Маңғыстау облысындағы төбелес: жасөспірім қыздардың боқтап, бір бірін аяусыз ұрғаны видеоға түсіп қалды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Оқиға 18 қазан күні Жаңаөзен қаласында болған. Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видеода оқушы қыздардың қақтығысы бейнеленген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысқан жасөспірімдердің барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.
Тексеру нәтижесінде, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы «Балаларын тәрбиелеу мен оқыту бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамау» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оларға 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданып, жасөспірімдердің өздері профилактикалық бақылауға алынды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қазан 2025 01:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















