Мектептегі жөндеу жұмысы кезінде екі әйел 5 метр биіктіктен құлады
Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
54 жастағы қызметкер бас-ми жарақатын, аяқтарының бірнеше жерден сынуын және шұғыл ота жасауды қажет еткен ашық сынық алған. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Ал 57 жастағы әріптесіне омыртқаның кеуде және бел бөліктерінің компрессиялық сыну диагнозы қойылған. Ол травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр және оған да операция қажет.
Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Зардап шеккен бір әйелдің туысы Жанна Қапарова әлеуметтік желіде техникалық қызметкерлердің лауазымдық міндетіне кірмейтін биіктіктегі жұмыстарды орындауға мәжбүр болғанын және оған шарушалық меңгерушісі кінәлі екенін айтты.
«Зардап шеккен адамның бірі менің туған әпкем. Қазір оның омыртқасы бірнеше жерден сынып, ауруханада жатыр. Шұғыл түрде операция жасау керек. Ол жақтағы шаруашылық меңгерушісі өзіне тым көп өкілет алып, оларды осындай жұмыстарды істеуге мәжбүрлейді. Адамдардың өмірі оған бәрібір. «Не жұмыстан шығарамын, не осы жұмысты істейсіңдер» деп таңдау береді. Білім министрлігі бұл жағдайды назардан тыс қалдырмайды деп үміттенемін. Ең бастысы – әпкем аяғына тұрып кетсе екен», деп жазды Жанна Қапарова.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Әйелдердің не себепті арнайы сақтандыру құралдарынсыз және мұндай жұмысқа қажетті біліктіліксіз құрылыс ағашына шыққаны анықталатын болады», деп мәлімдеді ведомство.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:16
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 21:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















