Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Маңғыстауда соңғы төрт жылда 3 433 итбалық қырылған

Маңғыстауда соңғы төрт жылда 3 433 итбалық қырылған

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

2024–2025 жылдары Гидробиология және экология институты тарапынан Түпқараған түбегінің жағалау аймақтарында, Итбалық аралдарында, Кендірлі шығанағында, сондай-ақ Ақтау және Ақшұқыр жағалауында экспедициялық, далалық және зертханалық зерттеу жүргізілген.

Жағалау сызығы тексеріліп, морфометриялық өлшемдер алынып, биологиялық сынамалар жиналған. Сонымен қатар, гистологиялық, токсикологиялық және гидрохимиялық талдау жасалған.

— Зерттеу нәтижесі бойынша Каспий итбалықтарының жаппай қырылуы көпфакторлы сипатқа ие екені анықталды. Қырылу қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайлармен, антропогендік әсермен (балық аулау торына шырмалу, механикалық жарақат), ішкі ағзалардың жүйелі патологиялық өзгерістерімен (инфекциялық және қоршаған орта факторларымен байланысты болуы ықтимал), сондай-ақ тіршілік ортасының ластануымен, оның ішінде судағы мұнай өнімдерінің мөлшерінің жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін, — делінген жауапта.

Гидробиология және экология институтының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың көктем–күз кезеңінде Түпқараған түбегінің, Қанға және Қаражанбас учаскелерінің жағалау сызықтары тексеріліп, барлығы 346 өлексе табылған. 

Фото: Гидробиология және экология институты

2023 жылы көктем–күз маусымдарында Қаражанбас және Түпқараған учаскелерінде 295 өлексе тіркелді.

2024 жылдың күз–қыс кезеңінде Түпқараған түбегінің жағалауында бірінші экспедиция барысында 305 өлексе, екінші экспедиция кезінде 31 өлексе табылды. Маусым қорытындысы бойынша табылған өлген жануарлардың жалпы саны 1981-ге жетті.

2025 жылдың көктемінде зерттелген учаскелерде 293 өлексе тіркеліп, оның 117-сі егжей-тегжейлі зерттелді. 2025 жылдың күзінде 183 өлексе табылды.

Сонда осы 4 жылда, яғни 2022-2025 жылдар аралығында бас-аяғы 3433 итбалық өлген. 

Зерттеу материалдары жағдайға жедел әрекет ету және мониторинг жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданған.

— Каспий итбалықтарының жаппай қырылуы теңіз ортасының қолайсыз жағдайын көрсетеді және Каспий теңізі экожүйесінің орнықтылығына қауіп төндіреді. Судың құрылымындағы кей компоненттердің нормативтен жоғары болуы түрдің тіршілік етуіне қолайсыз жағдай қалыптасқанын растайды. Популяция санының азаюы және негізінен жас итбалықтардың жаралануы түрдің көбеюіне және биологиялық тұрақтылығына ұзақмерзімді теріс әсер етуі мүмкін екенін білдіреді, — делінген жауапта.

Фото: Гидробиология және экология институты

Гидробиология және экология институты зерттеу нәтижесінен кейін Каспий теңізі акваториясында экологиялық мониторингті күшейтуді, антропогендік әсерді, соның ішінде балық аулау қызметі мен ластануды бақылауды қатаңдатуды, кешенді токсикологиялық, инфекциялық және гистологиялық зерттеулерді жалғастыруды ұсынып сондай-ақ Каспий итбалығы популяциясын сақтау шараларын әзірлеу қажеттігін айтқан. 

Бұған дейін Маңғыстауда теңіз жағалауынан 279 итбалықтың өлексесі табылған еді.  

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:257
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 13:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары