Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ляньюньгандағы Қазақстан Қытай логистикалық базасының жүк айналымы 14 пайызға артты

Ляньюньгандағы Қазақстан Қытай логистикалық базасының жүк айналымы 14 пайызға артты

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытайдың шығысында, Цзянсу провинциясындағы Ляньюньган қаласында орналасқан қытай-қазақстандық логистикалық база арқылы өткен жалпы жүк айналымы 5,1597 млн тоннаны құрап, 13,74 пайызға өскен.

Екі ел шекарасындағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» құрғақ портында барлығы 340 мың стандартты контейнер өңделді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 4,78 пайызға артық. Сонымен қатар Қазақстандағы Ақтау портындағы контейнерлік хаб жобасының бірінші кезеңін іске асыру жұмыстары аяқталып, оны пайдалануға беру дайындығы қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне «Ляньюньган порты» тобына қарасты корпорация хабарлаған.

Синьхуа мәліметінше, 2014 жылы ресми түрде пайдалануға берілген Ляньюньгандағы қытай-қазақстан логистикалық базаcы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы алғашқы нақты жоба саналады. Қазіргі таңда ол Орталық Азия елдері үшін маңызды теңізге шығатын қақпаға айналған.

— 2025 жылдың желтоқсан айының соңына қарай базаның жиынтық жүк айналымы 43,02 млн тоннаға жетті. Қазіргі уақытта ол арқылы Азия мен Еуропадағы 104 станцияны қамтитын халықаралық теміржол жүк тасымалының алты бағыты өтеді. Бұл нысан Орталық Азияның бес елі үшін транзиттік тасымал, қоймалау, логистика және сауда салаларындағы маңызды платформаға айналды. Мұнда бидай, тұрмыстық техника, фотоэлектрлік модульдер секілді 400-ден астам тауар түрі жинақталып, таратылады, — делінген хабарламада.

Ляньюньганнан жөнелтілген жүк Қытай–Еуропа және Қытай–Орталық Азия бағытындағы халықаралық жүк пойыздары арқылы Алматыға алты күнде, ал Өзбекстан астанасы Ташкентке шамамен он күнде жеткізіледі. Бұдан бөлек, Ляньюньган портынан теңіз арқылы әлемнің 150-ден астам еліндегі мыңға жуық портқа жүк тасымалдауға мүмкіндік бар.

Ляньюньган қаласындағы Қытай–Қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы бас директорының орынбасары Әзілхан Беделовтың айтуынша, база арқылы Орталық Азиядан Оңтүстік-Шығыс Азияға бидай мен минералдық өнімдер тиімді әрі қауіпсіз жеткізіледі. Ал кері бағытта Қытайдан, Корея Республикасынан, Жапониядан және өзге елдерден автокөліктер, фотоэлектр өнімдері мен түрлі тауарлар тасымалданады.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» құрғақ порты — Ляньюньгандағы логистикалық базадан кейінгі Қытай мен Қазақстанның логистика саласындағы екінші бірлескен жобасы. Жоба аясында қытай-қазақстан теміржол ауыстырып тиеу станциясы, бидай тиеу терминалы және контейнер алаңы салынған.

«KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС бас директорының орынбасары Чэнь Юнның айтуынша, 2025 жылы құрғақ портта кең табанды 10 жаңа теміржол желісі салынды. Сонымен қатар контейнерлерді жедел өңдеу үшін инфрақұрылымды зияткерлік жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде контейнерлерді ауыстырып тиеу уақыты бес сағаттан бір сағатқа жетпейтін мерзімге қысқарған.

Осылайша порт Қытай–Еуропа және Қытай–Орталық Азия бағыттарындағы трансшекаралық жүк тасымалдарының маңызды торабынa айналды.

Құрғақ порттың логистикалық хаб ретіндегі артықшылықтарының арқасында Қазақстандағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында түрлі саладағы кәсіпорындар қызмет ете бастады. Бұл өңдеу өнеркәсібінің, ақпараттық технологиялардың, логистика мен өзге де салалардың дамуына ықпал етіп отыр.

«Ляньюньган порты» тобының дерегіне сәйкес, Қазақстандағы Ақтау портындағы контейнерлік хаб жобасының бірінші кезеңін 2026 жылдың маусым айында пайдалануға беру жоспарланған. Айта кетейік, 2025 жылдың маусымында бұл жоба аясындағы алғашқы іске қосу кешенінің бірінші кезеңі ресми түрде пайдалануға берілген еді.

Қытай–Еуропа бағытындағы пойыздардың қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру мақсатында 2023 жылы «Ляньюньган порты» тобы мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Ақтау портындағы контейнерлік хаб жобасын жүзеге асыру жөнінде стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Бұл — Каспий теңізі жағалауындағы қытай инвестициясы қатысқан алғашқы ірі логистикалық жоба.

Жобаның жалпы аумағы шамамен 19 гектарды құрайды, ал жобалық өткізу қабілеті жылына 240 мың TEU-ға тең. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезең 9,1 гектар аумақты қамтиды. Мұнда үш теміржол жүк тиеу-түсіру желісі мен шамамен 690 контейнер орналастыруға мүмкіндік беретін алаң салынған. Ол контейнерлерді ауыстырып тиеу, кедендік тексеру және қауіпті жүктерді өңдеу секілді операциялардың толық циклін жүзеге асыруға жол ашады.

«Ақтау халықаралық контейнерлік хабы» ЖШС бас директорының орынбасары Дархан Есмағамбетовтың айтуынша, жоба өткізу қабілетін арттырып, жүк өңдеу мерзімін қысқартуға, Ақтау портының Транскаспий халықаралық көлік бағыты /ТМТМ/ аясындағы негізгі торап ретіндегі рөлін күшейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар арнайы ақпараттық платформа арқылы Ляньюньганнан шыққан Қытай–Еуропа бағытындағы пойыздардың қозғалысын бүкіл маршрут бойы нақты уақыт режимде бақылауға болады. Алдағы уақытта жаңа Еуразиялық құрлық-теңіз көлік дәлізі аясында мультимодальды тасымалдарға арналған деректер арнасын бірлесіп салу және пайдалану арқылы аталған үш тораптың ақпараттық өзара байланысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Осыған дейін Қазақстан мен Қытай су саласының мамандарын даярлайтын колледж құратыны туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 02:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары