бірақ қызметкерлер келгенше шу басылып қалады. Мұндай жағдайда заңбұзушылық дерегін анықтау қиынға түседі, бірақ әлі де мүмкін.

Алматы полиция департаменті мұндай жағдайда заңбұзушылықты видеоға түсіріп алуды ұсынады. Сондай-ақ аудиожазба, бейнебақылау камераларының жазбалары және тыныштықты бұзу дерегін растайтын басқа да материалдар дәлел бола алады.

"Әрбір өтініш бойынша барлық мән-жай мен ұсынылған дәлелдерді бағалай отырып, тексеру жүргізіледі", - деп нақтылады ведомство.

Сондай-ақ полиция өкілдері өз бетінше сатып алынған тұрмыстық шу өлшегіштер ресми өлшеу құралы болып саналмайтынын, сондықтан олардың көрсеткіштері толыққанды дәлел ретінде пайдаланылмайтынын атап өтті.

Бұл ретте шақырту бойынша барған полицейлер қажет болған жағдайда шуды өлшеу үшін уәкілетті органдарды тарта алады.

Децибел және шу өлшегіштер

СЭБД өкілдері өтініш тіркелгеннен кейін мамандар зертханамен бірге өлшеу жүргізу үшін оқиға орнына баратынын айтты.

"Шу деңгейін өлшеуді аккредиттелген зертханалар жүргізуге құқылы. Өлшеу жұмыстарына арнайы сертификатталған жабдықтар – шу өлшегіштер немесе соған ұқсас сипаттамалары бар өлшеу жүйелері қолданылады", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Мамандар өлшеу жұмыстарын өтініш берушінің пәтерінде, сондай-ақ шу шығып жатқан нысанда жүргізеді.

"Тексеріс дыбыс көзі қосулы тұрғанда да, ол өшірілгеннен кейін де жүргізіледі", - деп нақтылады СЭБД.

Сондай-ақ ведомство өкілдері егер шудың тұрақты көзі болса және тексеріс тағайындау туралы акт рәсімделсе, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары өлшеу жүргізу үшін түнгі уақытта да бара алатынын атап өтті.

Тыныштықты бұзғаны үшін салынатын айыппұл

Естеріңізге сала кетейік, тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған. 2026 жылы көлемі келесідей:

жеке тұлғалар үшін – 5 АЕК (21 625 теңге); шағын кәсіпкерлік субъектілері/коммерциялық емес ұйымдар үшін – 20 АЕК (86 500 теңге); орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 30 АЕК (129 750 теңге); ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 100 АЕК (432 500 теңге).

Егер заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл көлемі артады:

жеке тұлғалар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – екі есе. ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК-ке (648 750 теңге) дейін.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы түнгі отшашулар: полиция құқықбұзушыларды қалай табады және оларға айыппұл салына ма?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 20:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары