Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы қазір руханият пен мәдениетке ерекше мән беріп отыр Дәулет Кәрібек

Мемлекет басшысы қазір руханият пен мәдениетке ерекше мән беріп отыр Дәулет Кәрібек

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

25 қазан – Республика күні қарсаңында елордада Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония қабырғасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Адамзаттың бәрін сүй!» тақырыбындағы дүбірлі додаға осы жылы республикалық және халықаралық айтыстарда топ жарған 14 ақын қатысты.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Республика күні мемлекеттігіміздің жаңа шежіресі жазылған, тарихымыздың жаңа парағы ашылған еліміз үшін ең қастерлі мейрам екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір руханият пен мәдениетке ерекше мән беріп отыр. Осы бағытта қаншама жұмыстар жасалып та жатыр. Президенттің интеллектуалды ұлт құру идеясы – болашағымызды айқындайтын аса маңызды бағыт. Осы орайда, «AMANAT» партиясы да әдебиет пен руханиятқа, ұлттық өнерге, соның ішінде осы айтысқа жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өткім келеді», – деді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек.

Осы орайда, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов ведомство басшысы Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып берді.

«Айтыс – халқымыздың рухани болмысының айнасы, ғасырлардан жеткен қасиетті өнер. Оны қастерлеу, жаңа дәуірдің тынысымен қайта түлету және жас ұрпақтың санасына сіңіру – бәрімізге ортақ міндет. Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын ұлттық өнерді дәріптейтін, дәстүр сабақтастығын жалғайтын осындай іргелі жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Еліміздің игіліктері мен жетістіктері, халықтың жарқын болашағы ұлт мерейін асқақтататын ұлық мерекеге арналып отырған бүгінгі айтыстың арқауына айналып, ақындарымыздың шабыты шалқи берсін. Бабалар салған сара жолды жалғап, ел рухын асқақтатып жүрген жүйріктерге шығармашылық табыс, баршаңызға мол игілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген министрдің құттықтау хатында.

Өз кезегінде, айтыс тізгінін ұстаған Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай жыл басынан бері «AMANAT» партиясының қолдауымен түрлі деңгейдегі айтыстар ұйымдастырылып келе жатқанын атап өтті.

«Айтыс – халқымыздың мәдени мәйегі, рухани жәдігері. Сондықтан жыл өткен сайын төл өнеріміздің маңызы артып, аясы кеңейіп келеді. Мәселен, мамырда ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас штаб-пәтерінде қазақ және қырғыз ақындары топқа түскен айтыс өткізілді. «Хабар» телеарнасында қазақтың өткені мен бүгінін ұштастырған «Жекпе-жек айтыс» көрермен көзайымына айналды. Қазақстанның барлық аймағын қамтыған командалық айтыс шілдеде Ақтау қаласында түйінделді. Ал бүгінгі «Алтын домбыра» айтысы Республика күні қарсаңында тәу етер Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп, мемлекетіміздің мерейін үстем етеді деген сенімдемін», – деді ол.

Қазылар алқасының төрағасы – ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Төрағасы Жүрсін Ерман. Сондай-ақ ақындардың сөз барымтасын Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов, Қазақстанның халық ақыны, айтыс ардагері Әсия Беркенова, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай, ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мэлс Қосымбаев, айтыс ардагері, Мәдениет саласының үздігі Құдайберлі Мырзабеков бағалады.

Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені – Айбек Қалиев (Қостанай облысы) иеленді. Оған «Алтын домбыра» және пәтер табысталды. Жүлделі 1-орын және автокөлік – Бексұлтан Орынбасарға (Қызылорда облысы) бұйырды. Ал 2-орынды – Серік Қуанған (Шығыс Қазақстан облысы) және Нұрбол Жауынбаев (Ақтөбе облысы) қанжығалады. Олардың әрқайсысына 1,5 млн теңге сыйақы берілді. Бұл ретте, 3-орынды – Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда облысы) және Дидар Қами (Қарағанды облысы) өзара бөлісіп, 1 млн теңгеден иеленді.

Бұған қоса, Серік Қуанған «Айтыс ақтаңгері» атанып, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі автокөлік мінгізді. Сондай-ақ автокөлікті Нұрбол Жауынбаев (Ақтөбе облысы) тақымдады. Ал Қонысбай Әбілов атындағы арнайы жүлде мен 750 мың теңге – Нұрлан Есенқұловқа (Шымкент қаласы), Әселхан Қалыбекова атындағы арнайы жүлде мен 750 мың теңге – Әсем Ережеқызына, Ерік Асқаров атындағы жүлде мен 750 мың теңге – Дәурен Ақсақаловқа (Түркістан облысы), Көкен Шәкеев атындағы арнайы жүлде мен 750 мың теңге, пәтер және автокөлік – Сара Тоқтамысқа (Астана қаласы), ұсынылды.

Ынталандыру сыйлығы Аспанбек Шұғатайға (Павлодар облысы), Жарқын Жұпарханға (Солтүстік Қазақстан облысы), Рүстем Қайыртайға (Абай облысы) және Абай Жолмағанбетке (Маңғыстау облысы) табысталды. Әр ақынға 500 мың теңге берілді.

Айта кетейік, екі күнге созылған аламан айтысқа «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:244
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2025 11:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары