Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Майамиге қону кезінде ұшақ бес адамды қағып өлтірді

Майамиге қону кезінде ұшақ бес адамды қағып өлтірді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Майамиде Boeing 767 жүк ұшағы қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауды бұзып, тасжолға шығып кеткен. Әуе кемесі бірнеше автокөлікке соғылып, өртенді. Кем дегенде бес адам қаза тауып, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Апат Майами халықаралық әуежайында болған. CNN ақпаратынша, Amazon үшін рейс орындаған Boeing 767-300 жүк ұшағы қону кезінде ұзындығы үш шақырымға жуық жолақта уақытында тоқтай алмаған.

Ұшақ сағатына шамамен 210 шақырым жылдамдықпен әуежай қоршауын бұзып өтіп, навигациялық мұнараларға тиіп, жолға шығып кеткен және онда бірнеше көлікпен соқтығысқан. Соққыдан кейін Boeing өртене бастаған.

Салдарынан кем дегенде бес адам қаза тапты. Тағы бес адам жарақат алды, олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр. Құтқарушыларға кейбір зардап шеккендерді қатты зақымдалған көліктердің ішінен шығаруға тура келген.

Ұшақтың пайдаланылғанына 32 жыл болған. Ол Майамиге Пуэрто-Рикодан ұшып келген. Пилоттардың диспетчерлермен сөйлескен жазбаларына қарағанда, қону алдында экипаж ешқандай ақаулар туралы хабарламаған және апаттық белгі бермеген.

Оқиға орнынан түсірілген алғашқы кадрлар желіде жарияланды.

Компаниялардың ресми мәлімдемесі

Апатқа ұшыраған Boeing Amazon үшін жүк тасымалдайтын 21 Air әуе компаниясына тиесілі.

Екі компания да оқиғаны растап, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

"Бүгін Майами халықаралық әуежайында болған оқиға салдарынан бес адамның қаза тапқаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық. Біз қаза болғандардың отбасыларына, жақындарына және осы қайғылы жағдайдан зардап шеккендердің барлығына шын жүректен көңіл айтамыз", - делінген Amazon өкілі Келли Нантелдің мәлімдемесінде.

Қаладағы үрей мен әуежайдағы аласапыран

Апат зардабы әуежай аумағынан тыс жерлерде де сезілді. БАҚ деректері бойынша, оқиға орнынан шамамен бес шақырым жердегі үйлердің тұрғындары қатты дірілді сезген. Кейбіреулер бастапқыда жарылыс болды деп ойлаған.

Апат орнында құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс істеді. Әуежай маңында қою қара түтін мен көптеген өрт сөндіру көліктері көрінді.

Оқиғаға байланысты әуежай жұмысына шектеу қойылды. Кейбір рейстер тоқтатылып немесе кешіктірілді, ал жолаушыларға ұшудың басқа нұсқаларын іздеуге тура келген.

Тергеу туралы не белгілі?

Тергеумен АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі (NTSB) және Федералдық авиация басқармасы (FAA) айналысып жатыр.

Мамандар ұшақты, ұшу-қону жолағын және соқтығысу кезінде зақымдалған көліктерді тексеріп жатыр. Олар Boeing-тің қонғаннан кейін неліктен тоқтай алмағанын анықтауы тиіс.

Әуежайға ұшу шектеулері шамамен сағат 17:00-де алынды. Сонымен қатар FAA жолақта жатқан зақымдалған ұшаққа байланысты рейстердің кешігуі дүйсенбіге дейін жалғасуы мүмкін екенін ескертті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:61
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қыркүйек 2026 12:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары