Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

“Мазақ қылды және өзі шабуылдады“ Нұрай ісі бойынша сотталушының күтпеген нұсқасы

“Мазақ қылды және өзі шабуылдады“ Нұрай ісі бойынша сотталушының күтпеген нұсқасы

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 28 шілдеде өткен отырыста сотталушы қайғылы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Адам өлтіру", "Алып қашу" және "Сталкинг"

Сотталушы 28 жастағы Ш. А. Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталып жатыр:

99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы бойынша – "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру""; 125-1-бап бойынша – "Некеге тұруға мәжбүрлеу"; 115-1-бап бойынша – "Сталкинг"". 35 пышақ жарақаты және бір жарым сағатта 76 қоңырау: бұған дейін не белгілі болды?

Бұған дейін прокурор айыптау актісін оқыды, ол үш эпизодтан тұрады.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың жазында сотталушы Нұраймен танысып, күзде оны Алматыда ұрлап кеткен және некеге тұруға мәжбүрлеу үшін Түркістан облысындағы туыстарының үйіне апарған. Сол кезде қыздың ағалары полициямен бірге оны үйіне қайтарып алған.

Бұдан кейін, тергеу деректері бойынша, ер адам қыздың соңына түскен: бірнеше күн ішінде оған 154-тен астам рет қоңырау шалып, Алматыдағы үйі маңында аңдып жүрген.

2026 жылғы 11 қаңтарда кешке Шымкентте Нұрайдың ата-анасының үйі жанында ер адам оған 35 жерден пышақ жарақатын салған. Қыз оқиға орнында көз жұмды, ал күдікті екі күннен кейін ұсталды.

Соттың онлайн-отырысынан скриншот

"Мені мазақ қылды": сотталушының нұсқасы

Сот отырысы кезінде Ш. А. оқиға бойынша өз нұсқасын айтты. Ол алып қашу айыбын жоққа шығарып, 2025 жылдың қыркүйегінен бастап Нұраймен романтикалық қарым-қатынаста болғанын айтты. Оның сөзінше, қыз отбасын құру үшін Шымкентке өз еркімен баруға келіскен, алайда оның туыстары қарсы болған.

Айыпталушының айтуынша, ол қызға сөз салған, ал ол ұсынысын қабылдаған-мыс.

Сотталушы, сондай-ақ, сталкинг әрекеттерін де жоққа шығарды және айыптау актісіндегі жүздеген телефон қоңырауының қайдан шыққанын түсінбейтінін мәлімдеді. Ол бұл автоқоңыраулар болуы мүмкін деп отыр.

Анықтама: Автоқоңырау – бұл желі бос болмаған немесе қоңырау өтпеген жағдайда абонентке қайта хабарласу әрекетін автоматты түрде қайталайтын функция.

Оның айтуынша, Нұрай өзі оны Алматыға шақырған, бірақ ол келген кезде Шымкентке, үйіне кетіп қалып отырған.

"Нұрай мені Алматыға өзі шақырды. Оны туған күнімен құттықтауға келгенім есімде, бірақ ол мені мазақ ету нысаны ретінде қабылдады. Мен келгенде, ол өз үйіне кетіп қалатын. Бұл жағдай үш рет қайталанды. Мұның бәрі мені рухани азапқа және ұзаққа созылған психологиялық күйзеліске ұшыратты. Оның маған осылайша әдейі қорлық көрсеткісі келгенін түсіндім. Мен оны ешқашан аңдыған емеспін және соңына түскен жоқпын", – деп мәлімдеді сотталушы.

"Аффект жағдайында болдым": сотталушы адам өлтірген күнін қалай сипаттайды?

11 қаңтардағы оқиға туралы айта отырып, сотталушы Нұраймен қарым-қатынасты үзу және оған сақинасын қайтарып беру үшін кездесуге келгенін айтты.

Сотталушының сөзінше, қайғылы оқиға болған күні қолында екі пышақ болған. Ол Нұраймен кездесер алдында көліктің зат салғышынан оларды кездейсоқ тауып алғанын, қолына ұстап көріп, содан кейін механикалық түрде қалтасына салып, ұмытып кеткенін айтады.

"Бардачокты ашқанымда екі пышақты көрдім – үлкен аңшы пышағы мен жиналмалы пышақ. Оларды қарап тұрып, толстовкамның алдыңғы қалтасына салдым, кейін телефон ұстап, олардың қалтамда қалып қойғанын байқамай қалыппын", – деді айыпталушы.

Әрі қарай Ш. А. сотқа айырылысу туралы әңгімеден кейін Нұрай ашуланғанын, оны балағаттап, ұра бастағанын, содан соң бірінші болып пышақ салғанын айтып берді.

"Мен оған сақинаны беріп: "Айырылысайық. Сенімен сөйлесуге де, кездесуге де ешқандай құлқым жоқ" дедім. Ол сақинаны лақтырып жіберіп, менің кеудемнен ұрып, балағаттай бастады. Сол кезде қалтамдағы жиналмалы пышақты сезіп, оған: "Одан да мені пышақпен ұр" деп ұсындым. Ол бірінші болып менің оң бүйірімнен ұрды. Осыдан кейін мен аффект жағдайында және қатты рухани күйзелісте болдым. Одан кейін не болғаны есімде жоқ", – деді сотталушы.

Видеодан кадрлар

"Менің жүйкем сыр берген"

Жауап алу кезінде сотталушы Ш. А. 2019 жылдан бастап басынан алған жарақатынан кейін психикалық ауытқумен ауыратынын, сондықтан Нұрайға қалай пышақ жарақатын салғаны есінде жоқ екенін айтты.

"Сарапшылар маған "аралас мазасыз ойлар мен әрекеттер" диагнозын қойды. Мұның бәрі 2019 жылы бассейнге секіріп, басымды бетонға соғып, жарақат алғаннан кейін басталды. Содан бері менде осындай ұстамалар болып тұрады. Бұрын да жүріп-тұрып, ештеңе есімде қалмайтын кездер болған", – деді айыпталушы.

Анықтама: Бұл ретте ол Нұрай оның диагнозы туралы білмегенін айтты.

Жәбірленуші тарап адвокатының соққылар саны және қылмыс орнынан қалай кеткені туралы сұрағына сотталушы далада ғана есін жиғанын айтты.

"Нұрай мені пышақпен ұрғаннан кейін есімнен танып қалдым. Содан кейін не болғаны есімде жоқ. Далада есімді жидым, үстімнен қан ағып жатты, ал екі пышақ та қалтамда екен. Содан кейін жолға шығып, ақ түсті көлікті тоқтаттым, мені АІІБ-ға алып барды. Сол жерде ғана не болғанын білдім", – дейді Ш. А.

Адвокаттың бас тартқаны үшін қызды өлтірудің қажеті бар ма еді деген сұрағына сотталушы Нұрайды жақсы көргенін және оның өмірін қиюды қаламағанын айтып жауап берді.

Жауап алу соңында ол қаза тапқан өыздың ата-анасы мен туыстарынан, өз жақындарынан және барша қазақстандықтан кешірім сұрады.

"Нұрайдың ата-анасынан, бауырларынан, туыстарынан, сондай-ақ өз ата-анамнан кешірім сұраймын. Мұндай жағдай болады деп ешқашан ойламаппын. Барша Қазақстан халқынан кешірім өтінемін. Өз дертімнің кесірінен... емделмей, істі осындай жағдайға дейін жеткізгеніме өкінемін", – деді сотталушы.

Сот процесі жалғасып жатыр.

Іс хроникасы

Қайғылы оқиға 11 қаңтарда болды. Желіде тараған бейнебақылау камераларындағы жазбалардан ер адамның қызды аңдып жүргенін, қыз қашуға тырысып, қарсылық көрсеткенін, содан кейін ер адам оған пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткенін көруге болады. 13 қаңтарда күдікті – өңірдің 28 жастағы тұрғыны қаладан 10 шақырым жерде ұсталды.

Ұсталған адам туралы Нұрайдың ағасы Сұлтан бөліскен мәліметтер БАҚ пен әлеуметтік желілерде ашу толқынын тудырды.

Күдікті оның қарындасын тойда танысқан 2024 жылдың жазынан бастап аңдығаны белгілі болды. Қыз оның тым белсенді көңіл білдіруінен сыпайы түрде бас тартқан, бірақ қазанда ер адам түбегейлі әрекеттерге көшкен.

"Ол телефонды тартып алып, көлікке отырғызып, Алматыдан Шымкентке алып кеткен. Нұрай үй киімімен болған, оған "соңымнан ермеңіз, мені аңдуды қойыңыз" деп айту үшін ғана шыққан. Ол үлкендерді әрқашан сыйлайтын, ал күдікті 28 жаста болған. Ол осыны пайдаланып, оны алып қашқан", – деп еске алды Нұрайдың ағасы Сұлтан.

Сол кезде Сұлтан мен үлкен ағасы қарындасын полиция шақырту арқылы ғана құтқара алған – ұсталған азаматтың туыстары Нұрайды келін ретінде жібергісі келмеген. Полиция қызды босатуға көмектесті. Бірақ кейін оның отбасы құқық қорғау органдарының немқұрайлылығына тап болды.

Қыздың туыстары адам ұрлау туралы полиция мен прокуратураға үш рет арыз жазған. Бірақ олар қабылданбады. Бірнеше айдан кейін қызды өлтіріп кетті.

Жағдайға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударып, 20 қаңтарда Ұлттық құрылтай отырысында полицияның әрекетіне баға беруді тапсырды. Сол күні Шымкент полициясының бастығы Нұрлан Алмасбеков қызметінен босатылғаны, ал некеге тұруға мәжбүрлеу туралы істі тіркемеген қызметкерлерге қатысты салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде бейнежазба тарады, оны Шымкент полиция департаментінің бұрынғы қызметкерлері жариялады деген болжам бар. Жазбада Нұрай Серікбай өзін некеге тұру мақсатында ешкім ұрламағанын және сол күні күдіктінің көлігіне өз еркімен отырғанын айтады. Роликте Нұрай ер адамға ешқандай шағымы жоқ екенін айтқаны да бар.

Скриншот: видео/typicalkaz/Instagram

Отбасының адвокаты Сержан Нүрпейісов жәбірленуші тарап тергеу құпиясы бұзылғаны үшін ресми шағым түсіргенін хабарлады.

Бұған дейін марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы Бас прокуратураға шағым жолдады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 13:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see158

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see148

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see148

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see147

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see146

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see144

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see143

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see139

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see129

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see124

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see121

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see120

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see119

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары