Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Мәжіліс бірқатар халықаралық келісімді қарайды

Мәжіліс бірқатар халықаралық келісімді қарайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Айта кетерлігі, 27 ақпанда Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланған еді. Соған орай депутаттарға бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларын қарау ұсынылады.

Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі арасындағы елдің орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатымен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісім бар.

Жобаны іске асыру аталған халықаралық қаржы институттарымен ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтуға және орнықты дамуға қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Аталған келісім әріптестіктің негіздемелік стратегиясы қағидаттарына негізделеді және Қазақстан Республикасында адамдардың өмір сүру деңгейін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдерімен салыстыруға болатындай арттыруға алып келетін экономиканың сапалы және орнықты өсуіне қол жеткізуге жәрдемдесу үшін "Қазақстан-2050" – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясында" көзделген жүйелік ірі реформаларды іске асыруға қолдау көрсетуге бағытталған.

Дүниежүзілік банк тобының қолдауы мыналарды:

инклюзивті өсуге жәрдемдесуді; адами капиталды нығайтуды; орнықты және төмен көміртекті өсуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, Дүниежүзілік банк тобының білім, әлеует және алдыңғы өзара іс-қимыл бөлігінде салыстырмалы артықшылықтары бар бағыттар бойынша ұсынылатын болады.

Сондай-ақ жалпы отырыс күн тәртібінің жобасына 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамалар енгізілді.

Коллаж: Kazinform/ Canva

Түзетулер кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын келісуші тараптардың аумақтарында тануға және мәжбүрлеп орындауға жататын сот актілерінің тізбесіне енгізуді көздейді. Бұл нормалар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталып отыр.

Бұдан бөлек, депутаттар Жеке детективтік қызмет туралы, 2010 жылғы 10 желтоқсандағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдайды.

Естеріңізге сала кетсек, Мәжілістің өткен аптадағы жалпы отырысында депутаттар ғылым мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасы ғылыми-техникалық қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған. Оның нормаларын түзетулерді әзірлеушілердің бірі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов таныстырды.

Коллаж: Kazinform / Viafuture.ru / Pexels

— Заң жобасы аясында Ұлттық ғылым академиясының жұмысын тежеп тұрған бірнеше мәселені шешеміз. Оның квазимемлекеттік сектор субъектісі мәртебесін заң жүзінде бекітеміз. Бұл академияның мүлкін қалыптастыру тәртібін нақты реттеуге, басқару тетігін жүйелеуге және тұрақты қаржыландыру көздерін айқындауға жақсы мүмкіндік береді. Ғылым академиясы үшін бұл — өте қажет өзгерістер, — деді депутат.

Оның айтуынша, заң жобасы қабылданғаннан кейін ғылыми жобаны бастау мерзімі нақты сол келісімшарт басталған күннен белгіленеді.

Жекеменшік ғылыми ұйымдардың ғалымдары да 56 күндік еңбек демалысын алып, ғалымдарға еліміздегі кез келген зертхана қолжетімді болады.

Дарынды оқушылар мемлекеттік университеттердің зертханаларын тегін пайдалануына жол ашылады. Ғылым комитетіне ғылыми жобалардың заңға сәйкестігін бақылау құзыреті беріледі.

— Ғылымды қаржыландыру жүйесінде жауапкершілік пен мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Қазіргі таңда ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша шешімдерді, қай жоба қанша қаражат алатынын, қай жоба қолдау табатынын, осының бәрін Ұлттық ғылыми кеңестер шешеді. Ал Ғылым комитеті қолданыстағы заңға сәйкес, осы шешімді тек бұлжытпай орындауы керек. Алайда, млрд-таған қаржыға қатысты уәкілетті органның нақты жауапкершілігі де, бақылау функциялары да толық айқындалмаған, — деді ол.

Фото: freepik.com

Асхат Аймағамбетов заң жобасында азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі де шешілетінін атап өтті. Депутаттар тіркеу, сараптама жүргізу, шекті бағаны анықтау және ұлттық дәрілік формулярға енгізу қызметтерін біріктіретін біртұтас композиттік қызмет енгізуді ұсынып отыр. Осы арқылы тіркеу мерзімін 210 күннен 100 күнге дейін қысқартуға болады. Ал халықаралық қатаң тіркеуден өткен жаңа препараттар үшін IMA сияқты ұйымдар бекіткен жеңілдетілген тіркеу тәртібі қарастырылған.

Сонымен қатар Мәжіліс 2025 жылғы 28 ақпанда Астанада жасалған, заңсыз тұрған тұлғаларды қайта қабылдау және транзиттеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Аустрия Республикасының Федералдық Үкіметі арасындағы келісімді ратификациялап, Сенатқа жолдады.

Аталған келісімге 2025 жылғы 28 ақпанда Астанада қол қойылды. Құжаттың негізгі мақсаты — ұлттық заңнама талаптарын бұза отырып, мемлекеттер аумағында жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін құру.

Фото: Азертадж

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, келісім ел аумағында болу шарттарын бұзған немесе заңсыз кірген адамдарды өз еліне қайтаруды көздейді. Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған, яғни құжаттарын жоғалтқан адамдарға да қолданылады. Реадмиссия бойынша қайтарылған азаматтарға әкімшілік айыппұл немесе мемлекеттен шығару сияқты санкцияларды қолданбайды. Қазіргі кезде реадмиссия институты 21 елмен белсенді түрде жүзеге асырылып келеді.

Жалпы отырыс соңында депутаттар өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға 8 депутаттық сауал жолдады. Мәселен, Премьер-министрдің атына сауал жолдаған депутат Олжас Құспеков Жол қорын құруды, ал Асылбек Нұралин Астана-Қорғалжын-Ұлытау жолын салуды ұсынды.

- Астана – Қорғалжын – Ұлытау автомобиль жолы дәлізін іске асыру экономиканы әртараптандырудың, инвестициялық тартымдылықты арттырудың, шағын және орта бизнесті қолдап, жаңа жұмыс орындарын құрудың, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық беделін нығайтудың маңызды құралына айналады. Осыған байланысты аталған бағытты көлік инфрақұрылымын дамытудың Ұлттық жоспарына енгізу мүмкіндігін қарастырып, уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар беруіңізді сұраймыз, - деді Асылбек Нұралин.

Фото: occrp.org

Ал ЖСДП фракция жетекшісі, депутат Асхат Рахымжанов еліміздің бұрынғы жоғары лауазымды экс-шенеуніктерінің Джеффи Эпштейнмен байланыстарын тексеру қажет деп санайды.

Осыған орай Мәжіліс депутаты Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығына мынандай өтінішін білдірді:

«Эпштейн файлдарында» аталған қазақстандық лауазымды тұлғалар мен олармен байланысы бар адамдар туралы ақпаратты, кездесулердің сипаты мен мақсаттарын тексеру, Қазақстан аумағында немесе шетелде басқа қазақстандық саясаткерлердің, кәсіпкерлердің және шоу-бизнес өкілдерінің Джеффри Эпштейнмен байланыстары болған-болмағанын анықтау; ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерлерге, оның ішінде мемлекеттік құпиялардың жария болуын қоса алғанда дербес ақпараттардың жылыстатылуын, лауазымды тұлғаларды бопсалау тәуекелдеріне құқықтық баға беру; тексеру нәтижелері мен болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қабылданған шаралар туралы Парламент пен қоғамға хабарлау.
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:236
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 10:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see126

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see124

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see122

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see120

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары