Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Мемлекеттің цифрлық архитектурасы қалай қалыптасады: ережелер бекітілді

Мемлекеттің цифрлық архитектурасы қалай қалыптасады: ережелер бекітілді

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жоспарланатын цифрлық объект – қаржыландырылуы бюджет қаражаты, оның ішінде Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылатын, "цифрлық мемлекет" цифрлық объектілерін құру және дамыту, платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру жөніндегі жоба;

Мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру және дамыту мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

цифрлық объектілердің архитектуралық тұтастығы және эволюциялық даму қағидаты

Цифрлық жүйелер мен цифрлық платформалар мемлекеттің цифрлық инфрақұрылымының үйлесімділігін, ауқымдалуын, технологиялық орнықтылығын және кезең-кезеңімен дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай архитектуралық тәсілдер негізінде жобаланады және дамытылады.

цифрлық жүйелердің интероперабельдігі және үйлесімділігі қағидаты

Цифрлық жүйелер стандартталған интерфейстер, хаттамалар және деректер форматтары арқылы өзара іс-қимылды және деректер алмасуды қамтамасыз ете отырып, "цифрлық үкіметтің" бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастырады;

архитектуралық шешімдердің бұлттық дайындық қағидаты

Цифрлық жүйелердің архитектурасы бұлттық инфрақұрылымда орналастыру және пайдалану мүмкіндігін ескере отырып жобаланады, бұл ауқымдаудың икемділігін, істен шығуға төзімділікті және есептеу ресурстарын пайдалануды оңтайландыруды қамтамасыз етеді.

сервистік және модульдік архитектура қағидаты

Цифрлық шешімдер модульділікті, компоненттерді қайта пайдалануды, сервистердің ең аз өзара байланысын, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық көрсетілетін қызметтерді қалыптастыру үшін оларды икемді түрде құрастыру мүмкіндігін көздейтін сервистік тәсіл негізінде іске асырылады;

цифрлық деректердің басқарылуы және сапасы қағидаты

Цифрлық деректер архитектурасы деректердің тұтастығын, анықтығын, үйлесімділігін, қорғалуын және ұтымды пайдаланылуын, сондай-ақ эталондық дереккөздерді айқындауды және ақпаратты өңдеудің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етеді.

цифрлық инфрақұрылымның архитектуралық қауіпсіздігі және орнықтылығы қағидаты

Мемлекеттің цифрлық архитектурасы киберқауіпсіздік, деректерді қорғау, киберқатерлерге орнықтылық және аса маңызды цифрлық сервистердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету талаптары ескеріле отырып қалыптастырылады.

Мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыру архитектура қабаттарын мынадай ретпен дәйекті түрде құру арқылы жүзеге асырылады:

қызмет архитектурасын қалыптастыру;деректер архитектурасын қалыптастыру;цифрлық объектілер архитектурасын қалыптастыру;цифрлық инфрақұрылым архитектурасын қалыптастыру.

Мемлекеттік цифрлық архитектурасын қалыптастыру және дамыту процесі келесі кезеңдерді қамтиды:

ағымдағы мемлекеттік цифрлық архитектураны анықтау;тиісті домендер (мемлекеттік басқару салалары) бөлінісінде стратегиялық мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттерді, мемлекеттік басқару көрсеткіштерін сипаттау;мемлекеттің нысаналы цифрлық архитектурасын қалыптастыру.

Ағымдағы мемлекеттік цифрлық архитектура аясында архитектуралық-үйлестіруші орталық мемлекеттік цифрлық объектілердің архитектуралық порталында:

мемлекеттік басқарудың қызмет домендерін және олардың шеңберінде жүзеге асырылатын ерекшелікті мемлекеттік функцияларды, олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, домендерге кіретін қызмет бағыттары мен қатысушы МО-дарды көрсете отырып айқындайды және сипаттайды. Бір доменнің қатысушылары бірнеше МО болуы мүмкін. Бұл ретте бір МО "цифрлық үкіметтің" бір немесе бірнеше қызмет доменіне кіре алады;МО ұйымдық құрылымдарын, ережелерін және мемлекеттік функцияларын талдайды, нәтижелері бойынша мемлекеттік функциялар мен көрсетілетін қызметтерді тиісті домендердің (мемлекеттік басқару салаларының) функционалдық мүмкіндіктері (функциялар топтары) тізбесіне топтастырады;функционалдық мүмкіндіктер тізбесінен "цифрлық үкіметтің" функционалдық моделін қалыптастырады;

Домендік модель негізінде мемлекеттің нысаналы цифрлық архитектурасын құру мынадай қағидаттарға негізделеді:

азаматтар мен ұйымдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған клиентке бағдарланған процестер негізінде мемлекеттің цифрлық архитектурасын құру;бір доменге кіретін бірнеше билік органы шеңберінде негізгі деректердің қайталануын жою;"цифрлық мемлекеттің" негізгі (мастер) деректерін цифрлық форматқа көшіру;Архитектуралық-үйлестіруші орталық қамтамасыз ететін бірыңғай архитектуралық бақылау (қадағалау).

Мемлекеттің цифрлық архитектурасының барлық қабаттары бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін Архитектуралық-үйлестіруші орталық жұмыстардың нәтижелерін өзінің әдіснамалық қамтамасыз етуіне сәйкес цифрлық нысанда ресімдейді және келісу үшін уәкілетті органға ұсынады.

Уәкілетті орган мемлекеттің цифрлық архитектурасы жобасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей оны келіседі, дәлелді ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда келісуден бас тартады.

Архитектуралық-үйлестіруші орталық уәкілетті органның ескертулері мен ұсыныстары бойынша мемлекеттің цифрлық архитектурасы жобасын пысықтайды және оған қажетті өзгерістер енгізеді.

Архитектуралық-үйлестіруші орталықтың ескертулерді жою мерзімі уәжді бас тарту алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

Пысықталған жобаны уәкілетті органның қайта қарауы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қайта қарау кезінде бастапқы бас тартуда бұрын көрсетілмеген жаңа ескертулерді ұсынуға жол берілмейді.

Пысықталған мемлекеттің цифрлық архитектурасы архитектуралық порталда цифрлық нысанда орналастырылады.

Бұйрық 2026 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 16:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары