Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мал сойып жүргеніме 30 жылға жуықтады Ақтөбедегі жалғыз қасапшы әйел

Мал сойып жүргеніме 30 жылға жуықтады Ақтөбедегі жалғыз қасапшы әйел

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Күнсұлу Шаманова 2007 жылдан бері Ақтөбе қаласындағы мал базарында қасапшы болып жұмыс істейді.

Содан бері арада 20 жылға жуық уақыт өтті. Бұл қасапшылық кәсіптің басы емес. Ол бұған дейін де ет комбинатында еңбек еткен.

— Мектеп бітіріп, техникалық училищеге оқуға түстім. Кейін кондитерлік фабрикада жұмыс істедім. Бұл менің еңбек жолымның басы болатын. Бірде құрбыммен ет комбинатына бардым. Онда бізге алдымен мал союды үйретті. Үш күн тәжірибеден өткен соң басшылыққа «жұмыс істей алмаймын» деп арыз жазып, кетпек болдым. Бірақ арыз қабылданбай, басшымыз «қолыңнан келеді» деп жігерлендіріп жіберді. Сөйтіп сынақ мерзімі бітпесе де бірден жұмысқа қабылдандым. Өзімнің әкем де бір кездері қасапшы болған. Ол өз әңгімелерінде жұмыс істеген жылдарды еске алып отыратын. Маған «адам ешуақытта жұмыстан қорықпауы керек, керісінше жұмыс сіздерден қорықсын» деп айтатын. Сол сөздер менің жадымда жатталып қалыпты, — деді қасапшы Күнсұлу Шаманова.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Жолдасымен бірге ұл мен қыз өсірген бақытты ана Күнсұлу Шаманова бүгінде 64 жасқа келді. Зейнетке шығып кетсе де өзінің кәсібін тастаған емес.

Күн сайын таңертең сағат 9:00–де өзге қасапшылармен қатарға тұрып, мал сояды. 

Мұнда төрт түлік арнайы тізбек бойынша сойылып, жіліктеледі. Алдымен ірі қараны бауыздайды, кейін сирағын сындырып, терісін сыпырады.

— Бізде 10-нан астам қасапшы жұмыс істейді. Ең үлкені мен және жалғыз әйелмін. Бәрі де апа деп сыйлап, құрмет көрсетеді. Бірақ жұмыстың аты жұмыс. Өзім саты арқылы жоғары көтеріліп, ірі қараның терісін сыпырамын. Әрі қарай ішек-қарнын түсіреді, бөлшектейді. Дәл осы жерде зертхана да бар. Мұнда мамандар тексеріп, тоңазытқышқа, әрі қарай ет базарына жіберуге мөр басады. Қараша-желтоқсан айлары — соғым уақыты. Ол кезде 100-130 бас ірі қара соямыз. Сол кезде таңнан кешке дейін мал сойсақ, сәл саябырсығанда жұмысымыз түске дейін де аяқталып жатады, — деді қасапшы.

Күнсұлу Шаманованы бәрі де Катя апа деп атап кеткен. Себебі ұжымдағы ең үлкені. Әрі кейінгі келгендерге үнемі бағыт-бағдар беріп, көмектесіп отырады.

— Ұжым өте ұйымшыл әрі қамқор. Бәрі де сыйлайды. Ең бірінші келгенде жұмыс қиын болып көрінуі мүмкін. Бірақ пышақ қайрауды, екі қолмен бірдей жұмыс істеуді меңгерсе, үйреніп кетеді. Пышақ өткір болса, көп күш түспейді. Соған қарамастан қолдың қайратты болғаны жақсы. Әр қасапшыда үш пышақ болады. Оны алдымен арнайы аппаратта қайрап береді. Ал жұмыс барысында әркім беліне байлаған қайрағын пайдаланды. Өзімнің бір қайрақты қолданып жүргеніме 30 жылға жуықтапты, — деді ол.

Қасапшының айтуынша, ер адамдардың мал сойып, оны жіліктеп үйренгені дұрыс. Көбі жалқаулық танытып, бұл жұмыстан қашады. Өзі үйренген ісін қиын көрмейді. Жаз бен күзде бақша баптап, тосап қайнатады, қияр тұздайды. Әрі табиғат аясында тыныққанды ұнатады.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

— Отбасыммен, бала-шағаммен уақыт өткізген ұнайды. Тамақ істегенді жақсы көремін. Қызыма, келініме үйретемін. Әйел заты болған соң өз-өзіме күтім де жасаймын. Ал қасапшылық кәсіпке қазір әйелдер келмейді. Негізі әйел адамға бұл қиындау жұмыс. Ал өзім үйрендім, сосын да жеңіл сияқты. Ер адамдардың арасында ер адам сияқты жүресің, кейде әйел екеніңді ұмытып кетесің. Қиындықтың бәрін жеңу үшін шыдамдылық керек, — деді Күнсұлу Шаманова.

Жұмысқа келген кезде бар білгенін үйреткен Катя апаға алғыс айтатындар көп. Бір ғана мал базарында емес, оған дейін аудандардағы ет комбинаттарында да еңбек етіп, тізбекте тұруды үйретті.

— Мен жұмысқа 13 жыл бұрын келдім. Алғашқы кезде Катя апа мен өзге де аға буын қасапшылықтың қыр-сырын үйретті. Қазір мал бауыздаудан бастап, оны шауып, жіліктеуді де меңгеріп алдым. Жол сілтеген, көмегін бергені үшін ризамыз. Апай пышақ ұстаудан бастап үйретті, — дейді қасапшы Темірхан Исатаев.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Айта кетейік, Kazinform бұған дейін NEET санатындағы жастар туралы жазды. Былтыр Ақтөбе облысы бойынша 4 801 адам тізімге енсе, бір жылда шамамен мың адамға азайған. Көбі Ақтөбе қаласында. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:311
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Наурыз 2026 17:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары