Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Мадет Темірбекұлы: Әкемнің ең мықты қаруы сатирасы

Мадет Темірбекұлы: Әкемнің ең мықты қаруы сатирасы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қиындықта майыспай, ғылымнан медет тапқан ол ұрпағына атақтан бұрын еңбек пен тәртіпті  мұра етті. Бұл – ел таныған тұлғаның баласы таныған болмысы. Темірбек Қожакеевтің өмір жолы бұралаңы көп, қиын болса да, ол қаншама болам деген жандардың білім шырағын жақты. Биыл сатира саңлағының туғанына 100 жыл толды. Бүгінгі кейіпкеріміз Мадет Темірбекұлымен  әкесінің  көпшілік біле бермейтін ерекше қасиеттерін сөз еттік.  

– Ұстазымыз Темірбек Қожакеевтің тәлі­мін алдық. Ол кісінің шекпенінен шыққан шә­кірті өте көп. Ғалым, ұстаз, сатирик ретінде есімі елге белгілі. Аға буын журналистердің көпшілігі әкеңіздің қаталдығын  жыр қылып айтады. Ал сіздің жадыңызда қалған әке бейнесі қандай?

– Әкем – соғыстың ауыртпалығын көр­ген азамат. Соғыс өрті әлі басылмаған 1944 жылы әскерге шақырылып, Сталинград, Но­вочеркасск, Баку қалаларында, сондай-ақ Да­ғыстанда әскери штабта қызмет атқар­ған. Небір кескілескен ұрыстардың куәсі болып, соғыстың ащы дәмін бір кісідей татып қайтты.

Соған қарамастан, білімге деген құштар­лығын жоғалтқан жоқ. Өзінің келешегін оқусыз елестете алмайтын жан әскерден аман-есен оралған соң, 1948 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетіне оқуға түсе­ді. 1953 жылы оқуын аяқтап, сол факультетте оқытушылық қызметке қалдырылады. Әкем­нің журналистика факультетімен біте қайнасқан ғұмыры осылай басталған еді.

– Адамның есімі өміріне әсер етеді дейді. Ол кісінің есімінің өзі – Темірбек. Әкесі «темірдей мықты, тәртіпті бол» деген ниетпен қойған секілді. 

– «Анасы Арзыхан ұл тапты» деген сүйін­ші хабарды естіген сәтте әкесі  Қожаке қуаныштан көк аспанға масайрай қарағанда, көзіне шоқтай жарқыраған Темірқазық жұлдызы түсіпті. Сонда: «Темірқазық жұл­ды­зы туғанда дүниеге келген бала ғой. Ертең қуанышым, өмірімнің қызығы болсын» деп атын Темірбек қойыпты. 

– Әкеңіздің ел білетін қаталдығы мен талапшылдығының ар жағында қандай мінез жататын еді? 

– Әкемнің тәлімін көрген шәкірттерінің көбі оның қаталдығы мен талапшылдығын жиі айтады. Ал үйде, былайғы ортада мүлде басқа адам еді. Ақкөңіл, кішіпейіл, жайдары болатын. Әзіл-қалжыңы аралас әңгіме айтқанды жақсы көретін.

Үйге келген студенттерімен де өзін ұстаз ретінде биік қоймай, тең құрбысындай емен-жарқын сөйлесетін. Шәкіртіне қажет мағлұматтың бәрін тауып беруге тырысатын. Қолында барын бөлісуге дайын тұратын жомарттығы да бар еді. Ақшадан тарыққан шәкіртін көрсе, «қайтарымсыз қаражат» деп қолына ақша ұстатып жіберетін.

Сондықтан жұрт айтып жүрген әкемнің «қаталдығының» ар жағында шәкірті білімді болса екен, мықты азамат болып қалыптасса екен деген ақеділ ниеті жататын. Жалқау­лық­қа жаны қас еді. Бұра тартқан адамды көрсе, сөзбен түйреп, тәртіпке шақыратын. Әсіресе жұмыс барысында темірдей тәртіп­тің адамы болды. Шәкірттерінің әлі күнге дейін аңыз қылып айтатыны да  осы мінезі шығар.

– Әкеңіздің екі бірдей ағасы соғыстан оралмаған. Одан бөлек, бауырлары болды ма?

– Екі ағасы соғыстан оралмады. Тағы бір бауыры өмірден ерте өтті. Сондықтан бауыр­дың, жақын адамның қадірін терең сезінетін еді. Бәлкім, сол жалғыздықты сезінбеу үшін шығар, бізді үнемі жанынан тастамайтын.

Төрт баласын қасынан қалдырмай, ел­дегі ағайынға жиі ертіп баратын. Бізге ел танытты, жер танытты. Қала маңындағы саяжайда еңбекке баулыды. Тазалықты ерек­ше жақсы көретін. Адалдықты, адамгер­ші­лікті бәрінен жоғары қоюды үйретті. Зия­лылықтың қандай болатынын сөзбен емес, өзінің жүріс-тұрысымен көрсетті. Өтірік айтқанды ұнатпайтын, қандай бұзықтық істесек те, шынымызды айтатын едік. 

Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді

– Ол кісі балаларына  қатты дауыс көте­ріп, ұрысып сөйлеген кездері болды ма?

– Жоқ, әкем үйде дауыс көтеріп, бізді ұрысып тәрбиелеген адам емес. Үйдің үлкені болғандықтан ба, мен оның көңіл күйін қас-қабағынан-ақ танып отыратынмын. Әкем де менімен кейде баласындай емес, інісіндей ақылдасып, сыр бөлісетін. Ал үш қарында­сыма деген әкелік мейірімі тіпті бөлек еді. Ешқайсымызға зекіп, ұрыспай-ақ, бір қаба­ғымен көп нәрсені ұқтыратын.

Каникул басталған бойда ауылға бара­тын­быз. Ауылға барған соң да қарап жат­паймыз: қой кезекке шығамыз, ауылдағы тай-құлындай тебісіп өскен достарымызбен доп қуалап, асық ойнаймыз. Әкем мені атқа мінгізіп, ер үстінде отыруды үйретті. Салт-сананы, дәстүрді бойымызға осылай сіңірді. «Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді» демей ме? Әкем ауылдан көшсе де, алыс кеткен жоқ. Үнемі қала мен ауыл­дың ортасын жол қылып, біте қайнасып өстік. 

– Қазақы қалыпты бойға сіңіріп өсуге әкенің тәрбиесі мол болған секілді. Ол кісінің жүріс-тұрысы, өмір сүру қалпы арқылы  үйреткен өмірлік ең үлкен сабағы не болды деп ойлайсыз?

– «Тәрбие – тал бесіктен» дейді ғой. Әкем­нің бізге берген ең үлкен тәрбиесі – қазақылық. Ол кісі оны біздің етімізден өткі­зіп, сүйегімізге сіңіріп кетті десем болады.

Біздің үйге келетін адамның есебі бол­майтын. Көз ашқаннан көргеніміз – қазақ­тың зиялы қауымы: ақындар, жазушылар, ғалымдар. Олардың әңгімесі, білімі, өнері біз үшін үлкен мектеп болды. Әкенің ұрпағы дүбәра болса, әулетке сын емес пе? Осыны біз жастайымыздан жадымызға түйіп, ұлттық болмысымызды жоғалтпай өсуге тырыстық.

Ғылымнан сая тапты

– Әйгілі Желтоқсан оқиғасы тұсында «жастарды көтеріліске белсенді насихаттады» деген желеумен әкеңізді жұмыстан шығар­ғанын білеміз. Сол сын сәттерде әкеңізге жанашыр болған жандар бар ма?

– Иә, сол бір ауыр кезеңде талай азамат жазықсыз жапа шекті. Әкеме де жала жабылып, қуғын-сүргін көрді. Бұл туралы  баспасөзде де көп жазылды. Әкем жаланың қармағына іліккенімен, ақырында әділеттің таразысы оны ақтап шықты.

Өзі табиғатынан қайсар адам еді. Бұл сынақта да емендей беріктік танытты. Бор­кемік болған жоқ, майыспады, сынбады. Абай хакімнің «Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме» дегеніндей, ар-намысы үшін аянбай күресті. «Жалғыз қалдым» деп жас­қан­ған да, жасыған да жоқ.

Сол күндері сырттай дос болып жүрген кей адамдардың хал сұрауға да жарамағанын көрді. Бірақ әкем оған да мойымады. Ар-намысын таптатпай күрескен ауыр күндер артта қалып, ақыры шындық салтанат құрды. Әкем ақталды.

Сол қиын шақта шырылдап араша түсіп, әкемді қорғаған жалғыз адам – қазақ әде­биеттану ғылымының көрнекті тұлғасы, ака­демик Зейнолла Қабдолов еді. Жаны жән­натта болсын!

– Әкеңіздің жігерін жасытпай, қайта шыңдаған не нәрсе деп ойлайсыз? Сол қиын сәттерде немен айналысты?

– Әкем сол ауыр күндердің өзінде шы­ғармашылықтан қол үзген жоқ. Керісінше, ғылымға бұрынғыдан да терең бойлап, көп­теген ғылыми еңбек жазды. Таңғы тоғызда үйден шығып, кеш қарайғанша Ұлттық кітапханада отыратын. Қалыптасқан күн тәртібін бұзбайтын, жұмыс кестесін бұл­жытпай орындайтын.

Ғылымнан сая тапты. Тағдыры өзіне ұқсас арыстардың сарғайып, үгітілуге шақ қалған хаттарына үңіліп, солармен іштей сырласқандай болатын. Кейін сол жылдары тірнектеп жинаған мол мұрасы құнды еңбектерге айналып, кітап болып бірінен соң бірі жарық көрді. Қиындық оны тоқтатқан жоқ, қайта қаламын қайрай түсті.

– Жылдар өткен сайын әкеңізді басқаша танып, кезінде мән бермеген сөзінің немесе әре­кетінің қадірін кейін түсінген кезіңіз болды ма?

– Әкем бала күнінен қатал тәртіпке тәр­биеленген адам. Оның ұғымында тәртіп бар жерде еңбек бар. Қол қусырып қарап отыру­ды жаны сүймейтін. Еңбексіз жүрген, «ауыр­дың үстімен, жеңілдің астымен» күн көр­гісі келетін адамдарды қабылдай алмайтын.

Жалқаулықты, жатыпішерлікті, дарақы­лықты қаламымен де аяусыз түйреді, сын те­зіне салды. Оның ең мықты қаруы – сати­ра­сы еді. Өмір бойы қолынан қаламын тас­тамады. Қазір ойласам, әкемнің бізге қал­дыр­ған ең үлкен өсиеттерінің бірі де осы – адамды алға сүйрейтін еңбек пен тәртіп екен.

Аманатқа адал болу – міндет

– Жазушы Зейнолла Қабдоловтың әке­ңіз­ді «Мық шеге» деп атағанын білеміз. Достары да әкеңізді ерекше құрмет тұтты. Ал анаңызға әкеңіздің қарым-қатынасы қандай болды?

– Әкеміз кештеу, отыз жасқа таяғанда ­үй­леніпті. Ол кезде анамыз Азат №12 мек­теп­ті енді ғана бітірген, бұрымы желбіреген жас қыз екен. Әкеміз оны ұнатып, сезімін білдірген. Анам да келісімін беріп, екеуі ша­ңырақ көтерген.

Анамыз Азат – Алматы облысы Жамбыл ауданының тумасы, атақты Түктібай әуле­тінің ұрпағы. Парасат-пайымы биік, кең­пейіл, ақжарқын, көпшіл жан еді.

Анам әкемнің өмірлік жары ғана емес, шығармашылықтағы үлкен тірегі болды. Әкемнің қолжазбаларын қағазға түсіріп, түні бойы жазған дүниелерін кішкентай жазу мәшинкесіне басып отыратын. Көмекшісі де, рухани демеушісі де, алғашқы оқырманы мен басты сыншысы да анам еді.

Анамның әкемді үнемі күлімсіреп қарсы алатын жылы жүзі әлі күнге дейін көз ал­дым­да. Мақпал үні де құлағымда қалған. Сол бір көріністерді ойласам, екеуінің ара­сын­дағы сыйластықтың қаншалықты терең болғанын қазір тіпті жақсырақ түсінемін.

– «Жақсы әкенің аты балаға қырық жыл азық» дейді. Керісінше, жақсы әкенің аты балаға екі есе жауапкершілік жүктейтін секілді. Қалай ойлайсыз?

– Әрине, жақсы әкенің аты – мақтаныш қана емес, үлкен жауапкершілік. Әсіресе әкең­ді ел танып, еңбегін бағалап, шәкірттері құр­меттеп тұрса, оның атына кір келтірмеу туралы ой үнемі санаңда жүреді екен. Бізге де әке­міздің абыройы көп жағдайда өлшем болды.

Бала күнімізде мұны терең түсіне қой­ма­ған шығармыз. Кейін есейіп, елдің әкемізге деген ықыласын, шәкірттерінің құрметін көрген сайын оның артында қаншама еңбек, талап пен табандылық жатқанын ұқтық. Сонда «осындай адамның баласымыз» деген мақтанышпен бірге, «осы атқа лайық болуы­мыз керек» деген жауапкершілік те күшейе түседі. Әкеміз бізден міндетті түрде өзі се­кілді ғалым немесе ұстаз болуды талап еткен жоқ. Бірақ адал болуды, еңбектенуді, бас­таған істі соңына дейін жеткізуді үйретті. Сондықтан біз үшін әкеміздің қалдырған ең үлкен мұ­расы – атақ-абыройынан бұрын, сол өмір­лік ұстанымдары. «Жақсы әкенің аты ба­лаға қырық жыл азық» болса, оның амана­тына адал болу – өмір бойғы міндет деп ойлаймын.

– Ұстаз есімін ұмытпай, жиі хабарласып тұратын шәкірттері көп пе?

– Әкем декан болып қызмет еткен 16 жылдың ішінде жиырма мыңнан астам журналист тәрбиелеген екен. Бұл – баспасөз майданындағы тұтас бір армия деуге болатын үлкен мектеп. Оның шәкірттерінің арасынан талантты журналистер, қоғам қайраткерлері, төрт бірдей министр, баспа директорлары мен бас редакторлар шықты. Меніңше, мұны әкемнің ұстаздық жолының жемісі әрі үлкен жеңісі деуге болады.

Талай студентін Мәскеуге оқуға жіберді. Олар білімін сондағы университетте жалғас­­тырып, бітіріп келді. Ол кезең үшін мұның өзі үлкен жаңалық еді. Ұстаз үшін еккен дәнінің жемісін, тәрбиелеген шәкіртінің биігін көруден асқан қуаныш бар ма?!

– Немерелеріне берген ең үлкен ұлағаты қандай еді?

– Әкем хакім Абайдың сөзін өміріне темірқазық етті. Оның:

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзі­ңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап», – деген өлең жолдарын немерелерінің де құлағына құйып өтті. Өзі ғұмыр бойы ұстанған еңбек, ақыл, адалдық пен өз күшіңе сену қағидасын кейінгі ұрпағына да аманаттап кетті.

– Әңгімеңізге көп рақмет!

Әңгімелескен 

Гүлзина БЕКТАС

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қыркүйек 2026 07:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары