Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

Ала доп аламаны аяқталды

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

Мас жүргізушілер мен құқығынан айырылғандар Ақтөбе облысында рейдтер өтті

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

Өскеменде көлік аударылып, екі жасөспірім қаза тапты

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына қатысты Еңбек министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Мектеп 1 сыныпқа қабылдаудан бас тартты: ата аналар не істеуі керек?

Мектеп 1 сыныпқа қабылдаудан бас тартты: ата аналар не істеуі керек?

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астанада кейбір ата-аналар балаларын Binom мектебінің бірінші сыныбына қабылдау туралы өтініш беру кезінде бас тарту жағдайларына тап болды. Өтініштер неге қабылданбай жатқаны және бала мектепке қабылданбаған жағдайда ата-аналар не істеуі керек екені туралы Tengri Education материалынан оқыңыз.

Астанада кейбір ата-аналар балаларын Binom мектебінің бірінші сыныбына қабылдау туралы өтініш беру кезінде бас тарту жағдайларына тап болды. Өтініштер неге қабылданбай жатқаны және бала мектепке қабылданбаған жағдайда ата-аналар не істеуі керек екені туралы Tengri Education материалынан оқыңыз.

Не болды?

Редакциямызға Астананың болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары хабарласып, балаларын Binom мектептеріне қабылдаудан бас тарту туралы жауап алғандарын айтты. Олардың сөзінше, құжаттарды қабылдау басталғанға аз уақыт қалғанда олардың үйлері Әлихан Бөкейханов атындағы Binom мектебіне бекітілген аумақтан шығарылып тасталған.

"Біздің мекенжайымыз 26 мамырда, өтініштерді қабылдау басталуына санаулы күн қалғанда мектепке бекітілген аумақтан шығарылды. Баламыз Binom мектебінің даярлық сыныбына барды, сол себепті біз осы ауданға көшіп келген едік. Қазір не істерімізді білмей, баланың осы мектепте оқуын қалай жалғастыратынын түсінбей отырмыз. Бізге бас тартып жатыр. Енді қайда барарымызды да білмеймін", – деді ата-аналардың бірі.

Мұндай жағдайға басқа да көптеген ата-ана тап болған. Олардың айтуынша, мектеп округтерінің шекарасы өзгергеннен кейін өтініштері кері қайтарылып, балалары басқа мектептерге бағытталған.

Неге бұлай болды және енді не істеу керек? Пікір алу үшін біз қалалық білім басқармасына жүгіндік.

Әкімдік не деді?

Білім басқармасы "белсенді құрылыс пен оқушылар санының өсуіне" байланысты мектеп аумақтарының шекарасын жыл сайын қайта қарап отыратынын хабарлады.

Басқарма мәліметінше, Әлихан Бөкейханов атындағы Binom мектебі 4 мың оқушыға шақталған, ал ниет білдірушілер саны бұдан әлдеқайда көп. Сондықтан жаңа тұрғын үйлердің бір бөлігі енді қыркүйекте ашылатын №118 мектепке бекітілген.

"Бұл мектеп "болашақ мектебі" және 4000 оқушыға арналған", – деп нақтылады әкімдік.

Сондай-ақ ведомство оқушылар жаңа мектепке барып-қайтуы үшін тегін автобус ұйымдастырылатынын атап өтті.

Мектеп не дейді?

Мектеп өкілдері мемлекеттік білім беру тапсырысын орындап отырғандарын түсіндірді. Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ақылы даярлық курстары бар екенін нақтылады. Алайда бұл курстарды бітіру 1-сыныпқа қабылдау кезінде ешқандай жеңілдік бермейді .

"Мектепалды даярлықтың қосымша ақылы білім беру курстары баланы мектепте оқуға дайындауға бағытталған жеке білім беру қызметі. Аталған курстарға қатысу, сондай-ақ оларды сәтті аяқтау баланы 1-сыныпқа басымдықпен қабылдауға негіз болмайды және мектептен орын алуға кепілдік бермейді. 1-сыныпқа қабылдау заңнамаға, бекітілген қабылдау ережелеріне сәйкес және бос орындар болған жағдайда жүзеге асырылады", – делінген мектептің жауабында.

Оқу-ағарту министрлігі не деді?

Оқу-ағарту министрлігі жағдайға пікір білдіріп, балалар мектепке жалпы ережелер бойынша қабылданатынын хабарлады. Бірінші кезекте мектепке бекітілген аумақ пен оның сыйымдылығы ескеріледі. Баланың дайындық деңгейі маңызды емес.

Binom мектебі үшін де еліміздегі барлық мектепте ортақ бірыңғай ережелер қолданылады. Қазіргі уақытта Астанада осындай 6 мектеп жұмыс істейді. Сондай-ақ министрлік білім беру ұйымының мәртебесіне қарамастан, қазақстандық барлық мектепте бірыңғай оқу бағдарламасы қолданылатынын атап өтті.

Ведомство мәліметінше, Астанада жаңа оқу жылына Binom мектептерінің сыйымдылығын ескере отырып, 1-сыныпқа 1725 өтініш қабылданған.

"Әрбір бала мемлекет кепілдік берген тегін орта біліммен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты ата-аналармен баланың тұрғылықты жеріне жақын орналасқан мектептерді таңдау мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деп толықтырды министрліктегілер.

Дегенмен, ата-аналардың айтуынша, бас тарту туралы жауаптар басқа себептермен де келген.

Аналардың бірі былай дейді:

"Мен бәрін дайындадым – суретке түстік, клиникадан анықтамалар алдым, eGov.kz порталына тіркеліп, барлық құжатты PDF форматында жүктедім. Кешке "құжаттардың сәйкес келмеуі" деген себеппен бас тарту жауабы келді. Негізі барлық құжатым қолымда, тіркеу бойынша да бәрі дұрыс".

Бірінші сыныпқа қабылдаудан бас тартса не істеу керек?

Егер мектеп қабылдаудан бас тартса, алдымен оның себебін анықтау маңызды. Әдетте ол туралы мектеп әкімшілігі хабарлайды немесе жүйеде көрсетіледі. Көбінесе бас тарту құжаттардағы қателерге, анықтамалар топтамасының толық еместігіне немесе өтініштің бекітілген шағын учаскеден тыс жерден берілуіне байланысты болады. Мұндай жағдайларда мәселені түзетіп, өтінішті қайта беруге болады.

Егер мектепте орын толып кетсе, күту парағы жүргізіліп жатқанын және қосымша сыныптар ашу жоспарда бар-жоғын нақтылаған жөн. Тәжірибеде кейбір ата-аналар құжаттарын қайтарып алғанда немесе балаларын басқа мектепке ауыстырғанда, бос орындар кейінірек пайда болуы мүмкін.

Егер бала мектеп микроучаскесінде тұрса, бірақ нақты себепсіз немесе орын жоқтығына байланысты қабылдаудан бас тартылса, ата-аналар білім бөліміне жүгіне алады. Әдетте, онда оқуға қабылдаудың балама нұсқалары ұсынылады.

Бірінші сынып оқушысы үшін мектепті қалай таңдау керек: ата-аналарға арналған критерийлер

Көптеген ата-ана үшін мектеп таңдау нағыз сынаққа айналады. Бірі рейтингтер мен пікірлерге сүйенсе, енді бірі "мықты" мұғалімді іздейді, ал үшіншілері үйдің қасындағы мектепті жөн көреді. Тәжірибе көрсеткендей, мінсіз формула жоқ. Дегенмен, бірнеше факторға назар аудару маңызды.

Мектептің қашықтығы - ойлағаннан да маңыздырақ

Бірінші сыныпта мектептегі оқыту сапасы ғана емес, оның орналасқан жері де үлкен рөл атқарады. Тіпті қаланың екінші шетіндегі ең мықты мектептің өзі уақыт өте келе ерте тұру, жолдағы кептеліс пен баланың шаршауы салдарынан тұрақты стресс көзіне айналуы мүмкін. Сондықтан мамандар алдымен үйге жақын маңдағы жақсы мектептерді қарастырып, содан кейін ғана оқу орнының рейтингі мен беделіне назар аударуға кеңес береді.

"Топ" мектептердің бәрі бірдей бірінші сынып оқушыларына сәйкес келе бермейді

Көптеген ата-ана баласын оқу жүктемесі жоғары гимназияларға немесе лицейлерге беруге тырысады. Алайда мамандар бірінші сынып - бұл ең алдымен үлгерім үшін жарыс емес, мектепке бейімделу кезеңі екенін еске салады. Кей жағдайларда балаға үнемі бәсекелестік пен жоғары жүктемесі бар оқу орнынан көрі, атмосферасы жайлы қарапайым мектепте оқыған әлдеқайда қолайлы болуы мүмкін.

Рейтингтер - әрдайым көрсеткіш емес

Мектеп таңдау кезінде мамандар рейтингтерге ғана емес, практикалық мәселелерге де назар аударуды ұсынады: сыныптардың толымдылығы, ұзартылған күн тобының болуы, тамақтанудың ұйымдастырылуы және баланың мектепке баратын жолының қауіпсіздігі.

Бағдарлама мен жүктемеге назар аударған жөн

Әр мектептің оқыту тәсілі айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін: бірі тілдерге басымдық берсе, екіншісі математикаға немесе жобалық жұмысқа көңіл бөледі. Таңдау жасағанда мамандар ата-ана үмітін ғана емес, баланың жеке ерекшеліктерін де ескеруге кеңес береді. Кейбір балаларға тыныш әрі бірқалыпты орта жайлы болса, басқаларына, керісінше, жоғары белсенділік пен жүктеме көбірек үйлеседі.

Әдетте, көптеген ата-ана соңғы шешімді мектепке жеке барып қайтқаннан кейін қабылдайды. Ондағы атмосфераға, мұғалімдердің балалармен қарым-қатынасына, сыныптардың жай-күйіне және оқушылардың өзін қаншалықты еркін сезінетініне назар аудару маңызды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:56
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 08:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

20 Шілде 2026 10:24see133

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

21 Шілде 2026 05:01see124

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

20 Шілде 2026 17:09see123

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

20 Шілде 2026 08:04see118

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

20 Шілде 2026 16:03see116

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

20 Шілде 2026 14:24see113

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

21 Шілде 2026 16:59see110

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

20 Шілде 2026 23:54see110

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

20 Шілде 2026 08:47see109

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

21 Шілде 2026 17:16see109

Ала доп аламаны аяқталды

21 Шілде 2026 07:05see109

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

21 Шілде 2026 17:00see109

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

20 Шілде 2026 23:54see108

Мас жүргізушілер мен құқығынан айырылғандар Ақтөбе облысында рейдтер өтті

20 Шілде 2026 15:22see108

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

20 Шілде 2026 15:51see108

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

21 Шілде 2026 17:17see108

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

20 Шілде 2026 21:12see107

Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

20 Шілде 2026 17:29see106

Өскеменде көлік аударылып, екі жасөспірім қаза тапты

20 Шілде 2026 23:54see104

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына қатысты Еңбек министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

20 Шілде 2026 09:57see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары