Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Мемлекет басшысы еліміздің транспорттық жүйесін түбегейлі өзгертуде Ерлан Қарин

Мемлекет басшысы еліміздің транспорттық жүйесін түбегейлі өзгертуде Ерлан Қарин

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

"Бүгін шын мәнісінде үлкен тарихи оқиғаға куә болдық. Ақордада ұйымдастырылған телекөпір аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың рұқсатымен бірнеше стратегиялық маңызы бар жобаның құрылысы басталды. Атап айтқанда, Қызылордадан Сексеуілге дейінгі және Сексеуілден Ұлғайсынға дейінгі жолдар кеңейтіледі. Құрылысына старт берілген жобалардың ішіндегі ең маңыздысы Сексеуілден Бейнеуге дейін салынатын мүлде жаңа жол болмақ", деп жазды Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында.

Ол шынында да, "Бейнеу – Сексеуіл" жолының құрылысын бастаудың мәні зор екенін, аталған жолдың қажеттілігі жөнінде Мемлекет басшысы 2021 жылы өңірдің дамуына байланысты Ақтауда өткен жиында айтқанын еске салды.

"Содан бері тиісті есептеулер, зерттеулер, қаржы көздерін нақтылау секілді маңызды мәселелер пысықталды. Ал, міне, бүгін негізгі құрылыс жұмыстары басталды. "Бейнеу – Сексеуіл" жол құрылысының бірнеше ерекшелігі мен маңыздылығы бар.Біріншіден, жоғарыда айтқанымдай, бұл – мүлде жаңа жол. Осыған дейінгі жобалар негізінен бұрын салынған жолдарды жаңартумен, кеңейтумен шектелетін. Ал "Бейнеу – Сексеуіл" – мүлдем жол түспеген бағыт. Осылайша, Қазақстан картасында жаңа жол пайда болады. Оның үстіне, аталған жолдың жалпы ұзындығы да айтарлықтай ұзақ. Салынатын айналма жолдарды, жол бойындағы іргелес ауылдарды байланыстыратын жолдардың бәрін есептегенде жалпы ұзақтығы 800 шақырымға тең. Сондықтан, бұл біздің құрылысшылар мен жол мамандары үшін үлкен тәжірибе әрі маңызды сынақ болмақ", - дейді Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Оның айтуынша, бір жағынан Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау өңірлерін жалғайтын Арал мен Каспий арасындағы кеңістік – жол бойында елді мекендер өте сирек орналасқан әрі табиғаты да ерекше аймақ. Сол себепті, қай жағынан болса да, құрылысшыларды үлкен сынақ күтіп тұр. Екіншіден, Қазақстандағы негізгі күретамыр жолдардың бәрі кезінде оңтүстіктен солтүстікке қарай салынған. Темір жолдардың да, автомобиль жолдарының да негізгі бағыты солай құрылған.

"Ал Мемлекет басшысы еліміздің транспорттық жүйесін түбегейлі өзгертуде. Яғни, республика өңірлерін көлденеңнен байланыстыруға назар аударуда. Президент бұған дейін Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне шығатын жол құрылысын жүргізудің маңызды екенін айтқан еді. Енді, міне, Сексеуілден Бейнеуге дейінгі жолдың еліміз үшін қаншалықты үлкен мәнге ие екенін көріп отырмыз. Үшіншіден, бұл – түбекте орналасқан Маңғыстау өңірі үшін ерекше маңызы бар жоба. Осыған дейін Ақтауға жету үшін Ақтөбе, Орал, Атырау өңірлерін басып өту керек еді. Қазір Ақтөбеден Байғанин арқылы Атырауға, одан әрі Ақтауға шығатын жол бар. Бірақ, бұл соның өзінде де Ақтауға апаратын айналма жол болып есептеледі. Әрине, осының бәрі тауарлардың, азық-түліктің бағасына әсер етеді. Халықтың барыс-келісін де шектейді. Ішкі туризмнің дамуына да кедергі келтіреді. Қай жағынан болсын, жол мәселесі қиындық тудырады. Ал төте жол салынғаннан кейін оңтүстік және орталық өңірлердің шалғайдағы Маңғыстаумен байланысы айтарлықтай жеңілдейді. Тауарлардың, азық-түліктің жеткізілуіне қатысты мәселелер оң шешімін табады. Ең бастысы адамдардың бір өңірден екінші өңірге қатынауы жақсарады. Яғни, "Бейнеу – Сексеуіл" жолының экономикалық қана емес, әлеуметтік маңызы да орасан". Ерлан Қарин

Бүгін Президент салынатын жаңа жолдың облысаралық емес, аймақтық және құрылықтық (континенталдық) маңызын ескере отырып, оны "Арал-Каспий магистралі" деп атауды ұсынғанын еске салған Қарин осылайша, алғаш рет 2021 жылы Ақтауда өткен жиында бастама ретінде көтерілген, былтырғы Жолдауда айрықша маңыз берілген және Ұлттық құрылтайдың Қызылордадағы биылғы отырысында шегелеп тапсырылған Президент бастамасы нақты орындалу кезеңіне шыққанын алға тартты.

"Сөйтіп, Мемлекет басшысы осы бастамаға үнемі дем беріп отырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарихи маңызы зор бұл бастамасы елдің әлеуетін еселеп арттыратын және игілігін миллиондаған адам көретін жоба болмақ. Қазақстанның прайм эрасы басталғанын осындай өлшемдер де дәлелдеп отыр. Мемлекет басшысы Парламент палаталарының 30 маусымдағы бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде атап өткендей, Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналып келеді", деп сөзін түйіндейді ол.

Айта кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев үш стратегиялық автожолдың құрылысын бастап берді, сондай-ақ президент "Бейнеу – Сексеуіл" жолын "Арал – Каспий магистралі" деп атауды ұсынды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:65
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 22:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары