Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2027 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктің өзі емес, заңнамада көзделген өтемақы төлемдерінің бірін жүзеге асыру тетігі өзгереді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес толық көлемде өз күшінде қалады.

Аталған өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына және азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерінің кеңеюіне байланысты енгізіліп жатыр.

"Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бастапқы кезеңінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды тек мемлекет жүзеге асырып, инвестициялық шешімдерді өзі қабылдап, олардың нәтижесіне толық жауапты болды. Осыған байланысты инвестициялық кіріс пен инфляция деңгейі арасындағы айырманы өтеу тетігі енгізілген еді. Қазіргі уақытта заңнама азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беру құқығын қарастырады. Бұған дейін бұл мүмкіндік жинақтардың 50 пайызына дейін ғана шектелген болатын". Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Ведомствоның мәліметінше, таңдау мүмкіндігінің кеңеюі салымшының зейнетақы активтерін басқару үдерісіне тікелей қатысуын білдіреді. Азаматтар енді басқарушы компанияны, инвестициялық стратегияны және өздері үшін қолайлы инвестициялық тәуекел деңгейін дербес таңдай алады. Осыған байланысты азаматтардың таңдау мүмкіндіктерін кеңейте отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу тетігі одан әрі жетілдіріліп жатыр.

Сонымен қатар зейнетақы жинақтарының сақталуы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толық қамтамасыз етіледі.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін олардың сақталуын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді табыстылыққа қол жеткізу міндеттерін басшылыққа ала отырып басқаруды жалғастырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2024-2028 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес зейнетақы активтерін басқарудың негізгі мақсаттарының бірі – ұзақ мерзімді перспективада инфляция деңгейінен жоғары табыстылықты қамтамасыз ету", – делінген хабарламада.

Инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты заңнамада қаржылық тұрақтылыққа, меншікті капиталдың жеткіліктілігіне және кәсіби тәжірибеге қойылатын талаптар белгіленген. Сонымен қатар заңнамада көзделген жағдайларда ең төменгі кірістілік деңгейіне қол жеткізілмеген жағдайда, басқарушы компания тиісті айырманы өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті.

Осылайша енгізіліп отырған өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесінің даму деңгейін, азаматтардың таңдау мүмкіндіктерінің кеңеюін және нарықтың кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін арттыруды ескере отырып, зейнетақы жинақтарын басқару тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік кепілдіктер толық көлемде сақталады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Шілде 2026 14:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары