Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Мәслихат ғимараты пайдалануға берілді

Мәслихат ғимараты пайдалануға берілді

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының ғимараты пайдалануға берілді. Іргетасы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында қаланған бұл нысан жарты ғасырға жуық уақыт бойы жөндеу көрмеген еді. Былтыр жергілікті бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, аз уақыт ішінде ескі ғимарат жаңа келбетке ие болды.

Кеген аудандық мәслихатының ғимараты 1976 жылы салынған. Нысан әбден ескіріп, тозғандықтан бірнеше жыл бұрын оны күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды. Ғимарат қысқа мерзім ішінде қайта қалпына келтіріліп, жаңа келбетке ие болды.

Едіге Тазабеков, Кеген ауылының тұрғыны:

- Бүгін көріп, өзім де қайран қалып отырмын. Қазіргі уақыттағы тура осы уақытқа сай жасалынғандығы, осы уақытқа ыңғайлы қылып жасалынғандығы көрініп тұр.

Алмасбек Нұғман, Кеген аудандық мәслихатының төрағасы:

- Күрделі жөндеуден кейін қазіргі таңда 23 мекеме осы ғимаратта отыратын болады. Оның 13-і мемлекеттік мекеме, 10-ы қоғамдық ұйымдар, кәсподақ ұйымдары және басқа да мекемелер осы жерде жұмыстарын жүргізетін болады.

Ескірген ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу мақсатында үш жыл бұрын жергілікті бюджеттен 33 млн теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды. Осылайша, өткен жылдың Наурыз айында жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Міне, енді Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында тарихи ғимарат қайтадан халық игілігіне берілді.

Нұрбақыт Теңізбаев, Кеген ауданының әкімі:

- Жалпы біздің Кеген ауданында биылғы жылға дейін 8,5 млрд қаражат болып отырса, биылғы жылды біз 15,5 млрд теңгемен аяқтап отырмыз.

Соның 10 млрд теңгесі құрылыс жұмыстарына бағытталған. Нәтижесінде 15 елді мекенде ауылішілік жолдар жасалып, көше шамдары орнатылды. Мектеп, аурухана сияқты бірқатар әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өтті. Келер жылы Кегенде жаңа үйлер мен өрт сөндіру депосы, Қарқара ауылында медициналық пункт, ал Жылысайда мәдениет үйі пайдалануға беріледі.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Аманжол Жөңкешов

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:306
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 16:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары