Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мектеп оқушысы Су министрімен меморандумға қол қойды

Мектеп оқушысы Су министрімен меморандумға қол қойды

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматыдағы №79 гимназияның оқушысы Дана Қадырбек атмосфералық ауадан су өндіретін инновациялық құрылғы әзірлеп, Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлескен жұмысты көздейтін меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Су ресурстары және ирригация Министрлігі

Министр Нұржан Нұржігітов жас өнертапқыш Дана Қадырбекпен арнайы кездесу өткізіп, оның ауадан су жинауға арналған жаңа технологиясымен танысты. Оқушының ойлап тапқан құрылғысы заманауи наноматериалдарды пайдаланып, электр желісіне тәуелсіз жұмыс істейді және ауадағы ылғалды тиімді конденсациялауға мүмкіндік береді.

Кездесу нәтижесінде министрлік пен жас ғалым жобаны бірлесіп талдап, пилоттық режимде сынақтан өткізуге, ғылыми деректермен алмасуға және технологияның кең ауқымды қолданысын зерттеуге бағытталған меморандумға қол қойды.

Министр Нұржан Нұржігітов аталған жобаны жүзеге асыруға барлық жағдай жасалатынын айтып, Ғылым және инновациялық технологиялар департаментіне пилоттық енгізу жұмыстарына қолдау көрсетуді тапсырды. Ол Дана Қадырбекке алғыс хат пен сыйлық табыстап, су үнемдеу мәселесін көтерген жас таланттарды қолдаудың маңызын атап өтті.

«Дарынды жастардың су үнемдеу мәселелеріне бейжай қарамай, бірегей ғылыми жобалар әзірлеп, жүзеге асырып жүргені қуантады. Біз бұл жобаны бұрыннан бақылап келеміз. Ол су ресурстарын үнемдеуде ерекше шешім ұсынады, бұл әсіресе шалғай аймақтар үшін маңызды. Құрылғының ылғал аз кезде де атмосферадан су жинай алуы оның практикалық қолданылуын кеңейтеді. Қазіргі заманауи наноматериалдар мен күн энергиясын қолдану бұл жобаны «жасыл» инновациялардың маңызды жобасына айналдырады», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Дананың жұмысы бұған дейін халықаралық деңгейде жоғары бағаланған. Оның жобасы Оңтүстік Кореядағы WICO халықаралық көрмесінде 36 елден келген қатысушылар арасынан бірінші орын алып, Индонезиядағы YISF халықаралық жәрмеңкесінде де топ жарды. Сонымен қатар ҚазҰУ-дың ғылыми конференциясында және Kazakhstan Smart Space байқауында жүлделі болған.

Жас өнертапқыштың әзірлемесі UNIDO-мен бірлескен Global Cleantech Innovation Programme (GCIP) халықаралық бағдарламасының жартылай финалына да енген. Бұл бағдарламаға Қазақстан бойынша 500-ден астам өтініш түскен еді.

«Бүгінгі кездесу өте жақсы әсер қалдырды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің жас ғалымдарға белсенді қолдау көрсетіп жатқаны ерекше қуантады. Мұндай қолдау менің ғылыми жұмысымды әрі қарай жалғастыруыма үлкен мотивация береді. Министрдің бүгін берген тапсырмасының арқасында біз құрылғыны далалық жағдайда сынап көруге және жобаны пилоттық режимде іске асыруға мүмкіндік аламыз», деді Дана Қадырбек.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 15:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары