Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Мейрамгүл Дүйсенбайқызы, каратэден еңбегі сіңген жаттықтырушы: Тарихи жүлденің жөні бөлек

Мейрамгүл Дүйсенбайқызы, каратэден еңбегі сіңген жаттықтырушы: Тарихи жүлденің жөні бөлек

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биыл екі жылда бір өтетін әлем біріншілігінің форматы түрленіп сала берді. Тек кіл мықтылар топталған бәсекеге 32 елден спортшы қатысты. Соның ішінде пара-каратэден тұңғыш рет жүлде салып, кумите бағдарламасында 1 күміс, 2 қола еншіледік. Осы орайда тарихи қола медальдің иегері пара-каратэші Ләззат Жүсіпованың бапкері Мейрамгүл Дүйсенбайқызын әңгімеге тарттық. 

– Мейрамгүл Дүйсенбайқызы, шәкіртіңіздің жеңісі құтты болсын! Бұл жүлденің құны бөлек екенін білеміз. 

– Иә, Ләззат Жүсіпова пара-каратэден әлем чемпионатында тарихи жүлде жеңіп алды. Ол К10 (соқыр/көзі нашар көретін спортшылар) категориясында сынға түсті. Одан бөлек, Назгүл Ізмағамбетова (К30, тірек-қимыл жүйесі зақымданған спортшылар) мен Дидар Мұхамеджанов (К30, тірек-қимыл жүйесі зақымданған спортшылар) бар. Үш спортшымыздың жаһан додасында бәйгеге түскені қуанарлық жағдай. Өйткені биыл Халықаралық каратэ федерациясы әлем біріншілігін түрлендіріп, тек мықтылар бас қосатындай алаң жасап берді. Жалпы, аталған федерация 2014 жылдан бері пара-каратэні әлем чемпионаты бағдарламасына қосты. Пара спортшылар барлық жарыста тек ката, яғни жекпе-жексіз, тек жекелей жаттығулар жиынтығын көрсету дисциплинасында сынға түседі. Биыл көктемде Ташкент қаласында өткен пара-каратэден ІV Азия чемпионатында біздің команда 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленіп, керемет нәтиже көрсеткен. Сонда Ләззат Жүсіпова мен Назгүл Ізмағамбетова алтын алса, Дидар Мұхамеджанов қола жүлдегер атанған. Ал әлем чемпионатынан жүлде түспей жүрген. Осы жолы олқылықтың орны толып, Ләззаттың еңбегі ақталды. 

– Ләззат пара-каратэге қалай келді? Жалпы, пара-каратэден балалар мен ересектерді баптауды қашан қолға алдыңыз? 

– 2017 жылы Лондондағы балалар арасындағы жарыстың бірінде мүгедектігі бар ересектер де қатысып жатқанын байқадым. Сонда пара спортшы Сергей Бурлаков тізерлеп отырып каратэ техникаларын жасады. Әскерде жүргенде табаны мен алақаны үсіп қалған соң, дәрігерлер ампутация жасаған. Онымен жақын танысып, сөйлестім. Сөйтіп, елімізде пара-каратэден секция ашып, дамытуға шешім қабылдадым. Тамыз айынан бастап бала жинап, есту қабілетінде бұзылысы бар, көру қабілетінде бұзылысы бар адамдардың қоғамдастығына бардым. Сол жылы Астанада паралимпиадалық даярлық орталығы ашылды. Сонда барып, жаттығу залын беруін сұрап, аптасына үш рет дайындауға келістім. Бірінші 40-қа жуық адам келді, 15-жастан жоғары балалар мен ересектерді жаттықтыруға кірістім. Барлығы 40-қа жуық адам жиналды. Қазір 100-ге жуық балалар, жасөспірімдер мен ересектер жаттығады. Клубта 3 бапкер бар, соның бірі – Ләззат Жүсіпова.

Менің осындай жаттығу залын ашқанымды естіп, Ләззат та жаттығуға келген. Оның бойында талант барын бірден байқадым. Ол – І топтағы мүгедек. Жол апатынан бір көзінен айырылған, екінші көзі нашар көреді. Аяғында протез бар. Жол апатынан кейін Кореяға барып, бір жыл емделіп қайтты. Кәрістер арбаға таңылған жерінен аяғынан тұрғызып, көзіне жасанды шыны қойып, екінші көзінің көру қабілетін барынша қайтаруға тырысты. Сөйтіп, оңалып, елге оралған кезі еді. Осылайша, менімен бірге жаттығып, екеуміз бірге 2018 жылы алғаш рет Әлем чемпионатында бақ сынадық. Қатысып, тәжірибе жинап қайтуды мақсат тұттық. Ләззат осы жарыстан кейін өзгеріп сала берді. Өзіне мақсат қойып, әлем чемпионатында жүлде алсам дейтін арманы пайда болды. Тынбай жаттығып, Азияның үш дүркін чемпионы атанды. Еңбексүйгіш, төзімді, жанқияр спортшы. 43 жасқа келгеніне қарамастан, әлі тың. Өйткені дұрыс тамақтанады, күн тәртібін қатаң сақтайды. Күніне екі рет жаттығады, зиянды әрекеттен бойын аулақ ұстайды. Міне, осынша жанқияр еңбек оны әлем чемпионаты тұғырына жеткізді. 

– Бір жыл бұрын Ләззаттың жамбасына ота жасатқанын естідік. Бұл жарысқа кері әсер етпеді ме? 

– Керісінше, бұдан бұрынғы әлем чемпионатында жамбастағы протезі батып ауыртып, ауруды басатын дәрі қабылдаған. Өзін жайсыз сезініп, Будапештегі бәсекеде жарысты 5 орынмен аяқтады. Рас, сол додада біздің дайындығымыз кем болды. Каратэде әлем чемпионаты Олимпиада ойындарымен тең дәрежедегі бәсеке есебінде жүреді. Сондықтан техникалық, физикалық, психологиялық түрде дайындықты талап етеді. Бұған кем дегенде 4 жыл уақыт керек. Әрине, барлығы спортшының өзіне байланысты. Ол қаншалықты тер төге алады, күресе алады бағамдаған жөн. Мысалы, Ләззат нағыз бабына келген тұста тарихи қола жүлдеге қол жеткізді. Бір жыл бұрын аяғындағы протезін ауыстырып, жарты жыл қалыпқа келу бойынша жұмыс істеді. Сөйтіп, биыл мамыр айында Ташкенттегі Азия чемпионатында бақ сынады. Артынша, қарашада әлем чемпионатында үздік үштікке кірді. Физикалық-техникалық жағдайы жақсы болды. Ал психологияға 4,5 деген баға беремін. Өйткені Ләззат финал үшін бәсекеде Египет қызына қарсылас атанды. Төреші бұра тартып, жолын кескені тағы бар. Бірақ мойымай, қоланы қанжығаға байлады. Жарыстан соң, қуанып, жылап қалды. Мен де көзіме жас алып, бұған дейін жүріп өткен жолымыз еске түсті. Қайталап айтамын, мұндай біріншілікте осал қарсылас болмайды. Спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бас қосады. Сондықтан әлем чемпионатында топ жару – кез келген спортшы үшін арман. 

– Ал алға қойған жоспарыңыз қандай? Сізді қандай сұрақ мазалайды? 

– Бапкер атанғаныма 20 жылдан астам уақыт болды. 2017 жылдан бері пара-каратэден бапкермін. Республикалық пара-каратэ федерациясын құрып, ел ішінде дамыттық. Қазір Сурдо-каратэ федерациясын құрып жатырмын. 2026 жылдан бастап есту қабілетінде бұзылысы бар балалар да каратэмен айналысып, жарысқа қатыса алады. Өмірімді спортқа, соның ішінде каратэге арнаған адаммын. Ләззат та «Елорда» клубында пара-каратэден жаттықтырушы болып жұмыс істейді. №10 мектепте көру қабілетінде бұзылысы бар балаларды жаттықтырады. Біз мүгедектігі бар балалардың кеудесінде үміт оты сөнбеуі үшін қолдан келгенді аянып қалмаймыз. 

Егер пара-каратэ Паралимпиада ойындары тізіміне кірсе, Лос-Анджелеске дайындаламыз. Жалпы, келер жылы Азия чемпионаты күтіп тұр. Оның үстіне, аталған бәсеке елімізде өтеді. Паралимпиада тізіміне енсе дейтінімнің тағы бір себебі бар. Биыл Президент спорт туралы, соның ішінде спортшылардың жол шығыны туралы жаңа заңға қол қойды. Қысқасын айтқанда, енді Олимпиада және Паралимпиада тізіміне енетін спорт түрлерін ғана мемлекет қаржы­ландырады. Яғни, пара-каратэшілер келер жылы Азия чемпионатына барғысы келсе, демеуші іздеуге мәжбүр. Осы турасында Туризм және спорт министрлігіне 20 шақты хат жаздым. Парламент пен Сенат депутаттарын жағаладым. Ешқайсысы мәселенің мән-жайын түсінгісі келмейді. Министрлік 2026 жылы қаржыландыру көзін табуға, демеуші тартуға көмектесетінін айтқан. Бізден бөлек, пара-би, пара-дойбы, пара жағажай волейболы, сурдо-армрестлинг спортшылары да шет қалды. Бірақ біз тоқтамай, ел чемпионатында, Азия чемпионаты мен әлем чемпионатында бақ сынау үшін барымызды саламыз. 

Сұхбаттасқан

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 06:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see124

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see123

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see122

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see119

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see118

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see117

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see115

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see115

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see114

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see113

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see113

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see112

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see112

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see112

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see112

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see110

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see109

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see108

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see107

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары