Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Мемлекет басшысының Пәкістандық The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды

Мемлекет басшысының Пәкістандық The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сұхбат 4 ақпанда Исламабадтағы қонақүйде өтті. Басылымның мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі болып саналады. Ол ең алдымен "Еститін мемлекет" тұжырымдамасының авторы ретінде белгілі. Бұл мемлекеттік басқару философиясы адамға бағытталған: азаматтардың сұраныстарын тыңдап, олардың қажеттіліктерін нақты мүмкіндіктерге, реформаларға және шешімдерге айналдыруға негізделген.

Сұхбат басында Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Шахбаз Шарифпен жақында кездескенін тілге тиек етті. Ол Пәкістан басшысының тәжірибесі мен қабілеттерін жоғары бағалады. Бұл сұхбатқа өзара сенім мен құрмет атмосферасын орнатты.

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынасқа, әсіресе, сауда-инвестициялық ынтымақтастыққа қандай баға бересіз? Нақтырақ айтқанда не күтесіз? Келешегі қандай?

– Қазақстан Пәкістанды достас ел және халықаралық қоғамдастықта беделі биік стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. 1992 жылы дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бері ортақ мүддемізге сай келетін бірқатар мәселе мен жобалар бойынша табысты әрекет етіп келеміз.

Мемлекеттеріміз ШЫҰ, ИЫҰ, АӨСШК секілді маңызды халықаралық ұйымдар аясында тығыз әрі жемісті ықпалдастықты жолға қойды. Осылайша, біз жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ орнықты дамуға үлес қосамыз.

Пәкістанға алғашқы мемлекеттік сапарым серіктестік көкжиегін кеңейтіп, өзара байланыс тарихының жаңа кезеңіне бастау болады. Сапар барысында қол қойылған 60-тан астам үкіметаралық және іскерлік келісім екіжақты ынтымақтастыққа зор серпін берері сөзсіз.

Көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен өндіріс, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да секторлар экономикалық ынтымақтастығымыздың басым бағыттары саналады.

Мен екі елдің компаниялары бірлескен кәсіпорындар құрып, тиімді жобаларды жүзеге асыра алады деп ойлаймын. Оған мүмкіндік мол.

Біз өзара сауда-саттығымызды кеңейтуге ерекше назар аударып отырмыз.

Пәкістан мен Қазақстан ынтымақтастығының басты бағыттарына тоқтала кетсеңіз

– Экономикалық ынтымақтастық және өңіраралық байланыс өзара серіктестігімізде айрықша мәнге ие. Біз ізгі саяси ерік-жігерімізді нақты экономикалық нәтижеге жету үшін жұмсағымыз келеді. Атап айтқанда, сауда-саттық пен инвестиция ауқымын кеңейтіп, халықтарымыз арасындағы байланысты жандандыруға ниеттіміз.

Өңіраралық байланыс ортақ күн тәртібіндегі негізгі тақырыптың біріне айналды. Қазақстан үшін бұл мәселе қаншалықты маңызды?

– Шын мәнінде, аймақаралық байланысты дамыту – күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселе. Бұл ретте Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан дәлізін құру жобасына үлес қосуға әзірміз. Біздің ойымызша, бұл жобаның өңірлерді байланыстырып, Оңтүстік Азия нарығына шығу тұрғысынан стратегиялық маңызы зор.

Пәкістанның осы стратегиялық бағытта елімізбен тығыз ынтымақтастық орнатуға ниетті екені қуантады. Мүдделі тараптар көлік-транзит жобаларын табысты жүзеге асыруға белсенді атсалысып, ортақ іске жұмыла кіріседі деп үміттенеміз.

———————————

Президент Дональд Трамптың ішкі саясаты

Бүгінде саясаткерлердің бәрі АҚШ-тағы жағдайды жіті бақылап отыр. Сіз Америкадағы ахуалға, нақтырақ айтқанда, Президент Дональд Трамптың ішкі саясатына қандай баға бересіз?

– Президент Трамп – өте тегеурінді әрі көреген көшбасшы. Ол елінің ұлттық мүддесін әрдайым бірінші орынға қояды. Мұны АҚШ экономикасының жоғары көрсеткіштерінен, сондай-ақ қазіргі кезде ел ішінде жүріп жатқан ауқымды реформалардан, әсіресе, әлеуметтік саладағы оң өзгерістерден аңғаруға болады.

Мен оның ақыл-парасатқа құрылған саясатын және заң үстемдігін орнатуға бағытталған әрекетін қолдаймын. Қазақстанда да осыған ұқсас бағдарды басшылыққа алып, қоғамда "Заң және тәртіп" қағидатын орнықтыруды мақсат етіп қойдық. Сонда ғана еліміз осынау алмағайып заманда іргесі мықты мемлекетке айналады.

Менің ойымша, азаматтар заңды және құқық қорғау органдарының талаптарын мүлтіксіз сақтап, оларды құрметтеуге тиіс.

Ибраһим келісімдері

Қазақстан Ибраһим келісімдеріне неліктен қосылды?

– Қазақстан бейбітшілік, тұрақтылық және халықаралық диалог қағидаттарын әрқашан берік ұстанады. Бұл ұстанымнан алдағы уақытта да айнымаймыз.

Президент Дональд Трамптың идеясымен жүзеге асқан Ибраһим келісімдері, шын мәнінде, болашаққа бағдарланған бастама.

Осы келісімге қосылу арқылы біз дипломатияның күшіне сенетінімізді тағы да растадық. Өйткені бұл кез келген қарама-қайшылықты реттеп, өңірде және жаһанда ұзақ мерзімді тұрақтылық орнатуға болатын парасатты құрал.

Қазақстанның Израильмен қарым-қатынасы жақсы. Сонымен қатар біз Палестина халқын да қолдаймыз. Екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүруіне негізделген шешімді дәйекті түрде құптаймыз.

Ұлттық мүдде тұрғысынан қарасақ, Ибраһим келісімдеріне қосылу елімізге инвестиция мен озық технологияларды тартуға, басқа да қомақты экономикалық игіліктерге кенелуге берік негіз қалайды.

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылуы араб пен еврей халықтарын қазіргіден де жақындастырып, анағұрлым кең мұсылман-яһуди диалогына ұласуға септігін тигізеді деп үміттенемін.

Бейбітшілік кеңесін құру

– Премьер-министр Шахбаз Шарифпен бірге Давоста Президент Трамп ұсынған Бейбітшілік кеңесін құру жөніндегі келісімге қол қойдыңыздар. Бейбітшілік кеңесін Біріккен Ұлттар Ұйымына балама жасау әрекеті ретінде қабылдағандар да бар. Сіз мұны қалай бағалайсыз?

Бейбітшілік кеңесі – тез әрі тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін дер шағында көтерілген аса өзекті маңызды бастама. Президент Дональд Трамптың өзі Жарғыға қол қою рәсімінде Бейбітшілік кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымын алмастыруды емес, оған демеу болуды көздейтінін ашып айтты. Өкінішке қарай, БҰҰ қазір институционалдық дағдарысты бастан кешіріп отыр.

Ерекше атап өтетін жайт, бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2803 қарарын іске асыруға ықпал етеді. Аталған қарарда бейбітшілік халықаралық легитимділік, сондай-ақ тиімді көшбасшылыққа арқа сүйеуге тиіс екені анық жазылған.

Бейбітшілік кеңесі қақтығыстарды реттеудің икемді әрі прагматикалық тетіктерін ұсынып, әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенімдімін.

——————————

Газа секторына арналған бейбіт жоспар

Газа секторында ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату жоспарына сенесіз бе?

– Арнайы өкілдер Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер ұсынған жоспар жақсы ойластырылған. Меніңше, бұл аса өршіл бастама болғанымен, оны орындауға әбден болады. Жоспардың кейбір аспектілері бейбітшілік пен өсіп-өркендеуге берік негіз қалайтын даму жобасына ұқсайды.

Алайда, қос халыққа арналған екі мемлекет құруға саяси ерік-жігер болмаса, қандай да бір жоспардың түбегейлі іске аса қоюы неғайбыл. Толассыз қантөгісті тоқтатып, қалыпты өмірге оралуға тек осындай шешім ғана түрткі бола алады.

——————————

Ресей-Украина қақтығысы

Ресей мен Украина арасындағы соғыс ұзаққа созылып кетті. Сіз өзіңізді араағайын ретінде көресіз бе?

– Расында, жағдай аса күрделі. Бұл жердегі ең басты мәселе – территориялық талас екенін түсінеміз. Қазақстан қақтығысты тек саяси, дипломатиялық амалдармен реттеуге болады деп есептейді. Қазіргі жағдайда бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы – қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөзге келістіру. Бұған кәміл сенеміз.

Қазақстан араағайын рөлін атқаруға ұмтылмайды. Алайда еліміз келіссөздерге бейтарап алаң ұсынып, жан-жақты көмектесуге дайын.

——————————

Гренландияның болашағы

Өте тәжірибелі дипломат ретінде Гренландия аумағына әскери оккупация жасалуы мүмкін деп ойлайсыз ба? Сіздің пікіріңізше, қандай сценарий шындыққа жақын?

– Мен бұл мәселеге басқа қырынан қарар едім. Халықаралық тәжірибеде мемлекеттер белгілі бір аумақты немесе стратегиялық нысанды жалға алу шартын жасаған мысалдар аз емес. Әдетте ортақ мүдде және өзара тиімді мақсатқа жету тұрғысынан осындай мәмілелер жасалады.

Бір сөзбен айтқанда, осы іспеттес кез келген шешім халықаралық құқық аясында, соның ішінде БҰҰ Жарғысында бекітілген мемлекеттің егемендігін құрметтеу секілді қағидаттарды сақтай отырып қарастырылуға тиіс.

Мәселен, Америка Құрама Штаттары мен Данияға Гренландияны 120 жылға жалдау туралы келісім жасауға болар еді. Бұл мәмілеге сәйкес, Гренландия заң жүзінде Данияның бір бөлігі болып қала береді, сәйкесінше, оның егемендік құқығы бұзылмайды. Ал практикалық уағдаластықтар стратегиялық мүдделерге сай келеді.

Тараптар өзара диалог пен жауапкершілігі зор саясатты басшылыққа алып, халықаралық құқықтан ауытқымай, түптің түбінде прагматикалық әрі екі жаққа да тиімді келісімге келеді деп үміттенемін.

Қазақстандағы Конституциялық реформа

Қазіргі кезде Қазақстанда Конституцияға енгізілетін түзетулер қызу талқыланып жатыр. Бұл өзгерістердің мәні неде?

– Ел тарихында ең елеулі саяси трансформация үдерісі жүріп жатыр. Бұл өзгерістер дамудың игілігін қоғамда әділ бөлуді мақсат етеді.

Мемлекеттің іргесін бекемдеу жолындағы барлық қам-қарекетіміз елімізді жаңғыртуға, шын мәнінде Әділетті Қазақстанның негізін қалауға бағытталған.

Қазақстан "суперпрезиденттік" модельден бас тартып, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі тиімді жұмыс істейтін президенттік республика үлгісіне өтті. Ол, ең алдымен, "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасына арқа сүйейді.

Қазір біз саяси жаңғырудың мүлдем жаңа кезеңіне қадам бастық. Конституциялық реформа аясындағы ең басты өзгерістердің қатарында бір палаталы парламентке (Құрылтай) өту, Халық Кеңесін құру және Вице-президент лауазымын енгізу секілді бастамалар бар. Адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланады. Ал ынтымақ пен бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім секілді құндылықтар мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді.

Ел дамуының басты бағдары

Қазіргі Қазақстанның стратегиялық даму векторы қандай?

– Мақсатымыз – Әділ, Қауіпсіз, Таза және Озық Қазақстан құру. Бұл ретте біз "Заң және тәртіп" қағидатын бәрінен жоғары қоямыз. Ал халқымыздың ынтымағы қастерлі құндылық ретінде қарастырылады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Орталық Азиядағы экономикасы ең ірі ел саналады. Былтыр жоғары экономикалық өсім тіркелді. Ал ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллардан асты. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемі тарихи межеге жетті.

Инвестициялық саясатымыз тұрақты, ашық әрі түсінікті іскерлік орта қалыптастыруға бағдарланған. Сонымен қатар біз таяу жылдары Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыруды көздейтін стратегиялық міндетті орындауды қолға алдық. Жасанды интеллект пен басқа да озық технологиялар белсенді енгізіліп жатыр.

Қазақстанды Еуразиядағы басты транзит хабына айналдырғымыз келеді.

Бұдан бөлек, еліміздің энергетика саласын жаппай жаңғыртуға кірістік. Бұл орайда шетелдік инвесторлармен бірлесіп ірі жобаларды іске асыра бастадық.

Бұл қадамның бәрі таңдаған жолымыздың қандай екенін көрсетеді. Мақсатымыз – әртараптандырылған, технологиялық тұрғыдан озық әрі әлемдік деңгейдегі бәсеке төтеп бере алатын экономика құру, халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 15:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары