Ли Чжэ Мёң Тоқаевқа Хон Бом Доның сүйегін Кореяға қайтаруға көмектескені үшін алғыс айтты
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Оның айтуынша, корей халқы бұл ізгі істі ұмытпайды әрі жоғары бағалайды.
Ли Чжэ Мёң екі елдің сыртқы саясаттағы бағдары ұқсас екенін мәлімдеп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады.
"Корея Республикасы мен Қазақстан сыртқы саясаттағы ынтымақтастық аясын кеңейтіп, ұлттық мүдде мен нақты нәтижеге бағдарланған прагматикалық дипломатия ұстанады. Қазақстан – біздің экономикалық қауіпсіздік саласындағы маңызды серіктесіміз. Сіздің еліңіз тек энергетикалық және табиғи ресурстарға ғана бай емес, келешегі зор жоғары технологиялық салаларда да зор әлеуетке ие. Біз өндіріске арналған озық цифрлық технологияларымыз арқылы Қазақстан өнеркәсібін жаңғыртуға үлес қосуға әзірміз. Халықаралық ахуал бұлыңғыр кезеңде елдеріміз күш-жігер мен әлеуеттерін біріктіріп, ынтымақтастықты нығайтуға тиіс. Сондай-ақ өзара тиімді негізде экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндіктерін табуы қажет", – деді Корея Президенті.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-ЖомартТоқаев Кореяның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы туралы айтқан еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Пашинян Қасым Жомарт Тоқаевқа Бакумен транзит мәселесін шешуге көмектескені үшін алғыс айтты
22 Қазан 2025 14:58
“Шексіз ризамын“: Оңтүстік Корея президенті Тоқаевқа ҰҚТ ны ұстауға көмектескені үшін алғыс айтты
12 Тамыз 2026 15:16
Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мён Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
12 Тамыз 2026 11:07
Ли Чжэ Мёң кезінде жер аударылған корейлерге пана болған қазақ халқына алғыс айтты
15 Қыркүйек 2026 18:03
Ердоған Тоқаевқа көреген саясаты үшін алғыс айтты
14 Мамыр 2026 15:23
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 17:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















